Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
БҚОӘББ «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚҚ
Бекітемін
ОӘЖ бойынша директордың
орынбасары
___________ А.Н.Утебаева.
«___» ____________ 2013 ж.
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қанықпаған көмірсутектер. Алкендердің
изомериясы, номенклатурасы, алынуы және қасиеттері»
Құрастырған: Г.М.Атабаева.
Орал – 2013 ж.
Қанықпаған көмірсутектер.
Алкендердің изомериясы, номенклатурасы,
алынуы және қасиеттері
ҚАНЫҚПАҒАН КӨМІРСУТЕКТЕР
Алкендер Алкадиендер
CnH2n
CnH2n-2
Алкиндер
CnH2n-2
Алкендер – молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n болатын қанықпаған көмірсутектер.
Алкендердің ең қарапайым өкілі – құрамында екі көміртек атомы бар – этилен С2Н4 Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталатындықтан, алкендер этилен қатарының көмірсутектері немесе олефиндер деп те аталады.
.
Этилен молекуласындағы көміртек атомының әрқайсысы екі сутек атомымен байланысқан және олар өзара қос байланыс арқылы жалғасқан. Алкендерде көміртек атомдары sp2 гибридтенген күйде болады.
Электрондық бұлттардың орталық байланыс сызығынан тыс, бүйірлік қаптасуы арқылы түзілген химиялық байланыс
пи-байланыс деп аталады.
Электрондық бұлттардың атом - атом байланысы осі бойында қаптасуынан түзілген химиялық байланыс сигма-байланыс деп аталады.
Затқа сутегі қосыла жүретін реакцияларды гидрлену немесе гидрогендену реакциясы деп аталады. Гидрлену реакциясын зерттеуде Дмитрий Владимирович Сокольскийдің еңбегі зор. Алкендердегі гидрогалогендеу реакциясы Владимир Васильевич Марковников ережесіне сәйкес жүреді: Бұл ереже бойынша қос байланысы бар және сутегі атомдары көбірек тіркескен көміртегі атомына сутегі қосылады, ал сутегі атомдары азырақ тіркескен көміртегі атомына галоген атомы қосылады.
Этиленді калий перманганатымен тотықтырған кезде екі атомды спирт – этиленгликоль түзіледі. Егер шартты түрде тотықтырғышты оттегімен белгілесек, онда реакция теңдеуін былай жазуға болады:
KMnO4
CH2 = CH2 +/ O/ + H2O → CH2 - CH2
| |
OH OH
Енді этиленді және метанды бромды су (бромның судағы ерітіндісі) құйылған ыдысқа жіберіп көрейік. Этиленнің әсерінен бромның қызыл қоңыр түсі тез жойылып кетеді де, метан бромды суға әсер етпейді. Демек, бұл жағдайда этилен – қаныққан көмірсутектерге қарағанда, реакциялауға өте бейім зат. Бұл қанықпаған қосылыстар үшін сапалық реакция болып табылады
20.04.17
Кузнецова О.Н.
Калий перманганаты мен бромды су қанықпаған көмірсутектерге реактив болып табылады, солардың бояуының өзгеруі бойынша қанықпаған көмірсутектің