Темір тапшылық анемиясымен күресу және алдын алу жолдары Фармакологиялық. Құрамында витаминдердің кең жинағы және микроэлементтері, оның ішінде темірі бар препараттар.
Тиімді тамақтану. Тағам рационына құрамы темірге бай заттарды, сонымен қатар темірдің сіңірілуін жоғарылататын компоненттері бар тағам өнімдерін жүйелі түрде енгізу.
Негізгі тағам өнімдерін темір қосылыстар мен витаминдер кешенімен байыту.
Жаңа туған нәрестелерде алғашқы алты айында ана сүті негізгі темір көзі болып табылады. Сәби тез өсетіндіктен оған тек қана сүт жеткіліксіз болады, сондықтан алты айдан соң қосымша тамақтандыруда тағам рационына темірге бай тағам өнімдерін енгізуге назар аударған жөн (бауыр, ет, балық, бұршақ тұқымдас немесе қосымша тамақтандыруға арналған қажетті витаминдер мен темірмен байытылған өнімдер). Алғашқы екі жас аралығында балаларға шәйдің барлық түрі мен кофе беруге болмайды. Оның орнына табиғи сусындар, шырын, кисель ішуге болады.
Салауатты өмір салтын ұстану (денені шынықтыру, табиғатпен тығыз байланыста болу, спорт үйірмелеріне бару, есірткі темекі сияқты жағымсыз әдеттерден аулақ болу.
Құрметті ата-ана! Баланың болашағына, денсаулығына жауапкершілікпен қараңыздар. Дені сау, өмірге құштар, жігерлі Отанымызды қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу бәріміздің борышымыз. Зинетова Рысгулбалалар дәрігері, Мангистау-5 БМСККО
«Қан түзгіш ағзалардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
Қан түзгіш ағзалардың аурулары: балалардың анемиясы, лейкоз 1. Қан түзгіш мүшелердің АФЕ-рі.
2. Қан көрсеткіштері.
3. Анемия, себептері, клиникасы, диагностикасы, емдеу принциптері.
4. Лейкоз, себептері, клиникасы, жалпы емдеу жоспары.
6. Қан ауруларындағы күтім, тамақтану ерекшеліктері.
Эмбрион кезінде қан түзу бауырда, көк бауырда, барлық сүйектердің жілік майында өтеді. Тұғаннан кейін қан түзу барлық сүйектердің жілік майында өтеді, ал 4 жастан кейін, тек жалпақ сүйектерде ғана: төс сүйегі, қабырғалар, омыртқалардың денесі және түтік тәрізді сүйектердің эпифиздерінде.
Баланың қанының құрамы оның жасына және денсаулығына байланысты.
Гематологиялық көрсеткіштеріне байланысты балалық шақ 3 кезеңге бөлінеді.