Ендік белдеулер сияқты тауларда да климатқа байланысты табиғат зоналары ауысады.
Биіктік белдеулердің саны таудың географиялық орнына байланысты. Тау етегіндегі табиғат зонасы ендік зонаға сійкес келеді, ал қар сызығы тау биіктігіне байланысты.
Таулардағы табиғат зоналарының ауысуы жазықтардағымен сәйкес, тек тауларда жылдам ауысады. Сол сияқты тауларда тек тауға тән табиғат зоналары қалыптасқан – субальпілік және альпілік шалғын.