ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ФИЗИКАЛЫҚ
ГЕОГРАФИЯСЫ
АНЫҚТАМАЛЫҚ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы – ұлан-байтақ, жер бетінде де,жер қойнауында да байлығы мол, қуатты мемлекет.
Қазақстан 1920 жылы 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і (Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы) деп аталған. 1936 жылы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) құрамына он бес одақтас республиканың бірі болып кірді.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларациясын қабылдады.Содан бері 25 қазан Республика күні болып жарияланды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Содан бері 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні болып аталып келеді.
1992 жылы 6 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа рәміздері қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда Конституция (Ата заң) қабылданды.
Конституция бойынша мемлекет басшысы және ең жоғары лауазым иесі – Президент.
Қазақстан Республикасы – егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғандықтан, 1991 жылдың 21 желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД), ал 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болып қабылданды.
1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
Қазақстан Республикасы 5 экономикалық ауданға және 14 облысқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |