Анықтамалық КӨмекші қҰрал тәуелсіз Қазақстан Республикасы



бет8/31
Дата18.09.2024
өлшемі7,73 Mb.
#204573
түріАнықтамалық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
Қазақстанның физикалық географиясы

Арал теңізі

  • Арал –Тұран тақтасының үстінде орналасқан тұйық көл. Көлемі жағынан екінші орын алады. Дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биікте орналасқан. Антропогендік жолмен Аралдың суы тартылды. Сырдария 1974 жылдан, Әмудария 1982 жылдан мүлем сарқылды. Возрождение аралында ұзақ уақыт КСРО- ның бактериологиялық қаруын сынау алаңы болған.

1994 жылы Орта Азия мемлекеттері Аралды құтқару қорын ұйымдастырды.
1992 жылы Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экологиялық аймағының басшылығымен бірінші рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды.
1998 жылы Амстердамда 22 мемлекет қатысқан «Қоршаған орта және балалар» проблемасына арналған Халықаралық конгресте Арал балаларының денсаулығы мәселелері қаралды.
Барсакелмес қорығынан құландар Алматы маңындағы Қапшағай қорықшасына көшірілді.


Балқаш

  • Балқаш –Қазақстандағы ауданы жағынан Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі үшінші көл.

Теңіз деңгейінен биіктігі – 342 м, ең терең жері – 27 м.
Балқаш көлі Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Оларды 21 км – ге көлге сұғына кірген Сарыесік түбегі бөліп жатыр.
Ірі аралдары – Басарал, Тасарал.
Көл суының 75% ын Іле өзені береді.
Балқаштың соңғы жолбарысы 1948 жылы Іле атырауынан атылып алынған.
Балқашта ондатр жерсіндіріліп , өсіріледі.

  • Балқашқа құятын 7 өзен:

  • Іле

  • Қаратал

  • Ақсу

  • Көксу

  • Лепсі

  • Аягөз

  • Тентек

  • Қазақстанның басты қалдық көлдері – Каспий мен Арал теңіздері.

  • Тектоникалық көлдер – Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз, Қорғалжың т.б.



Суқоймалар



  • Суқойма дегеніміз – өзендерде бөген салу арқылы су толтырған соң оны әрі қарай пайдалану мақсатында жасалатын жасанды су айдыны.Еліміздегі ең ірі су бөгені – Ертіс өзеніндегі Бұқтырма бөгені. Көлемі жағынан Іле өзеніндегі Қапшағай бөгені екінші орын алады. Сырдария өзені бойында Шардара бөгені салынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет