Жем өзені – Мұғалжартауынан басталып, Каспий теңізіне құяды, қар суымен қоректенеді.
Сырдария – еліміздегі ең лайлы өзен.Жалпы ұзындығы 2212 км, оның 1400 километрі құмды аңғармен ағып өтеді.
Өзен эрозиясы – ағын судың тау жыныстарын шайып алып кетуі.
Шу – сағасы жоқ, құмға сіңіп кететін өзен.
Іле – Тянь-Шань тауы мен Жетісу Алатауынан басталып Балқашқа құятын тау өзендерінің ішіндегі ең ірісі. Іле – ұзындығы жағынан Қазақстандағы үшінші өзен. Оның жалпы ұзындығы 1439 км, республика жеріндегі ұзындығы 815 км. Іле өзені бойынан Қапшағай су қоймасы салынған.
Республиканың жазық бөлігінің өзендерін қоректенуіне қарай қар-жаңбырсуымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөледі.
Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері – Есіл, Тобыл.
Қар суымен қоректенетін өзендер типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері – Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады.
Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенетін типіне жатады. Олар: Сырдария, Іле, Қаратал, Ертіс өзендері.
Қазақстанның көлдері
Каспий теңізі
Суға толған табиғи ойысты көл деп атайды.
Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық тұзды көл. Айдыны өте үлкен болғандықтан теңіз деп аталады. Теңіздің су деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Каспий теңізінің қазақстан жеріндегі бөлігі онша терең емес (200-300 м), ең терең жері оңтүстік бөлігінде – 1025 м. Теңіз солтүстктен оңтүстікке қарай 1200 км созылып жатыр. Орташа ені 320 км.
Каспий теңізі 1978 жылдан бастап көтерілді.
Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған.
Теңіз порттары: Ақтау, Ералиев, Баутино және ең батыстағы порт – Шевченко.
Каспий теңізі Қазақстан, Ресей, Түркіменстан, Иран және Әзірбайжан мемлекеттерімен шектеседі.