Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Терінің қызметі. Тердің құрамы



бет112/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Терінің қызметі. Тердің құрамы
Тері адам мен жануарлар ағзасының сыртқы жабыны. Ол терінің қосалқы құрылымдарымен бірге әртүрлі қызмет атқарады. Тері 3 қабаттан тұрады.
1. Сыртқы қабаты-эпидермис.
2. ортаңғы қабаты-дерма
3. Ішкі қабаты-гиподерма
1.Қорғаныс қызметі-яғни ағзаның ішкі ортасын сыртқы орта әсерлерінен сақтайды
2.тыныс алу қызметі- бұл май бездері, қан тамыр торына, жүйке өрімдеріне байланысты. Адамның терісі сыртқы орта температурасы 30 градуста цельсияда 7-9 г көмірқышқыл газын бөледі.
3. Экскрециялық қызметі- зат алмасу салдарынан түзілген шлактарды сыртқа шығарады
4. Энергия алмасуын реттеп отырады
5.Сіңіру қызметі
6.Деполық қызмет
Сонымен қатар тері сезім мүшесінің маңызды бөлімі болып саналады. Одан шыққан серпіністер ішкі ағза мүшелеріне айтарлықтай әсер етеді сондықтан осы қызметі арқылы медицинада іне шаншу емдеуі негізделген.
Сыртқы орта температурасы жайлы болғанда орташа есеппен тәулігіне 500мл тер бөлінеді. Ал ыстық цехтарда немесе камераларда 2-2.5л жетеді. Тердің көп бөлінуі гипергидрозани ,аз – гипогидрозани, болмауы –ангидрозани деп аталады. Тер аз мөлшерде үздіксіз бөлініп тұрады бірақ өте жылдам кеуіп кетеді, сондықтан тер бөлінуі кейде байқалмайды.
Тер –түссіз сұйық зат, құрамында 98-99 пайыз су, қалған 1-2 пайыз құрғақ заттар болып саналады . Олар натрий хлорид, мочевина, несеп қышқылы, креатинин, тез ұшатын май қышқылдар. Кейде қант диабеті кезінде қантта анықталады, сары ауру барысында –өт қышқылдары және түрлі дәрі лер де болады. Тердің реакциясы 3.8-6.2 тең келеді ал реакциясы 1.0001-1.0006.

Есту мүшесі. Құлақ, құрылымы.


Есту мүшесі, auris, (грекше - otos) адамда екі түрлі қызмет атқарады: дыбыс толқындарын қабылдау және адам денесінің кеңістіктегі орнын анықтау. Есту мүшесі бір-бірімен анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан тығыз байланысқан үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.
Сыртқы құлақ, auris externa, дыбыс толқындарын аулайтын және ортаңғы құлаққа қарай өткізетін құлақ қалқанынан, сыртқы дыбыс жолынан және дабыл жарғағынан тұрады.
Құлақ қалқаны, auricula, сыртқы ортадағы дыбыс толқынын жинақтап, дыбыс жолына қарай икемдейді. Құлақ қалқаны сыртқы жағынан терімен қапталған шеміршектен тұрады. Төменгі жағы май тінінен тұратын сырғалықпен аяқталады. Құлақ қалқанының сыртқы жиегін шиыршық, helix, оның ішкі жағында оған параллель жатқан ұзынша дөңесті қарсы шиыршық, anthelix, деп атайды. Шиыршықтардың ішкі жағында құлақ қалқанының ойысы болады.
Сыртқы дыбыс жолының пішіні S-тәрізді түтік, құлақ қалқанының ойысынан басталып, тереңдеп, дабыл жарғағына дейін жетіп тұйық аяқталады, оның ұзындығы 3-5 см–ге дейін болады. Ол түтік ішкі жағынан терімен астарланады. Дыбыс жолы шеміршекті және сүйекті бөліктерден тұрады. Шеміршекті бөлігінде көптеген бездер болады, ол май мен құлақ күкіртін шығарады. Осы екеуінің қосындысын құлақ шайыры деп атайды. Құлақ шайыры микробтарды жояды, яғни қорғаныстық қызмет атқарады.
Дабыл жарғағы сыртқы құлақпен ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде тәрізді, оның сыртқы беті терімен, ал ортаңғы құлаққа қараған ішкі беті шырышты қабықпен жабылған. Дабыл жарғағы өте жұқа, сондықтан оның ішкі бетіне жабысып жатқан ортаңғы құлақтың балғашық сүйекшесі көрініп тұрады.
Ортаңғы құлақ, auris media, дабыл қуысы, есту сүйекшелері мен есту түтігінен тұрады.Дабыл қуысы самай сүйегінің тасты бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс болып келеді. Дабыл қуысында үш есту сүйекшесі болады. Олар пішіндеріне сәйкес балғаша, үзенгі және төсше деп аталады. Бұл сүйекшелер бір-бірімен буынды қосылыстар жасап, дабыл қуысының қабырғасынан ішкі құлаққа дейін өзара жалғасып жатады.
Есту түтігі (евстахиев) ортаңғы құлақты жұтқыншақпен жалғастырып тұрады. Түтік сүйекті және шеміршекті бөліктерден түзілген. Ауа жұтқан кезде, осы түтік арқылы жұтқыншақтан ортаңғы құлаққа еніп, оның ішіндегі ауа қысымын сыртқы ортадағы ауа қысымымен теңестіріп тұрады. Бұл дабыл жарғағының ауа толқыны қысымынан жарылып кетуінен сақтайды.
Ішкі құлақ немесе лабиринт (auris interna) самай сүйектің тасты бөлігінің ішінде жатады. Оның озі бірінің ішінде бірі жатқан сүйекті және жарғақты лабиринттен түзілген. Бұл екеуінің аралығындағы саңылау кеңістікте және жарғақты лабиринттің ішінде лимфа сұйықтығы болады. Ол үш бөліктен түзілген, оның орталық болігін кіре - беріс, алдыңғы жағын ұлу, ал артқы болімін иірімді өзектер деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет