143.Өтқуық. Бауыр мен өтқуықтың шығару жолдары.
Өтқуық, vesica fellea,сыртқы пішіні алмұрттәрізді, бауырдың өтқуығы шұңқырында орналаскан өттің коймасы болып саналады. Өтқуық тұбі, fundus vesicae fellae', денесі, corpus vesicae fellae; мойыны, collum vesicaefellae және түтігі, ductus cysticus ажыратылады. Өтқуықтың түтігі шүғыл иіліп, томен қарай бағытталынып, жалпы бауыр түтігімен, ductus hepaticus communis, бірігіп, жалпы өт түтігін, ductus choledochus, қүрайды. Жалпы от түтігі томен карай бағыт алып, бауыр-он екі елі ішек байламынын, ligamentum hepatoduodenale, кұрамына кіреді. Одан әрі он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінін арткы бетін жанай отіп, ұйкыбез басының түсында ұйкыбез түтігімен косылып, он екі елі ішектін үлкен бүртігіне, papilla duodeni major, ашылады. Өтқуықтың көлемі 40 —60 см, үзындығы 8 —12 см, ені 30 — 50 мм.
Өткуық кабырғалары: шырышты, шырышасты, бұлшыкеттік және сырткы дәнекер тінді кабықтан тұрады. Сырткы беті ішастармен үш жағынан жауып орналаскан. Өтқуықтың шырышты қабығының беті түкшелермен қапталған. Шырышасты негізі жақсы дамыған, ол өткуык мойнының маңында спираль катпарларды, plicae spiralii, құрайды.
144.Өттің түзілуі және өттің шығарылу жолдары.
Бауыр жасушалары арқылы түзілген өт, үздіксіз өтті бойынан өткізуші, бастапқы өттік түтікшелер, ductuli biliferi, одан әрі үлесшеаралык түтікшелер, ductuli interlobulares, сегменттік, зоналык, бөліктік түтікшелер аркылы бауырдан шығады. Бауырдан шыкқан соң, бауырдың меншікті оң және сол өт түтіктері қосылып, жалпы бауыр түтігін, ductus hepaticus communis, одан әрі өтқуықтың түтігімен, ductus cysticus, қосылып, жалпы өт түтігін, ductus choledochus, түзіп, он екі елі ішекке карай бағыт алады, он екі елі ішектін төмендеген бөлігінін ішкі капталында, ұйқыбездің түтігімен қосылып, он екі елі ішектің үлкен бүртігінің ішінде, ampulla hepatopancreatica, құрап ашылады. Өт түтігі мен ұйқыбез түтігінің қосылған жерінде, он екі елі ішектің дөнгелек бұлшықеттік қабаты өт түтігінің кысқыш бүлшықетін, т. sphinster choledochi, құрауға қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |