31. Плазмацитаферездің түрлері (бұдан әрі - аферез) жүргізу мақсатына қарай былайша
1) өнімдік (донорлық) - қан компоненттерін кейіннен пайдалану үшін сақтау және жинау;
2) терапиялық (емдік) - ауру ағымына әсер ету мақсатында патологиялық қан компоненттерін
жинау (және алып тастау).
32. Аферез түрлері жинақтау мәніне байланысты былайша бөлінеді:
1) плазмаферез - қан плазмасын бөлу және жинау (алып тастау);
2) цитаферез - қанның жасушалық компоненттерін (тромбоциттер, эритроциттер, лейкоциттер (
лимфоциттер, гранулоциттер), перифериялық гемопоэздік жасушалар, бластоциттер, неоциттер) бөлу
және жинау (алып тастау).
Бір процедура үшін бір донордан қан компоненттерін құрамдастырылып жинау кезінде
төмендегі қанның бірден артық компонент алынады, мысалы:
1) тромбоциттер мен плазма;
2) эритроциттер мен плазма;
3) тромбоциттер мен эритроциттер;
4) тромбоциттер, эритроциттер, плазма;
5) лейкоциттер, плазма;
6) перифериялық дің жасушалары, плазма.
33. Орындау техникасы бойынша аферез жүргізу әдістері:
1) дискреттік (қолмен жасалатын);
2) аппараттық (автоматты) болып бөлінеді.
34. Аферез блогында қан қызметі ұйымдарын жарақтандыру үшін көзделген тиісті жабдықтар
мен материалдар орналастырылады.
Аферез, әсіресе аппараттық цитаферез (мультикомпоненттік) процедурасы кезіндегі болуы
мүмкін цитрат жүктемесінің профилактикасы мақсатында қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда
жылдам сіңетін ішетін түрдегі кальций глюконаты препараттары тағайындалады.
Плазма мен жасушалардың тұрақты донорларына қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жылына
бір рет теміртапшылық анемиясының профилактикасы жүргізіледі. Екі валенттік темір (темір
сульфаты) препараттарының таблетка түрлері 1-2 апта бойы тәулігіне 30-60 миллиграмм мөлшерінде
және қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес витаминдер кешендері (В тобы) тағайындалады.
35. Аферез процедурасы арнайы даярлығы бар медицина қызметкері - эксфузионист жүргізеді.
36. Дискреттік аферез қанды жинақталған трансферттік қапшықтары бар, негізінен қапшықта
CPDA-1 немесе CPD антикогуляциялайтын консерванты бар гемакондарға дайындалады.
Плазмаферез жүргізуге арналған арнайы гемакондар пайдаланылады.
Дискреттік аферез кезінде қан эксфузиясының бір реттік ең жоғары көлемі 450± 10% мл.
құрайды.
37. Осы қағидалардың 10-тармағының 1) және 2) тармақшыларына сәйкес аферез залында
донорға сәйкестендіру жүргізіледі, гемакон қаптамасының жарамдылығы тексеріледі, пробиркалар
мен гемакондарға таңбалау жүргізіледі.
38. Эксфузия алдында эксфузионист тікелей донордың барлық деректеріне қайта сәйкестендіру
жүргізеді.
39. Дискреттік аферез кезіндегі Қанның эксфузия рәсімі осы Қағидалардың 14, 15, 16-
тармақтарында және 17 тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында айқындалған
талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
40. Эксфузиядан кейін гемаконның донорлық сызығы қысқыштармен инеге жақындатып қысалады,
қысқыштың арасындағы түтік зарарсыз дайындалған қайшымен кесіледі.
Түтікті тұмшалау жүргізіледі, донордың қатысуымен тегінің, атының, әкесінің атының (бар
болған кезде) дұрыс толтырылғаны, қан тобы және таңбалау тексеріледі және консервіленген қан
құйылған гемакон центрифугалауға беріледі.
Антисептикпен екі рет тазартқаннан кейін донордың көктамырынан келетін инесі бар түтікке
мөлшері 200-500 мл 0,9% натрий хлоридіңің ерітіндісі бар қан құю жүйесі (бұдан әрі - ҚҚ)
жалғанады.
Содан кейін жгут алынады, ҚҚ жүйесінің тежегіш ролигі ашылады және басында ерітіндіні
енгізу сорғалатып ағызып, одан әрі тамшылату режимінде (минутына 60 тамшы) жүргізіледі.
Плазмаферез жүргізу үшін қанның бірінші порциясына арналған қапшығы жоқ арнайы
гемакондарды пайдаланған жағдайда донордың көктамырынан келетін түтіктен эксфузиядан кейін
вакутейнер зертханалық зерттеулерге арналған қанмен толтырылады.
41. Консервіленген қан центрифугаланғаннан және плазма бөлінгеннен кейін гемакон донорға
аутоэритроциттерді реинфузиялау үшін беріледі.
42. Аутоэритроциттерді реинфузиялау алдында донорға эксфузионист трансфузиолог дәрігердің
бақылауымен донордың паспорттық деректерін гемаконды таңбалай, сондай-ақ донорға жеке сауалнама
жүргізе отырып, қайта сәйкестендіреді.
43. Аутологиялық эритроциттер бар гемаконға кемінде 100 мл натрий хлоридінің 0,9%
ерітіндісі қосылады, гемаконның ішіндегі сұйық мұқият араластырылып, ҚҚ жүйесіне қосылады және
донорға тамшылату режимінде құйылады.
44. Екі реттік плазмаферез жүргізу кезінде қанның екінші эксфузиясы оған аутологиялық
эритроциттердің бірінші дозасын реинфузиялаудан кейін жүргізіледі.
45. Аппараттық аферез дайындаушы зауыттың нұсқаулықтарына және өндірістік регламентке
сәйкес жүргізіледі.
46. Аппараттық аферез кезінде шығыс материалдарының бір реттік жинағы пайдаланылады.
47. Аппараттық плазмацитаферез ресімінің алдында аппараттың дұрыстығы, шығыс материалы
жиынтығының бүтіндігі тексеріледі, осы Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасының талаптарына
сәйкес донорды сәйкестендіру жүргізіледі.
48. Аппараттық аферезді жүргізу үшін жақсы көрінетін кубиталдық көктамыры бар донорлар
тартылады.
49. Аппараттық аферез ресімін жүргізу донорда жанама реакциялар туындаған жағдай үшін
дәрігер-трансфузиологтың қатысуымен жүзеге асырылады.
50. Зертханалық зерттеуге қан алу жүктеуден кейін күту режиміндегі аппаратты іске
қосқанға дейін фистулдық инемен жүргізеді.
51. Аппараттық донорлық аферез ресімі көлемді толтыру мақсатында 0,9% натрий хлориді
ерітіндісінің инфузиясымен сүйемелденеді, ал терапиялық аферез кезінде 0,9% натрий хлоридінің
ерітіндісін, гидроксиэтилкрахмалды, альбуминді, жаңа мұздатылған плазманы (бұдан әрі - ЖМП)
пайдалана отырып жоғалтқан көлемнің орнын толтырудың түрлі тәсілдері пайдаланылады.
52. Аппараттық аферез әдісімен алынған плазма тез қатырғышта мұздатылады және қажет
болған жағдайда стандартты (200-250 мл) және/немесе балалар (50-100 мл) дозаларына бөлінеді.
ЖМП ілеспе құжаттармен қоса қан компоненттерін уақытша сақтау және іріктеу бөлімшесіне, ал
донордың картасы мен ілеспе құжаты бар вакутейнерлер - зертханаға беріледі.
Плазма мұздатылғанға дейін патогендерді инактивациялауға арналған платформалар
өндірушілерінің нұсқаулықтарына сәйкес патогендер белсенділігін жою ресіміне ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: