Анықтамалық КӨмекші қҰрал тәуелсіз Қазақстан Республикасы


Жем өзені – Мұғалжар тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды, қар суымен қоректенеді. Сырдария



бет7/31
Дата18.09.2024
өлшемі7,73 Mb.
#204573
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
Қазақстанның физикалық географиясы

Жем өзені – Мұғалжар тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды, қар суымен қоректенеді.

  • Сырдария – еліміздегі ең лайлы өзен.Жалпы ұзындығы 2212 км, оның 1400 километрі құмды аңғармен ағып өтеді.

  • Өзен эрозиясы – ағын судың тау жыныстарын шайып алып кетуі.

  • Шу – сағасы жоқ, құмға сіңіп кететін өзен.

  • Іле – Тянь-Шань тауы мен Жетісу Алатауынан басталып Балқашқа құятын тау өзендерінің ішіндегі ең ірісі. Іле – ұзындығы жағынан Қазақстандағы үшінші өзен. Оның жалпы ұзындығы 1439 км, республика жеріндегі ұзындығы 815 км. Іле өзені бойынан Қапшағай су қоймасы салынған.

    Өзендердің қоректенуі

    • Республиканың жазық бөлігінің өзендерін қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөледі.

    • Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері – Есіл, Тобыл.

    • Қар суымен қоректенетін өзендер типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері – Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады.

    • Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенетін типіне жатады. Олар: Сырдария, Іле, Қаратал, Ертіс өзендері.


    Қазақстанның көлдері


    Каспий теңізі

    • Суға толған табиғи ойысты көл деп атайды.

    • Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық тұзды көл. Айдыны өте үлкен болғандықтан теңіз деп аталады. Теңіздің су деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Каспий теңізінің қазақстан жеріндегі бөлігі онша терең емес (200-300 м), ең терең жері оңтүстік бөлігінде – 1025 м. Теңіз солтүстктен оңтүстікке қарай 1200 км созылып жатыр. Орташа ені 320 км.

    Каспий теңізі 1978 жылдан бастап көтерілді.
    Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған.
    Теңіз порттары: Ақтау, Ералиев, Баутино және ең батыстағы порт – Шевченко.
    Каспий теңізі Қазақстан, Ресей, Түркіменстан, Иран және Әзірбайжан мемлекеттерімен шектеседі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет