Эпителийдің классификациясы.Ішкі ортаның ұлпалар Дайындаған: Ағабек Ләззат Қабылдаған: Тұңғышбаева Зина



бет10/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#92773
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Ағабек Ләззат БК1 эпителий классификаиясы

Бездік эпителий Эпителий организм бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық клеткалардың қызметі – организм тіршілігіне қажет заттарды клеткаларда түзіп, олардан бөліп шығару. Бездер организмде секрет бөлу қызметін атқарады. Олардың көпшілігі – бездік эпителийдің туындысы. Бездердің көпшілігі қалыптасқан жеке органдар (мысалы, ұйқы безі, ірі сілекей бездері, қалқанша без). Басқалары органдардың бөлігі болып саналады (мысалы, асқазанның бездері). Бездер экзокриндік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет түзүші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік клеткалардан тұрады және олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және қалқаншаның қонсы бездері, бүйрек үсті бездер, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бәрі организмнің эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға яғни эпителиймен астарланған органдардың қуыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет