Анатомия – 120 ом


Ұйқыбез, құрылысы, қызметі (шығару жолдары, бездің ішкі секреторлы бөлігі) ішастарға қатынасы



бет114/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

145.Ұйқыбез, құрылысы, қызметі (шығару жолдары, бездің ішкі секреторлы бөлігі) ішастарға қатынасы.

Ұйқыбез,pancreas,асқазанның артында ұзындау келіп,көлденең бағытта орналасқан паренхиматозды мүшесі болып келеді.Ересек адамдарда оның ұзындығы 14-18 см, қалындығы 2-3 см, салмағы 80 г,көлденең ені 3-9 см,түсі бозғылт қызыл түсті. Топографиялық орналасуына қарай 3-ке бөлінеді: басы, денесі және құйрығы.


-Ұйқыбездің басы,caput pancreatis,алдынан артына қарай қалыңдау орналасқан.Басының алдыңғы, төменгі бетінде ілмектәрізді өсінді,processus uncinatus, орналасқан. Және басы мен денесінің шектескен жерінде
тілігі incisura, бар.Ұйқы бездің басында қосымша ұйқыбез түтіктері,ductus pancreaticus accessorius, қалыптасқан,ол он екі елі ішектің кіші бүртігіне қарай ашылады.
-Денесі,corpus pancreatis,үшқырлы призматәрізді болып келеді. Ұйкыбездің 3 беті болады: олар алдыңғы беті,facies anterior,артқы беті,facies posterior,төменгі беті,facies inferior.Сонымен бірге үш жиегі бар:жоғарғы жиегі, margo superior, алдыңғы жиегі, margo anterior, және төменгі жиегі,margo inferior.
-Құйрығы,cauda pancreatis,басына қарағанда жоғары қарай бағыт алып, көкбауырдың төменгі жағында орналасқан.Ұйқыбездің құйрығы жағынан ұйқыбездің негізгі түтігі,ductus pancreaticus,басталып,мүшенің денесі мен басына солдан оңға қарай өтеді,он екі елі ішектің үлкен бүртігіне жалпы өт түтігімен қосылып ашылады.
Ұйқыбездің топографиясы:
Ұйқыбез іш қуысының жоғарғы бөлігінде, ішастардың артында орналасқан. Кіндік пен сол қабырғаастылық аймаққа тұспалас болып келеді.
Скелетопиясы: ұйқыбездің басы омыртқа бағанасының оң жағында,I-III бел омыртқаларының аралығында. Денесі I-бел омыртқаның тұсында, құйрығы ХІ-ХІІ кеуде омыртқаларының тұсында орналасқан.
Синтопиясы: артқы беті төменгі қуыс венамен, v. cava inferior, және көкетпен шектескен; төменгі беті жоғарғы шажырқайлық артериямен, a. mesenterica superior, шектеседі.
Ұйқыбездің кұрылысы.
Ұйқыбез құрылысы жағынан күрделі түтікті-ұяшықты бездерге және ішкі секреция бездеріне жатады.Өзінен бөліп шығатын сұйықтығының атқаратын қызметіне қарай аралас бездерге жатады.
Ұйқы бездің негізгі массасын ұйқыбездің бөлшегі кұрайды, ол сыртқы секреторлық кызмет атқарады. Сол бөлшектерінің арасында ұйқы бездің ішкі секреторлық, инкреторлық немесе эндокринді бөлігі «Лангерганс атты»
ұйқыбездің «аралшық аппараты» орналасады. Аппараттың кұрамында төрт жасушасы бар,олар қан мен лимфаға гормон бөледі.
Ішастармен экстраперитонеалді жағдайда жауып орналасқан.Ұйқыбездің алдыңғы бетін жауып тұратын ішастардың жоғарылаған бөлігі көкетке қарай бағыт алады,төмендеген бөлігі кері бағытта өтіп, тоқ ішектің көлденең жиек ішегін интраперитонеалді жағдайда жауып,шажырқайын, mesocolon transversum, құрап, іш қуысының артқы қабырғасы ішастардың париеталді бөлігіне жалғасып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет