Эпителийдің классификациясы Эпителиалдық ұлпалардың шығу тегіне, құрылысына және атқаратын қызметіне негізделген олардың түрлі классификациясы бар. Морфологиялық классификация Эпителийдің құрылысы ерекшелігіне негізделген. Бұл классификация бойынша эпителийлерді бір қабатты және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді клеткаларының пішініне қарай жалпақ, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп ажыратады. Онто және филогенетикалық классификация Эпителийлер классификациясының бұл түрін, олардың белгілі бір ұрықтық жапырақшадан шығу тегін еске алып Н. Г. Хлопин ұсынған. Ол эпителийлердің төмендегі типтерін ажыратқан: Эктодермадан пайда болатын эпидермалық эпителий (жабындылық эпителий, тері бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей бездері); Энтодермадан дамитын энтодермалық эпителий (ішектің, бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері); Мезодермадан пайда болатын цело – нефродермалық эпителий (жыныс бездерінің, бүйректің эпителий мен мезотелий); Нерв түтігінің бастамасынан дамитын эпендимо – глиялық эпителий (эпендима); Мезенхимадан түзілетін эндотелий. Эпителийдің соңғы екі түрін зерттеушілердің көпшілігі эпителийлер қатарына жатқызбайды. Жұлын каналы мен ми қарыншаларының астары – эндотелийді дәнекер ұлпасына жатқызуды орынды деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |