Ауа райының қолайсыз құбылыстары
Ауа райының қолайсыз құбылыстары бұл: найзағай, бұршақ, көктайғақ, тұман, боран, құрғақшылық. Егіншілік үшін аса зиян құбылыс – құрғақшылық, ал мал шаруашылығы үшін – көктайғақ.
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхиты алабы және ішкі тұйық көлдер
алабына жатады.
Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мың өзен , 48 мың көл бар.
Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 өзен бар.
Олар: 1. Ертіс
2. Есіл
3. Тобыл
4. Жайық
5. Сырдария
6. Іле
7. Шу
Ертіс - Монғол Алтайынан басталып Қара Ертіс деген атпен Зайсанға құяды. Кеме қатынасына қолайлы. Жалпы ұзындығы – 4248 м, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 км. Ертіс өзені бойында Бұқтырма су қоймасы салынған. Ертістен Ақсу қаласының маңында Қарағандыға канал тартылған, ұзындығы 490 км.Канал құрылысы 1962 жылы басталып, 1974 жылы іске қосылды. Өскемен қаласынан төменірек тұста Ертіске Үлбі мен Үбі өзендері келіп қосылады. Ертіс өзеніне республика жерінен тыс ірі екі сала келіп құяды. Олар – Есіл мен Тобыл өзендері. Есіл мен Тобыл өзендері Ертістің сол жақ салалары болып табылады. Бұқтырма өзені - Ертістің оң жақ саласы. Есілдің бойында Астана қаласы орналасқан. Есіл өзені Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Нияз тауынан басталады. Есілдің ұзындығы 1450 км. Тобыл – Оңтүстік Оралдың шығыс беткейінен басталады. Тобылдың ұзындығы – 1591 км.
Су шығыны – белгілі бір уақыт ішінде өзеннің көлденең қимасы арқылы ағып шыққан судың мөлшері.
Жайық өзені - Шығыс Еуропаның ең ірі өзені .Жайық – Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды, қар суымен қоректенеді. Сол саласы – Елек, оң саласы- Шаған өзендері. Екі дүние бөлігін бөледі. Өзеннің жалпы ұзындығы 2428 км, оның 1082 километрі қазақ жері арқылы өтеді. Бұл өзенде ең бағалы бекіре балығы уылдырық шашады.
Достарыңызбен бөлісу: |