Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Асқазанда ас тұзы, су, глюкоза, алкоголь,дәрілік заттар,гормондар қанға өтіп аздап бойға сіңеді. Он екі елі ішекте



бет46/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Асқазанда ас тұзы, су, глюкоза, алкоголь,дәрілік заттар,гормондар қанға өтіп аздап бойға сіңеді.
Он екі елі ішекте ас қорыту үрдісі күшейе түседі, гидролиз үдейді, бірақ ыдырау өнімдерінің 5-8%-і ғана қанға сіңеді, өйткені ішек тым қысқа, химус мұнда көп кідірмей әрі қарай жылжи береді. Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді. Мұнда тағам гидролизі аяқталып, көптеген суда еритін ішек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады және олар ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Ішектің шырышты қабығының құрылысындағы ерекшеліктерге байланысты ішек түтігіндегі заттар мен оның қабырғасы беттеседі де сіңіру алаңы ұлғая түседі. Сондықтан аш (мықын) ішекті ас сіңуге бейімделген ағза деуге де болады.
Аш ішектің кілегейлі қабығында көптеген қатпарлар, бүрлер (ворсинкалар) бар. Бүр дегеніміз ішек қуысына қарай бағытталған бармақ тәрізденіп созылған кілегейлі қабықтың ұсақ катпары. Әр бүрдің қақ ортасында дәнекер тін қоршаған бір ұшы бітеу лимфа капилляры, ал оның айналасында бірнеше қан капиллярлары тарамданған, 1-2 жінішке артериола және венула болады. Ас сіңерде қоректік заттар ішек қуысынан, оның қабырғасындағы эпителийден бүр тамырларына өтеді.
Тоқ ішекте тек су және тұздың сіңірілуі жүреді.
Асқорытудың зерттеу әдістері
Асқорыту ағзаларының аурулары өте жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер адамның ішек-қарыннан таза сөл алып, оның асқорытудағы мәнін білуді арман етті. Мысалы, Рюмер адамның қарын сөлін зерттеу үшін бір кесек губканы жіпке байлап зерттелетін адамға жұтқызды, біраздан кейін губканы жіппен тартып сыртқа шығарып, оның сығындысын зерттеді.
Сонымен қатар асқорыту жүйесінің қызметін зерттеуде бірден бір тиімді әдіс И.П. Павлов ұсынған фистула қою. Фистула қою әдісі асқорыту физиологиясын жаңаша дамытуға жол ашып, бұл тарапындағы әйгілі еңбектері үшін Павловқа Нобель сыйлығы берілді.
Фистула дегеніміз- белгілі бір ағзаның қуысын немесе бездің түтігін сыртқа ортамен байланыстыратын өзек.
Казіргі заманда эндоскопия әдісі кеңінен қолданылады.
Эндоскоп құралы арқылы асқорыту мүшелеріндегі ақауды анықтауға мүмкіндік береді. УДЗ арқылы бауырдың, ұйқы безінің, өт қуығның көлемдерін анықтауға болады
компьютерлік томография (КТ), МРТ – ас қорыту мүшелеріндегі түрлі ісіктерді анықтауға мүмкіншілік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет