Эссенің түрлері:
Сипаттамалық эссе
Анықтамалық эссе
Дәлелдемелік эссе
Хабарламалық эссе
Салыстырмалы эссе
Аргументтік эссе
Әдеби эссе
Эссенің құрылымы:
Кіріспе (эссенің 30% көлемі)
Негізгі бөлім (эссенің 60% көлемі)
Қорытынды (эссенің 10% көлемі)
Кіріспе –тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдардан тұрады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?» , т.б.
Тақырыпты таңдау себебі;
Тақырыптың маңызы, өзектілігі, қоғамдағы рөлі (проблемалық болмысы);
Өз позициясын таныту
Эссе тақырыбына қарап тырып сұрақ қою
Тақырыпты бірнеше тақырыпшаларға бөлуге болады.
Негізгі бөлім – таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдарды негіздеу қажет. Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді, талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибеісін де пайдалануға болады.
Кем дегенде 2 аргумент келтіру;
Әр аргументке анализ жасау (талдау, салыстыру, себебін өз көзқарасымен түсіндіру);
Аргументке қатысты ойды өз ойымен синтездеу, нәтижесін болжау;
Эссенің басында айтылған сұраққа жауап жазу;
Сөйлемдерді логикалық тәртіпке келтіру.
Қорытынды – тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстауы мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.
Тақырып бойынша дәлелді қорытындылау;
Өзіндік дербестікті сақтап, баға беру;
Суреттеп, цитатамен дәлелдеп жазу;
Ұсыныс білдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |