Анатомия – 120 ом


Простатаның эндокринді бөлігі



бет79/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

97.Простатаның эндокринді бөлігі.
Ер адамдарда аталық без -testis, әйел адамдарда аналық без -ovarium. Адам организміндегі маңызды мүшелердің бірі жыныс жасушаларының,сонымен катар екінші реттегі жыныс белгілерінің дамуына қатысатын жыныс гормонын дәнекер ұлпасына жататын сұйық зат яғни қанға бөліп отырады. Аталық бездің эндокринді бөлігінің функциясын аткаратын интерстиций деген жасушалар бар. Ол кан мен лимфа капиллярларының маңындағы ирелеңдеген шәует өзекшелерінің аралығындағы борпылдақ тәрізді дәнекер тінінде орналасқан аталық безінің интерстициалді эндокриноцитінен түзіледі (кейде Лейдиг жасушасы деп аталады).
Сондай-ақ аталык бездердің интерстициалді эндокриноциттерінен аталықтың жыныс гормоны- тестостерон бөлінеді. Ал аналық безден арнайы эстроген мен прогестерон атты жыныс гормондары түзіліп отырады. Біріншісі - эстрогеннің (немесе фолликулин) пайда болатын жері жетіліп піскен түйіншелердегі дәнді қабатында.Сонымен катар, тағы бір пайда болатын жері –осы аналык бездегі интерстициалді жасушаларында. Сондай-ақ түйіншелердің яғни фолликулалардың дамуы және интерстициалді жасушаның аса белсенділігі гипофиз безінің фолликулин мен сары дене гормонының әсер етуінен жүріп отырады.Ал сары дене гормонының овуляцияның (пісіп жетілу уақыты) басталып ары қарай дамуы және жасушалары аналык бездің екінші гормоны — прогестерон бөліп,осы аталған сары денешіктің түзіліп пайда болуына өз әсерін тигізеді.
Прогестерон әйел қынабының шырышты кабығының дамуына,сосын ұрыктанған аталық жұмыртқа жасушаларын қабылдап қалуына әсер етеді де, жаңадан түзілген түйіншелердің қарқынды өсіп кетуін тежеп отырады.

98.Нерв жүйесінің филогенезі. Нерв жүйесінің жіктелуі
Нерв жүйесі дегеніміз – адам организміндегі ағзалардың сыртқы және ішкі қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді .Ағзаларда болып жатқан жұмыстарды реттеп, бүкіл ағзалар жүйесін үйлестіріп, байланыстырып организмнің біркелкілігін қамтамасыз ететін нервілік құрылымның бірлігі.
Нерв жүйесі қызметі мен құрылысына байланысты вегатативтік және сомалық болып бөлінеді.
Соматикалық нерв жүйесі – адам организмінде тітіркендіргішті қабылдайды,сезіндіреді.жәнеде еркімізге тәуелді жиырылатын көлденең жолақты бұлшықетті, ішкі ағзалардың жіне қаңқа бұлшықеттерін тітіркендіреді.
Вегетативті нерв жүйесі – жүрек пен тамырларды иннервациялайды. Еркімізге тәуелсіз жиырылатын тегіс бұлшықеттерді нервтендіреді. Қызметтері: трофикалық және иммундық қызмет атқарады, температураны және бездер секрециясын реттейді.
Топографиясына байланысты нерв жүйесі орталық және шеткі болып екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне ми және жұлын жатады. Ал, шеткі нерв жүйесіне ми мен жұлыннан тыс орналасқан нервтік құрылымдар құрайды.
Нерв жүйесінің дамуы үш сатыға бөлінеді
Бірінші сатыда – ең қарапайым нерв жүйесі ішекқуыстыларда пайда болған. Олар торттәрізді немесе диффузиялы құрылым түзеді. Диффузиялы түйінді жүйке жүйесінде – қозу бір бағытта өтеді және рецепторлар қатар дамиды. Жасушалар бір-бірімен көптеген өсінділер арқылы байланысады.
Екінші сатыда – нерв жүйесінің түйіндік түрі пайда болды. Нерв жасушалары бірігіп түйіндер түзеді. Түйіндер бір-бірімен көлденең және бойлық орналасқан нервтер арқылы байланысады. Нерв жүйесінің түйіндік түрі омыртқасыздарға яғни сегменттің құрылымды организмдерге тән. Бойлық нервтер көршілес сегменттердің түйіндерін. Ал көлденең нервтер бір сегменттің түйіндерін байланыстырады.
Үшінші сатыда – түтікті нерв жүйесі пайда болған.Бұл нерв жүйесінің түрі адамға да тән. Нерв түтігінің тұлғалық бөлігі жұлынды түзеді. Нерв түтігінің бас жағы жуандап ми дами бастайды .
Филогенездік даму кезінде алдыңғы ми көпіршігі екі бөлікке: соңғы ми, telencephalon , және аралық миға , diencephalon, бөлінеді. Нәтижесіндесоңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми және сопақша ми көпіршіктері пайда болады. Кейінгі даму кезеңдерінде соңғы мидың дамуы басым болады да, қарапайым ми қыртысы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет