Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Несептің жалпы талдауының қалыпты көрсеткіші: түсі,иісі, мөлдірлігі, салыстырмалы тығыздығы, микроскопиялық көрсеткіші



бет68/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Несептің жалпы талдауының қалыпты көрсеткіші: түсі,иісі, мөлдірлігі, салыстырмалы тығыздығы, микроскопиялық көрсеткіші.


Мөлшері: 800-1500мл
Түсі: сабан түсті сары түс
Мөлдірлігі: мөлдірлеу
Салыстырмалы реакциясы: 5,5-6,5
Тығыздығы: 1008-1024
Ақуыздар: жоқ
Қант: жоқ
Билирубин: жоқ
Микроскопиялық
Лейкоцит: көру аймағында 1-2 анықталады
Эритроцит: жоқ
Шырыш: жоқ
Тұздар: жоқ
Бактерия: жоқ


Адам ағзасындағы сыртқа шығару қызметін атқаратын мүшелер және олардың қызметі.
Ағзадағы зат алмасудың соңғы өнімдерін экскреттер, ал сыртқа шығаруды жүзеге асыратын мүшелер экскреторлық немесе бөліп шығарушы мүшелер деп атаймыз.Сыртқа шығару процессі экскреция деп аталады.
Сыртқа шығару мүшелеріне бүйрек, тері, өкпе, асқазан ішек жолдары жатады. Әр қайсысының өзінің маңызды құрылымдық қызметтік ерекшеліктері бар, бірақ барлығы бір ағзадағы соңғы заттарды шлактарды сыртқа шығарып отырады. Шлактар ағзада пайдаланылмайды, сыртқа шығару мүшелері шлактарды денеден шығарып отырады.
Өкпенің сыртқа шығару процесіне қатысыуы, оның ағзадан ұшқыш заттар: көмірқышқыл газын(CO2), аммиак, ацетон және этанолды шығарумен сипатталады. Сондай-ақ суды бу күйінде тәулгіне 400 мл көлемінде бөліп шығарып отырады.
Асқорыту жолдары аз мөлшерде суды,өт қышқылын,пигменттерді, дәрі –дәрмектерді (адам дәрі -дәрмек қолданған кезде),ауыр метал тұздарын(темір,кадмий,марганец) және қорытылмай қалған ас қалдықтарын нәжіс күйінде сыртқа шығарып отырады.
Тері экскреторлық қызметін тер бездері және май бездері атқарады.Тер бездері құрамы судан тұратын тер,тұз,мочевина,несеп қышқылы және креатининді бөліп шығарады.
Бүйрек ең негізгі сыртқа шығарушы мүше болып табылады,яғни бүйрек арқылы зат алмасудың соңғы өнімдері несеп түрінде сыртқа шығарылады. Несептің құрамында мочевина, несеп қышқылы, азот қалдықтары, креатинин шлактары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет