Темір жетіспеушілік анемия -ағзада темірдің жетіспеушілігімен байланысты, қан сарысуында микроэлементтердің төмендеуімен көрінетін, нәтижесінде тіндер мен қорларда гемоглобин түзілуінің бұзылысы байқалып, тіндерде гипохромды анемия, гипоксиялық және трофикалық бұзылыстарымен жүретін ауру. Темір жетіспеушілік анемия - бұл эритротциттердің және гемоглобиндердің концентрациясының төмендеуімен, темір, фоли қышқылы, витамин В12, мыс және басқада заттардың жетіспеушілігімен сипатталатын жағдай.
Анемияның барысында ауыр патологиялық жағдайлар жиі дамиды. Анемия жалпы жағдайдың төмендеуіне ғана әкеліп қоймайды, сонымен қатар, онкологиялық және инфекциялық аурулардың дамуына, қоршаған ортаның түрлі қауіпті факторлар әсерлеріне қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Анемиямен ауыратын аналардан туылған балалар гемоглобиннің мөлшері төмен болып, нәресте кезінде ауруға және өлімге шалдығу қатері жоғарлайды. Анемия нәрестелер мен балалар арасында олардың тез өсуіне байланысты темір қажеттілігінің жоғарлауы немесе ана сүті орнына қабылдайтын тағамда жеңіл сіңірілетін темірдің жетіспеушігі себебінен жиі кездеседі. Балалар ішек құрты ауруына жиі шалдығады.
Темір тапшылығын тудыратын анемия баланың психомоторлық дамуын тоқтатып, ал жасөспірімдерде нервтік дисфункцияларын тудырады. Осындай балалар мектепте нашар оқиды.
Анемияға шалдығу бала өскен сайын жоғарылап, 12-23 айлығында шегіне жетеді, сондықтан тағамдағы темірдің аз мөлшерде болуы олардың жедел түрде жүретін физикалық дамуы мен темірдің жоғары деңгейдегі қажеттілігіне сәйкес келеді.
Темір жетіспеушілік анемияның негізгі себептері: 1. Қоректік заттармен темірдің ағзаға жеткіліксіз мөлшерде түсуі;
2. Қоректік заттардың қорытылуына қатысатын бездер қызметінің бұзылуы немесе төменгі биоқұндылық;
3. Қан кетулердің кез-келген түрлері, әр түрлі инфекциялардың әсерінен, малярия, туберкулез немесе құрттардың нәтижесінде эритроциттердің бұзылуы немесе жоғалуы.
4. Эритроциттердің генетикалық ақаулары.
Анемияның клиникалық белгілері – жалпы организм әлсіздігі, тез шаршағыштық, ентігу, физикалық ауыртпалық түскен жағдайлардағы жүректің соғуы, құлақтың шулауы, көз алдының қарауытуы, көз нервісінің зақымдануына байланысты көру қабілетінің төмендеуі, гипоксия нәтижесінде бастың ауруы, ұйқысыздық.