Әйелдер арасында анемиямен ауыратындары көп. Мұндай сырқатпен ауырған әйелдерде түсік тастау және босанған кезде қатты қансырау қаупі зор. Әйелдердің темір қоспасы көп тағамдарды мүмкіндігінше көбірек ішіп-жегені дурыс, әсіресе жүкті кезінде дұрыс, жақсы тамақтануға мән бергендері жөн. Жүктіліктің арасына 2-3 жыл уақыт салу әйелге күш жинап, денсаулығын нығайтып алуға мүмкіндік туғызады.ияның емдеуі: комплексті ұзақ өткізіледі. Жеңіл түрлерін үйде емдеуге болады, ал ауыр түрлері ауруханада емделеді.
Емдеу: 1. Анемияның себебін тауып, оны жою.
2. Дұрыс күн тәртібін (серуен, ұйқы) және гигиеналық күтім ұйымдастыру.
3. Рационалды тамақтандыру: баланың тамағы витамин, белок, минералдық тұздарға бай болуы керек. Баланы емшек сүтімен қоректендіріп, уақытында шырындар, қосымша тамақ беру керек. Әсіресе бала рационында темірге, кальцийге, мысқа және т.б. минералды тұздарға бай тамақтар болуы керек – алма, жұмыртқаның сарысы, сүт, бауыр, сулы жармалары, қарақат, қызылша, капуста. Бала қолдан тамақтандырылатын болса, оған айран және басқа қышқыл қоспаларды берген дұрыс.
4. Дәрі-дәрмекпен емдеу:
А) Құрамында темір бар дәрілер: темір қосылған алоэ шырыны, темір аскорбинаты, темір лактаты және т.б. Бұл дәрілер тамақтан кейін аскорбин қышқылымен бірге беріліп, артынан жидек шырындарын ішкен дұрыс. Анемияның ауыр түрлерінде дәрі парэнтеральды егіледі: феррум-ЛЕК, ферконен.
Б) А, В, С витаминдері.
В) Симптомдық емдеу.
Г) Массаж, ем физкультурасы.
Д) Ауыр түрінде консервіленген немесе тікелей қан құйылады.
Күтімі: 1. Күн тәртібін мұқият сақтау, таза ауада серуендету, терезені ашып қойып ұйықтау.
2. Уақытылы ұйықтатып, күндіз дем алдыру.
3. Бөлмедегі ауаның температурасы 20-220С болуы керек, серуенге шығарғанда жылы киіндіру керек, өйткені олар тоңғыш келеді.
4. Ауруханаға салғанда бөлек палатаға жатқызу керек.
5. Мейірімді ықыласпен күтім өткізу.