Анемиялар. Анемия


Гемоглобиннің қалыпты мөлшері



бет5/23
Дата25.09.2022
өлшемі114,83 Kb.
#150627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
кан курамы.анемия.

Гемоглобиннің қалыпты мөлшері. Әдетте қаназдық кезінде баланың тері түсі сұрланып, ағарып, ауыз қуысының шырышты қабықшасы да, еріннің үстіңгі жағының ағарғанын байқауға болады. Баланы сондай дәрәжедегі анемияға жеткізу ол ата-ананың жауапкершілігінің жоқтығын көрсетсе, төменгі деңгейдегі қаназдық білінбейді де.
Сондықтан қан тапсырып гемоглобинді тексертіп тұру керек. Орташа гемоглобин мөлшері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Оны кестеден көре аласыздар.
Баланың организімін темірмен қамтамасыз ету үшін күнделікті жеп отырған тағамдарымыз пайдалы болып көрінгенімен, темір тапшылығы байқалып тұрады. Баланың күнделікті тағамдық қорын жеміс-жидек, көкөністермен толықтырып отыру керек.
Мысалы: әр тағамның 100 грамында неше мг. темір бар екенін есептеп көрейік: сиыр сүті — 0.05 мг, жұмыртқа — 2.5 мг, жаңғақтар- 5мг, бауырда — 10 мг, тауық еті — 1.5 мг, алма мен алмұрт — 0.9 мг, сәбіз бен қызынақ — 0.6-0.7 мг, балықта — 1 мг.
Бір жасқа дейінгі балалар ішетін сүт қоспасының құрамында қандай мөлшерде темір бар екені жазылғандықтан ол туралы бұл мақалада жазудың қажеті болмады. Ал шала туылған балаларға арналған сүтке келер болсақ, оның құрамындағы темірдің мөлшері көбірек болады. Сол сияқты, балаларға арналған дайын ботқаның құрамындағы темірдің сіңуі қиынырақ болғандықтан, мамандар ботқамен күніне бір рет қана тамақтандыруға кеңес береді. Ал, ешкі сүті құрамында темір, фолий қышқылы жоқ десе де болады. Сондықтан ешкі сүтін жиі ішіп отыратын бала анемияға шалдығуы ғажап емес. Есесіне, ешкі сүті азық-түліктерге аллергиясы бар балалар үшін таптырмас сүт болып саналады.
Балаға темір мен фолий қышқылына бай тағамдарды беру керек. Егер, балаға жастайынан жаңа піскен аскөктерді, жас көкөністерді, бауырдан жасалған тағамдарды жиі беріп отырсаңыз, бала соған дағдыланады.
Анемияны қалай емдеу керек? Темір тапшылығынан болатын қаназдықты үйде емдеу үшін неше түрлі дәрілік препараттар бар. Жалпы, қаназдық кезінде қосымша қан құю деген ой дұрыс емес. Себебі, қосымша қан құйылғанда қан құрамындағы эритроциттер бір айға ғана жарамды болғандықтан аса пайдасы жоқ. Көп қан мөлшерін жоғалтқан жағдайда ғана қосымша қан құйылады.
Анемияны жою үшін қабылдаған темір тапшылығына арналған препараттар үлкен дәретке әсер бере бастаса, басқа дәрілермен алмастыру керек. Кейде, ата-аналар дәрі орнына, мысалы, күнделікті алма т.б. беріп отырсақ орнын толтыра аламыз ба, деп те сұрап жатады. Әрине, аз ғана жетіспеушілік болса, темірге бай көкөністерді тоқтатпай берсе болады. Бірақ, жетіспеушілік көп мөлшерде болған жағдайда дәрігеріңізбен ақылдасып, балаңызға қосымша дәрілік препараттар беріңіз
Ал, енді бір ата-аналар бір айлық курсты қысқартатын темір препаратының уколын қабылдаса қалай болады екен, дейді. Ондай препараттар бар, бірақ ол ішек құрылысының жолдары бұзылған жағдайларда ғана қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет