Өсімдіктері мен жануарлары: қорықтың дәрілік өсімдіктері аралий мен алтын тамыр, аю, сілеусін, бұғы, арқар, эндемик балық – мөңке, теңге.
Үстірт қорығы: Ең үлкен қорық. 1984 жыл
Орналасқан аумағы: Маңғыстау облысы
Өсімдіктері мен жануарлары: жабайы қой – муфлон, қарақұйрық, кекілік, ителгі.
Батыс Алтай қорығы: 1992 жыл
Орналасқан аумағы: Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы
Өсімдіктері мен жануарлары: қылқан жапырақты ормандар, марал оты, алтын тамыр, бұғы, аю, құндыз.
Алакөл қорығы: 1998 жыл
Орналасқан аумағы: Алматы облысы, Алакөл ауданы
Өсімдіктері мен жануарлары: аққу, реликті шағала, қаз т.б.
Барсакелмес қорығы: 1976 жыл
Орналасқан аумағы: Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігінде.
Қорықтың мақсаты – ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау.
Қаратау қорығы: 2004 жыл
Орналасқан аумағы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Хантағы елді мекені
Өсімдіктері мен жануарлары: Республикадағы саны бойынша көне жерортатеңіздік өсімдіктердің таралу жағынан І орында. Арқар, қоңыр Тянь-Шань аюы, қарақұйрық,қар барысы.
Ұлттық саябақтар
Ұлттық саябақтардың қорықтардан айырмасы – мұнда өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |