Анықтамалық КӨмекші қҰрал тәуелсіз Қазақстан Республикасы



бет4/31
Дата18.09.2024
өлшемі7,73 Mb.
#204573
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Қазақстанның физикалық географиясы

Қыраттар

Жалпы Сырт қыраты

Аласа таулар

Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау

Биік таулар

Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Алтай



Шөлдері

Қызылқұм (Тұран ойпатының оңтүстігінде)

Қарақұм, Үлкен және кіші Борсық құмдары (Тұран ойпатының солтүстігінде, Арал теңізі маңайында)

Батпақдала – Балқаштың Оңтүстік батысындағы ең ірі тасты шөл

Мойынқұм – Бетпақдаланың оңтүстігінде

Тауқұм және Сарыесік – Атырау құмды жазығы – Балқаш маңы

Нарын және Тайсойған құмдары-Жайық өзенінің батысында


Жазықтары

Батыс Сібір (Солтүстік Қазақстанда)

Тұран ойпаты (Оңтүстік Батыста)

Шығыс Еуропа (Батыс Қазақстанда)

Каспий маңы ойпаты (-28 метр төмен )



Аласа таулар

Таулар

Биік нүктесі

Биіктігі

Мұғалжар

Үлкен Боқтыбай

657 м

Сарыарқа немесе
Қазақтың ұсақ шоқысы

Ақсоран

1565 м

Маңғыстау

Бесшоқы немесе Қаратау

556 м



Биік таулар

Тау аты

Биік шыңы

Биіктігі

Алтай

Мұзтау (Белуха)

4506 м

Сауыр

Мұзтау

3816 м

Тарбағатай

Тастау

2992 м

Жоңғар( Жетісу Алатауы)

Солтүстігі – Бесбақан(Көкжота)
Оңтүстігі - Тышқантау

4622 м
4359 м

Тянь-Шань

Хан Тәңірі

6995 м

Қаратау

Бессаз

2176 м


  • Өгем

  • Піскем (ең ірісі)

  • Қаратау (Мыңжылқы) Бессаз-2176 м

  • Қырғыз жотасы

  • Талас Алатауы

  • Қоржын тау

  • Қазығұрт

  • Боралдай

  • Көксу

  • Майдантал

  • Сайрам

  • Ойқайың



  • Іле Алатауы (Талғар – 4941м)

  • Шу – Іле (Айтау, Желтау)

  • Кетпен немесе Ұзынқара (Небесная 3652 м)

  • Қырғыз Алатауы

  • Күнгей Алатауы



Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан,Қырғызстан шекараларының түйіскен жерінен басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі Хан Тәңірі (6995 м) орналасқан

  • Теріскей Алатауы

  • Қытайда жатыр



  • Тарбағатай (марал өсіреді)

  • Сарымсақты

  • Азутау

  • Нарын

  • Күршім

  • Сарытау

  • Асу – Сарытау (Марқакөл-1449м)

Қалжыр – Марқакөлден ағып шығып Оңтүстік Алтайдың солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Қара Ертіс аралығында жатыр



  • Үлбі

  • Үбі

  • Иванов

Биік нүктесі – Белуха.
Кенді Алтай Оңтүстік Алтайдың солтүстік-шығысында орналасқан



  • Биік нүктесі – Сарышоқы (1558м)

  • Ертістің сол жағында Сарыарқадан Шар өзені бөліп тұрады








100 г ураннан 74 млн жылда 1 г қорғасын түзіледі, ал гелий ұшып кетеді.

Жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтарына қарап зерттейді.


Геохронологиялық кесте
Геохронологиялық кесте 1900 жылы геологиялық конгресте бекітілді
Тектоника – жер қыртысының қозғалысы мен өзгерісін зерттейтін ғылым



Эралар



Дәуірлер



Тау жасалу,қатпарлық



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ ЖАСАЛУЫ



Кайнозой

Төрттік немесе
антропогендік
Неогендік
Палеогендік

Альпі


Неогенде Қазақстан жері біртұтас құрлыққа айналды. Альпі тау түзілу кезінде Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань (екінші рет) көтерілді



Мезозой

Бор
Юра
Триас

Мезозой


Теңіз тек Батыс Қазақстанды басып жатқан, бірде-бір тау түзілісі болмаған



Палеозой

Пермь
Тас көмір
Д евон
Силур
Ордовик
Кембрий

Герцин

Каледон


Герцинде Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның шығысы, Мұғалжар.

Каледонда Сарыарқаның солтүстік-батысы, Тянь-Шаньның солтүстік тау жүйелері құрылды



Протерозой



Байкал

Республика жерін бұл кезде тұтас теңіз суы басып жатты. Батыста ғана Шығыс Еуропа плитасының шағын аймағы қалыптасты



Архей



Жер сілкіну және сейсмикалық аудандар

  • Жер сілкінуді зерттейтін ғылым саласы – сейсмология деп аталады.

  • Жер сілкіну кезіндегі болатын толқынның күші Рихтер шкаласымен өлшейді.

  • Адамдар мен құрылыстардың шеккен зардап мөлшері Меркалли шкаласымен өлшенеді.

  • Қазақстандағы жер сілкіністерін зерттейтін алғашқы сеймикалық станциялар:

  • 1927 жылы – Алматыда

  • 1932 жылы – Шымкентте

  • 1934 жылы – Семейде құрылды.

  • Ең күшті жер сілкінулер: 1920 ж, 1807 ж, 1878 ж, 1887 ж, 1911 ж

  • Республикада 1971 – 1976 ж.ж геофизикалық обсерватория құрылды.

Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалар
Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларға бай, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.Республикамызда 6000- нан астам пайдалы қазба кен орындары бар.
Пайдалы қазба кен орындары үш топқа бөлінеді.




Мұнай
Газ
көмір

Қара және түсті металдар

Ас тұзы
Фосфор
Асбест






Мұнай

  • Мұнайдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған.

  • Ең алғаш мұнай Қарашүңгілде 1899 жылы табылды.

  • 1911 жылы Доссорда мұнай фонтаны атқылады.

  • 1915 жылы Мақат кен орны пайдалануға берілді.

  • Өзен мен Жетібай мұнайы 1250 – 2500 м тереңдіктен өндіріледі.

  • Құлсары мұнайы 50 – 2400 м тереңдіктен өндіріледі.



Кен орындары:
Қарашүңгіл
Доссор
Мақат Атырау облысы
Құлсары
Теңіз


Қаламқас
Өзен (1960) Маңғыстау облысы
Жетібай
Құмкөл – Оңтүстік Торғай/Қызылорда блысы
Қарашығанақ – Батыс Қазақстан облысы
Қазақстан мұнай мен газ конденсатының барланған қоры бойынша дүниежүзінде 12 орында
Көмір

  • Еліміз көмір өндіруден дүниежүзінде сегізінші, ал ТМД – да Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады.

  • Көмірдің республика аумағындағы жалпы қоры 176,6 млрд тонна.

  • Кокс – таскөмірді жоғары температурада ауа жібермей қыздырудың нәтижесінде алынатын отын түрі.

  • Қазақстанда Қарағанды, Екібастұз, Торғай (Обаған) ірі көмір алаптары бар.

  • Қарағанды аумағынан алғаш рет көмірді 1831 жылы қойшы бала Аппақ Байжанов тапқан.

  • Қарағанды көмір алабына – Абай, Шахта, Шахан т.б көмір кен орындары кіреді.

  • Екібастұз көмір алабы маңызы жағынан екінші орында.

  • Екібастұз көмірін алғаш рет 1867 жылы Қасым Пішенбаев ашқан.

  • Екібастұз еліміздегі ең арзан көмір өндіретін алап

  • Көмір Қазақстанда 1833 жылы табылған.10 алап, 300 кен орны бар.

  • Қарағанды - көмірінің сапасы жоғары, 100 % кокстеледі, күлі аз, қалыңдығы 1,5 – 15 м, тереңдігі – 300 м.

  • Екібастұз – ашық әдіспен алынатын арзан көмір, жаққанда күлі көп, сапасы төмен.Дүние жүзіне әйгілі «Богатырь» (Алып) кен орны бар. ЖЭС-та пайдаланылады.

  • Кендірлік – Сауыр жотасында орналасқан. Жылына 140 млн .т. көмір өндіреді.



Көмір кен орындары:
1. Қаражыра – Шығыс Қазақстан 6. Баянауыл – Солтүстік Қазақстан
2. Қарағанды – Қарағанды облысы 7. Сауыр – Кендірлік
3. Абай – Қарағанды облысы 8. Шымкент – Ленгрлік
4. Павлодар – Солтүстік Қазақстан 9. Обаған – Қарағанды
5. Екібастұз – Солтүстік Қазақстан 10. Құсмұрын – Қостанай



Рудалы пайдалы қазбалар

Хром – Дөң мен Кемпірсай (Ақтөбе), Хромның қоры жөнінен еліміз ТМД елдерінде 1-орында.
Темір және боксит – Торғай (Қостанай)
Марганец – Атасу,Жезді, Қаражал, Жезқазған (Орталық Қазақстан)
Алтын – Майқайың (Павлодар), Степняк, Ақбейіт, Бестөбе,Васильков, Жолымбет (Ақмола)
Қорғасын-мырыш – Қаратау мен Текелі
Темір – Аят, Лисаков, Қашар, Соколов және Сарыбай (Қостанай),
Сарыбай кен орнын 1948 жылы ұшқыш М.Сургутанов анықтады.
Мыс – Қоңырат пен Саяқ (Балқаш), Жыланды мен Николаев (Жезқазған)
Боксит (алюминийдің шикізаты) – Қостанай олысындағы Батыс Торғай және Орталық Торғай
Полиметалл – Риддер, Зырян (Шығыс Қазақстан), Текелі, Ащысай, Мырғалымсай



Кен орындары:
Фосфорит – Шолақтау, Ақсай, Жаңатас (Қаратау), Алға, Қандыағаш (Ақтөбе)
Тұз – Каспий маңы ойпаты, Арал, Балқаш көлдері маңы.
Асбест – Жітіқара, Жезқазған, Бөгетсай, Хантау


Қазақстанның климаты
Ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын белгілі бір
типтерін климат деп атайды


  • Еліміздің климаты шұғыл континентті.

  • Қазақстан қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр.





Күн радияциясы



Күн радияциясы дегеніміз – күн сәулесінің жер бетіне келіп түскен жарығы мен жылуы .
Күн радияциясының жер бетіне таралуы географиялық ендікке байланысты.




Рж = Рт + Рш



Циклон (грекшеден аударғанда – ұйытқыған деген сөз)- атмосфераның қысымы төмен аймағы.
Циклон жиі болатын тропиктік аймақтарда өте күшті сұрапыл дауылдар жиі болып, адамдардың өміріне қауіпті жағдай туғызады, нөсер жаңбыр жауады.
Антициклон – атмосфераның қысымы жоғары аймағы.
Антициклондағы ауа сағат тілі бағытымен қозғалады, ондағы жел баяу соғады, ал оның ішкі жақтарында тіпті тымық болып тұрады.
Ауа массаларының аралығындағы өтпелі аймақтар атмосфералық фронт немесе фронттар деп аталады. Егер жылы ауа салқын ауа жағына қарай ауысса, күн жылынады да, мұндай фронтты жылы фронт деп атайды. Салқын ауа массасы жылы ауаны ығыстырып, ілгерілегенде, фронт өтетін жердің ауа райы салқындайды. Сондықтан оны суық фронт деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет