Қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу қағидалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
29.05.2015
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа
№ 417
енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу қағидалары (
бұдан әрі - Қағидалар) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау
ұйымдарында қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу тәртібін
айқындайды.
2. Қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу денсаулық сақтау
ұйымдарының қажеттілігін қанағаттандыру және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды жою кезінде жұмылдыру резервін құру мақсатында жүзеге асырылады.
3. Қанды және оның компоненттерін дайындауды, қайта өңдеуді, сақтауды, өткізуді «
Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес тиісті лицензиясы бар қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік
денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - Қан қызметі ұйымдары) жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |