Эпифиз -пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Томпақ дене (ми эпифизі), corpus ріпеаіе,(epyphysis cerebri) аралық мидың эпиталамусына жатады және ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктерін бір-бірінен бөлетін жүлгеде орналасады. Томпақтың алдыңғы ұшынан оң және сол таламустың (кору төмпешіктері) медиалді беткейіне жүгеншелер, habenulae, тартылған. Томпақ дененің пішіні көбінесежұмыртқатәрізді, ересек адамда салмағы 0,2г, ұзындығы 8-15 мм, ені 6-10 мм, калындығы 4-6 мм. III қарыншаның қуысына караған томпақ дененің негізінде ойыс орналасқан. Сыртынан томпақ дене кұрамында көптеген қантамырлардың анастамоздары бар дәнекер тінді капсуламен капталған. Капсуладан мүшенің ішіне карай дәнекер тінді шарбакшалар (трабекулалар) енеді де, томпак дененің ұлпасын үлесшелерге бөледі. Ұлпаның жасушалық элементтері саны жағынан коп мамандырылған безді жасушалар — пинеалоциттер (пинеоциттер) және аздау келген глиалді жасушалар (глиоциттер). Ересек және әсіресе карт адамдардың томпақ денелерінде кұмды денелер (милы құм) кездеседі.Томпақ дененің эндокринді рөлі: оның жасушалары жыныстық жетілуге дейін гипофиз әсерін тежейтін зат бөледі және зат алмасудың көбін реттеуге катысады.
94. Қалқанша безі. Қалқанша маңы безі құрылысы қызметі Қалқанша без, glandula thyroidea, ішкі секрециялық бездердің ішіндегі ең ірі так без. Ол мойыннын алдыңғы аймағында, көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығында орналасқан. Бездің оң және сол үлестері,
lobus dexter et sinister, және қылтасы,
isthmusglandulae thyroidea, ажыратылады
Қалқанша бездің оң және сол үлестерін бір-бірімен жалғастыру-шы қылтасы, кеңірдектің II және III жартылай сақиналы шеміршегінің маңында орналасқан. Кейбір жағдайларда қалқанша без қылтасы кеңірдектін I шеміршегінің тұсында немесе жүзіктәрізді шеміршектің доғасында жатады. Кейде калканша без қылтасының мүлде болмауы жиі байқалады, мұндай жағдайда, калканша без үлестері дербес орналасады.
Қалканша бездің оң және сол үлестерінің жоғаргы полюстары көмейдің қалқанша шеміршегінің жоғаргы жиегінен кішкене төмен, ал төменгі полюстары кеңірдектің Ү-ҮІ шеміршектер деңгейіне жетеді. Қалқанша бездің артқы-бүйір беті жұткыншақтың көмей бөлігімен, өңештің бастапқы бөлігімен және жалпы ұйкы артериясының алдыңғы айналымымен жанасады.
Қалқанша без кылтасынан немесе бір үлесінен қалқанша шеміршегінің алдында орналасатын 30 % жағдайда кездесетін, пирамидалык үлес, lobus pyramidalis, тармакталады.Бұл үлестің ұшы тіласты сүйегінің денесіне жетеді.
Ересек адамдарда қалқанша бездін көлденең мөлшері 50-60 мм-ге жетеді. Қалқанша без қылтасының вертикалді мөлшері 5-15 мм-ге жуық, қалыңдығы 6-8 мм. Қалканшабездің максималді салмағы 30 жаста 25-30 г.50-55 жастан соң бездің мөлшері мен салмағы азаяды. Әйелдердің калқанша безінін
мөлшері мен салмағы ерлерге қарағанда үлкен.
Қалканша без қабырғасының құрылысы:Сыртқы, дәнекер тінді-фиброзды қабық(капсула), ол кеңірдек пен көмеймен бітіскен.
Соның әсерінен көмей кимылдағанда, қалқанша безде орнын ауыстырады. Бездің ішіне капсуладан дәнекер тінді қалқалар-шарбакшалар тармақталады, олар түйіншелерден құралған үлесшелерге бөледі. Түйіншелердің қабырғасы ішінен текше пішінді эпителиалді түйіншелік жасушалармен комкерілген, ал түйіншелердің ішінде қою сұйықтық-коллоид орналаскан. Коллоидтың кұрамында қалқанша без гормоны бар. Қалқанша бездің безшелік түйіншектік эпителийінің қызметі йодты жинау қабілетіне ие. Қалқанша без тінінде йодтың концентрациясы 300 есе көп, қан плазмасының қүрамына карағанда. Қалканша бездің қызметі нерв жүйесімен және гипофиздің алдыңғы үлесінің тиреотропты гормонымен қамтамасыз етіледі.