Сарыарқа республикамыздың орталық және шығыс бөлігін алып жатыр. Жер бедерінің сыртқы көрінісіне қарап , кейде оны Қазақтың ұсақ шоқысы деп те атайды. Сарыарқа солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан басталып, оңтүстігінде Бетпақдала мен Балқаш көліне дейін, батысында Торғай үстіртінен басталып, шығысында Тарбағатай тауы мен Зайсан көлдеріне дейін созылып жатыр.Жалпы ауданы 1 млн.км2 шамасында. Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсораң тауы (1565 м) Қарқаралы тау жүйесінде орналасқан.Қарқаралының ең биік жері – Қызыларай (1159 м). Өзендері – Есіл,Нұра, Сарысу, Шідерті, Сілеті, Тоқырау қар суымен қорланады.
Орал тауы
Қазақстан жеріне Орал тауының тек оңтүстік бөлігі ғана кіреді.Мұғалжар тауы Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы болып табылады.Орал тауы герцин тау түзілу кезінде қалыптасқан.Ең биік жері – Үлкен Боқтыбай (657 м).Орал тауының геологиялық құрылысы күрделі. Осы тау арқылы Еуропа мен Азия материгінің арасындағы суайрық сызығы өтеді.
Алтай тауы
Алтай тауы – солтүстік батысында Батыс Сібір жазығымен, оңтүстік –шығысында Гоби шөліне дейінгі аралықта жатқан ірі тау жүйесі. Алтай таулы өлкесінің Қазақстанға оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Алтай тау жүйесі герцин тау түзілісі кезінде пайда болған. Алтай тауын Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады. Алтайдың ең биік шыңы Қатын жотасындағы Мұзтау (Белуха 4506 м). Алтайдың қазақ жеріндегі бөлігінде өзендер көп. Басты өзендері Ертіс жыне оның салалары: Бұқтырма, Оба, Үлбі, Күршім, Нарын. Алтай көлдерге де бай. Ең ірілері – Зайсан, Марқакөл көлдері.
Сауыр тауы
Сауыр-Тарбағатай Сарыарқаның шығыс жақ жалғасы. Сауыр тауы герцин тау түзілісі кезінде пайда болған. Ең биік жері – Мұзтау (3816 м).Сауыр тауынан Зайсан көліне құятын бірнеше өзендер бастау алады.
Тарбағатай
Тарбағатай тауы Сауырға қарағанда аласарақ, бірақ едәуір ұзын.Оның ең биік нүктесі Тастау тауы. Биіктігі 2992 м. Тарбағатай герцин тау түзілу кезінде пайда болған.