5 -қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.
6- қадам. Қорытынды жазыңыз.
Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?
7 -қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.
Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац пен екінші абзацтағы ой ажырап кетпеген бе? Әрбір дәлел алды4ғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.
8- қадам. Қателерді тексеріңіз.
Мәтіндегі қателерді тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, жаргондардан қашқақтаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.
Эссені бағалау өлшемдері:
- Эссе мәтіні автордың белгілі бір өзекті мәселелер бойынша ұстанымын, көзқарасын білдіруі керек.
- Эсседе кездесетін терминологияларды орынды қолдануы, білім саласында қабылданған ғылыми тұжырымдарды және тақырып бойынша заманауи тенденциялар мен проблемаларлды білуі.
- Тақырыпты ашуда автордың өзіндік ойын, көзқарасын білдіре алуы.
- Өзінің көзқарасын елдің шынайы әлеуметтік-экономикалық жағдайына, ғылыми тұжырымдарға немесе өзінің жеке тәжірибесіне сүйеніп дәлелдеуі тиіс.
- Эссе көлемі 2,5 беттен (250 сөзден) аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |