Топырақ зоналары
Қара топырақты зона
Қара қоңыр топырақты эона
зона
Қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона
520 с.е. солүстігінде
25,5 млн га- 9,5%
520 – 480 c.е. аралығы
90,6 млн га – 34%
480 c.е. оңтүстігінде
120 млн га – 44%
Солтүстікте қарашіріктің қалыңдығы – 75 см.
Дала зонасында - 9%
Шөлейт зонасында – 2 – 3%
Шөл зонасында – солтүстігінде -2,5%, оңтүстігінде – 1,0-1,2%
Табиғат зоналары бойынша топырақ түрлері:
Орманды дала – орманның сұр және қара топырағы. Дала – қара және қызыл қоңыр топырақ.
Шөлейт –ашық қызғылт. Шөл – қызғылт сары.Оңтүстігі – сұр қоңыр, солтүстігі – ашық қызғылт.
Қазақстан аумағын табиғи аудандастыру
Қазақстанды физикалық географиялық тұрғыдан алғаш рет 1913 жылы академик Л.С. Берг аудандастырған.
Б.А. Федорович басқарған ғалымдар тобы 1970 жылы Қазақстан аумағын 8 табиғи аудандарға бөлді.
1
| |
2
| |
3
| |
4
| |
5
|
Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы)
|
6
| |
7
|
Жетісу Алатауы – Сауыр-Тарбағатай өлкесі
|
8
| |
Қазақстанның табиғат зоналары
Табиғат зоналары ауа райы, жер бедері мен географиялық орнына байланысты қалыптасады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді.
Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады.
Биік таулы аудандарда зоналар биіктікке байланысты ауысып отырады, оны биіктік зоналылық немесе биіктік белделер деп атайды.
Табиғат зоналары
Табиғат зоналары
|
климаты
|
топырағы
|
өсімдіктері
|
жануарлары
|
Орманды дала
(өтпелі зона)
7 %
|
Орташа температурасы:
Қаңтарда -190 С
Шілде +180С;
+ 190С
Жауын-шашын мөлшері 300-400 мм
Ірі өзендері; Есіл мен Тобыл.
|
Орманның сұр топырағы, қара топырақ.Қарашірік қабатының қалыңдығы 18-25 см. Құнарлы қабатының қалыңдығы 75 см-ге жетеді.
|
Қайың, көктерек, шілік
|
Ақ қоян, ақкіс, су егеуқұйрығы, құлан, түлкі, қасқыр, елік, сұр қоян. Құстардан- құр, ақ кекілік, ителгі, кезқұйрық, бүркіт т.б.
|
Дала
(негізгі зона)
20 %
|
Орташа температурасы:
Қаңтарда -160 С; -180 С, кей күндері -480С,-500С
Шілде +200С;
+ 240С
Жауын-шашын мөлшері 300 мм
Ірі өзендері; Жайық, Есіл, Тобыл, Нұра, Ертіс
|
Қара, қызыл топырақ, қызыл қоңыр.
Қарашірік қабатының шіріндісі 6%
Дала зонасының қара топырағының 62% - ына, қызғылт қоңыр топырағының 33% - на дәнді дақыл егіледі.
|
Дәрілігі: жанаргүл,
итмұрын, шайшөп, валериан.Түймедақ, жусан, меңдуана т.б.
Боз, бетеге, бидайық, арпабас және көпжылдық астық тұқымдастар
|
Сарышұнақ,суыр, қосаяқ, қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ.
Құстардан дуадақ, безгелдек,ақбас тырна, бозторғай,дала бүркіті
Ең ірі құс-дуадақ-16 кг
|
Шөлейт
(өтпелі зона)
23 %
|
Орташа температурасы:
Қаңтарда -150 С; -170 С, кей күндері -500С
Шілде +260С; кей күндері + 430С
Жауын-шашын мөлшері 250 мм
Ірі өзендері; Ойыл, Жем,Торғай,Сарысу,
Аягөз
|
Қызғылт топырақ. Құрамындағы қарашірігі әлдеқайда аз.
|
Жусан, селеу, бетеге, изен, ебелек, жыңғыл,теріскен, түймедақ.
Шөлейттегі әсем жазира – Қызыл Арай сілімі (оазис)
|
Сарышұнақ, секіргіш қосаяқ, эверсман аламаны, ақбөкен, қарақұйрық. Сарыбауыр жылан, сұр жылан, қалқан тұмсық жылан және кесірткенің бірнеше түрі.
|
Шөл
(негізгі зона)
40 %
|
Орташа температурасы:
Қаңтарда -50 С; -150 С, кей күндері -500С
Шілде +400С; құм бетінде + 700С
Жауын-шашын мөлшері 200 мм
Бұл өңірден басталатын өзен жоқ.
|
Солтүстігінде қоңыр топырақ, құнарлы қабаты 25-30 см. Оңтүстігінде сұр топырақ
|
Ақ және қара сексеуіл, жүзген, құмқараған, қияқ, селеу, еркекшөп және дермене.
|
Кемірушілер, шаян, бүйі, қарақұрт, ақбөкен, қарақұйрық.Құм сарышұнағы мен құм тасбақасы және т.б бауырымен жорғалаушылар.
|
Қазақстан аумағының табиғи аудандары
Шығыс Еуропа жазығы дүниежүзіндегі аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстан жеріне Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі ғана еніп жатыр. Шығыс Еуропа жазығы шығысында Мұғалжар тауымен,оңтүстік –шығысында Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі.
Шығыс Еуропа жазығына Жалпы Сырт, Елек, Жайық, Жем өзендері кіреді. Жер бедерінің көпшілік бөлігін Нарын, Тайсойған, Каспий маңы Қарақұмы алып жатыр.
Батыс Сібір жазығы – Еуразия материгіндегі ірі жазықтардың бірі. Қазақстан жеріне Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі ғана кіреді.Ол республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігіндеОрал тауының шығыс жағынанАлтай тауына дейінЕртіс өзені бойында созылып жатыр.Оңтүстігінде Сарыарқа орналасқан. Батыс Сібір жазығы жер беті суына бай.Ірі өзендері- Ертіс, Есіл, Тобыл. Көлдердің ішіндегі ірілері – Сілетітеңіз, Құсмұрын, Шағалалытеңіз, Теке, Қызылқақ, жалаулы т.б.
Тұран жазығы (кейде ойпаты деп те аталады) – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан үлкен жазық. Қазақстан жеріне Тұран ойпатының солтүстік бөлігі ғана кіреді. Тұран жазығы Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан. Солтүстігінде Мұғалжар және Оңтүстік Орал, Торғай үстіртін, солтүстік –шығысында Сарыарқа және Тянь-Шань тауының етегін, ал батысында Каспий теңізіне дейінгі алқапты алып жатыр. Солтүстігінде Торғай қақпасы арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады. Қазақстан жерінде Тұран ойпатын Сырдария өзені екіге бөледі. Сырдарияның оңтүстігінде Қызылқұм, солтүстігінде Үлкен және Кіші Борсық, Арал бойындағы Қарақұм шөлдері орналасқан. Тұран жазығы - Қазақстандағы ең ыстық аймақ. Ең үлкен өзендері – Сырдария мен Әмудария.
Үстірт – Арал теңізінің батысынан Маңғыстау түбегін қоса алып жатқан дөңес жер. Үстірттің солтүстік-батыс бөлігі ғана Қазақстан жеріне қарайды, қалғаны Қарақалпақ жерінде. Оның жан-жағының бәрі тік жарлы жарқабақтармен шектелген.Үстіртте тұщы су жоқтың қасы, халық өте сирек тұрады. Оңтүстік –батыстан солтүстік-шығысқа дейін 600 км-гесозылып жатыр, ені 300-400 км, ауданы 200 км2. Ең биік жері Мұзбел (341 м) Тұран ойпатында орналасқан.
Торғай үстірті - Тұран ойпатының солтүстігінде жатыр. Үстірттің орталығында солтүстіктен-оңтүстікке созылып жатқан ойыс – Торғай қолаты бар, оны Торғай бұғазы немесе Торғай қақпасы деп те атайды. Ол Батыс Сібір жазығын Тұран ойпатымен жалғастырады. Жерінің 25 пайызы егістікке жарамды.
Жем үстірті немесе Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауының аралығында жатыр. Солтүстігінде Жалпы сырттың оңтүстік бөлігімен жалғасады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп төмендейді. Жем үстіртінен Жем, Сағыз, Ойыл өзендері бастау алады.
Жалпы сырт Орал тауының батысында Еділ (Волга) өзенімен екі ортада жатқан таулы қырат.Қазақстан жеріне оңтүстік бөлігі ғана кіреді. Жалпы сырттың биік жері Ресей аумағында.
Бетпақдала Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан шөлейтті өңір. Ол батысында Сарысу өзенінен бастап, шығысында Балқаш көліне дейін , солүстіктен оңтүстікке Шу өзенінің аңғарына дейін созылып жатыр. Ең биік жері – Жамбыл тауы (974 м). Жер бетінде ағын су жоқтың қасы, сор немесе ащы, тұзды көлдер кездеседі. Жер асты суының өте мол қоры бар.
|