Диурез және оның түрлері
Диурез дегеніміз несепті түзу және сыртқа шығару процесті айтамыз. Тәуліктік диурез мөлшері 800-1500 мл құрайды.
Диурездің физиологиялық түрлері:
Полиурия – бұл тәуліктік диурездің көбеюі;
Олигоурия бұл тәуліктік диурездің азаюы;
Анурия бұл диурездің болмауы.
Бұл диурездің түрлері адамның ішкен тамағының құрамына, судың мөлшеріне, қоршаған ортаның температурасына байланысты болады.
Диурездің патологиялық түрлері:
Энурез- шыжың немесе түнде несептің ұстай алмауы;
Никтурия- түнде несептің көп бөлінуі;
Ишурия- несептің ауырсынумен бөлінуі;
Протеинурия- несепте ақуыздың болуы;
Глюкозурия- несепте қанттың болуы;
Пиурия – несепте ірің болуы;
Гематурия- несепте қанның болуы;
Гемоглобинурия- несепте гемоглобин болуы.
Несептің құрамы , қасиеттері мен тәуліктік мөлшері.
Несеп бүйректе түзіледі. Ересек адамда тәулігіне 1-1,5 литр несеп түзіліп сыртқа шығарылады. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару процесі диурез деп аталады. Диурездің мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен судың мөлшеріне байланысты. Несеп қаннан түзіледі. Несеп қаннан түзілу үшін фильтрация және реабсорбция процестерінен өтеді.
Несеп физикалық қасиеті жағынан мөлдір, сарғылт, құрамында уробилин және урохром бояуларына байланысты. Дені сау адамның несебі реакциясы әлсіз сілтілі, рН 5,5-6,5. Ол - гипертониялық сұйық зат. Оның қату температурасы 1,5-2,2°С (қан 0,56-0,58°С қатады), тығыздығы 1,008-1,024. Несеп құрамында 2-4% құрғақ зат бар.Құрғақ заттар органикалық және беорганикалық болып екіге бөлінеді.
Органикалық заттарға- мочевина, несеп қышқылы, креатинин, су, аммоний тұздары, бояулар жатады. Қалыпты несепте ақуызбен қант болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |