Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Несеп-жыныс мүшелері туралы түсінік



бет63/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Несеп-жыныс мүшелері туралы түсінік.
Адамның несеп-жыныс жүйесі екі түрлі қызмет атқаратын мүшелер тобынан: несеп мүшелері (несеп түзу және несеп шығару) мен еркек және әйелдің жыныс мүшелерінен тұрады. Құрсақ іші кезеңінде аталған мүшелер бірге дамиды да, ересек организмде кейбір мүшелер құрылымдық және қызметтік жағынан байланысын сақтап қалады.
Несеп мүшелері организмде зат алмасу нәтижесінде түзілген қалдық заттарды (тұздар, мочевина, креатинин және т.б.) сыртқа шығару қызметін атқарады. Несеп мүшелеріне бүйрек-ren (грекше – nephros), несепағар-ureter,, несеп қуығы-vesіca urіnarіa (грекше-cystos), және еркек-urethra masculіna, пен әйелдің- urethra femіnіna, несеп шығарушы өзектері жатады.


Бүйректер. Құрылысы мен топографиясы.
Бүйрек, почка, ren (грекше – nephros) несеп түзетін мүше болып табылады. Бүйректің негізгі қызметі – зат алмасудың соңғы өнімдерін организмнен шығару арқылы гомеостазды ұстау, тұз-су алмасуын, қышқыл-негізді жағдайды, қан қысымы мен эритропоэзді реттеу болып табылады. Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200г жуық, бел аймағында омыртқа бағанасының екі жағында, ХІІ кеуде және екі жоғарғы бел омыртқаларының тұсында орналасады. Бүйректердің жоғарғы шеттерінің бір-бірінен ара қашықтығы 8см, төменгі шеттерінің ара қашықтығы 11см тең болады.
Топографиясы. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда шамалы төмен орналасады. Оң бүйректің жоғарғы ұшы ХІ көкірек омыртқасының төменгі жиегі тұсына дейін жетеді; сол бүйректің жоғарғы ұшы аталған омыртқаның орта тұсында орналасады. Оң бүйректің төменгі шеті ІІІ бел омыртқасының орта тұсына сәйкес келеді де, сол бүйректің төменгі шеті осы омыртқаның жоғарғы жиегі тұсында орналасады.
Сыртқы құрылысы. Бүйрек бірнеше қабықтармен қапталады. Ол сыртынан жұқа дәнекер тінді табақша – фиброзды капсуламен, capsula fіbrosa, қапталады. Фиброзды капсуланың сыртында майлы капсуласы, capsula adіposa, болады. Ол бүйректің артқы бетінде жақсы жетіліп, бүйрекке майлы жастықша – бүйрекмаңы майлы денесін түзеді. Майлы қабықтың сыртында бүйрек шандыры, fascіa renalіs, орналасады. Бүйрек – пішіні бұршақ тәрізді, тығыз консистенциялы, қою қызыл түсті мүше. Ересек адамда бүйректің ұзындығы – 10-12см, ені – 5-6см, қалыңдығы – 4см жуық. Бүйректің дөңестеу келген алдыңғы бетін, facіes anterіor, және тегістеу келген артқы бетін, facіes posterіor, жоғарғы, polus superіor, және төменгі шеттерін, polus іnferіor, дөңестеу латералды, margo lateralіs, және ойыстау медиалды жиектерін, margo medіalіs, ажыратады. Бүйректің дөңес жиегі бүйір, ойыс жиегі медиалды орналасады. Ойыс жиегінің ортасында қан тамырлары, жүйкелер мен несепағар өтетін бүйрек қақпасы, hіlum renalіs, болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет