Анатомия кафедрасы



Дата07.04.2022
өлшемі427,07 Kb.
#138294
Байланысты:
9 сабақ 3 нұсқа








«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»



Анатомия кафедрасы

Әдістемелік нұсқау

Редакция: 1

беттің ˗сі




«Стоматология» мектебінің 1 курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың тақырыбы: Жүрек-қан тамыр жүйесі. Жүректің құрылысы. Қолқа доғасы, жалпы, сыртқы, ішкі ұйқы артериялары. Бұғанаасты артериясы.
3 нұсқа.
1 тапсырма. Тест сұрақтары (бір және бірнеше дұрыс жауаптарымен).
Әр сұрақ – 5 балл. Максималды балл – 35.



  1. Жүректің бүртікті бұлшықеттері:

  1. Қарыншалар миокардының туындысы болып табылады

  2. Жүрекшенің ішкі қабырғасында орналасады

  3. Қарыншалардың ішкі бетінде орналасады

  4. Эндокард туындысы болып табылады

  5. Хордалар көмегімен жүрек қақпақтарының жармаларымен байланысады




  1. Жүректің беттері:

  1. көкеттік

  2. көкірекаралықтық

  3. төс-қабырғалық

  4. жоғарғы

  5. өкпелік




  1. Бұғанаасты артериясының сатыаралық кеңістіктегі тармағы:

  1. беткей мойын артериясы

  2. бұғанаүсті артериясы

  3. қабырға-мойын сабауы

  4. қалқанша-мойын сабауы

  5. мойынның көлденең артериясы




  1. Сыртқы ұйқы артериясының медиалды тармағы:

  1. тіл артериясы

  2. жоғарғы жақсүйек артериясы

  3. жоғарылаған көмей артериясы

  4. жоғарылаған маңдай артериясы

  5. бет артериясы




  1. Оң жалпы ұйқы артериясы шығады:

  1. Қолқа доғасынан

  2. Кеуде қолқасынан

  3. Иық˗бас сабауынан

  4. Іш қолқасынан

  5. Бұғанаасты артериясынан




  1. Сол қарыншамен қатынасады:

  1. Тәждік қойнау тесігі

  2. Оң өкпе веналарының тесіктері

  3. Қолқа тесігі

  4. Өкпе сабауының тесігі

  5. сол атрио-вентрикулалық тесік




  1. Сол жүрекшеге құятын тамырлар:

  1. мойындырық венасы

  2. жоғарғы қуыс вена

  3. қақпа венасы

  4. өкпе веналары

  5. бұғанаасты венасы



2 тапсырма. Суретте 5 қадам. 1 қадам - 7 балл. Максималды балл - 35






1 анатомиялық құрылым


2 анатомиялық құрылым


3 анатомиялық құрылым




4 анатомиялық құрылым


5 анатомиялық құрылым



3 тапсырма. Жағдайлық есептерді шешу. Дұрыс орындалған бір тапсырма - 15 балл. Максималды балл – 30.

1 тапсырма. Стоматолог науқастың 2-ші жоғарғы үлкен азу тісін жұлған кезде қан кетті.


Сұрақ: Жоғарғы азу тістерді қандай артерия қандандырады?
Жауап:

№2 тапсырма.  Таңдай бадамшасын алып тастау кезінде болуы мүмкін асқынулардың бірі ˗ қан кету.
Сұрақ: Таңдай бадамшасы қандай артерялардан қанданады?
Жауап:


Дайындаған : Искиндирова А.М.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет