Анықтамалық КӨмекші қҰрал тәуелсіз Қазақстан Республикасы



бет5/31
Дата18.09.2024
өлшемі7,73 Mb.
#204573
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Қазақстанның физикалық географиясы

Желдер


Ебі желі – Жетісу Алатауының оңтүстік –шығысында Қытыйда орналасқан Ебінұр көлі қазаншұңқырында, жоғары қысым пайда болғанда соғады.Қазақстан аумағындағы Алакөл көліне қарай соғады. Жоңғар қақпасы арқылы Алакөлді басып өтіп Балқашқа дейін жетеді. Ебі желін алғаш рет сипттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов.
Сайқан желі – Ебі желіне кері бағытта, Сібір антициклонының Алакөл ойысы арқылы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа, Орталық Азияға қарай соғатын күшті жел. Сайқан желін тұрғылықты халықтар «шайтан» желі деп атайды.
Арыстанды-Қарабас желі – Қаратау жотасы арқылы солтүстік –шығыстан оңтүстік-батысқа қарай Арыстанды өзені бойын қуалай соғады.
Қордай желі – Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғатын жел.
Мұғалжар желіМұғалжар тауынан соғады, әсері Маңқыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде байқалады.



Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралуы

Еліміздің аумағында жауын-шашынның таралуы ауаның температурасына, атмосфера циркуляциясына, жер бедеріне тығыз байланысты.


Республикамызда жауын-шашынның ең аз түсетін жері (100 мм шамасында) – Балқаш көлі жағалауы мен Арал теңізі маңындағы Қарақұм өңірі. Жауын –шашынның ең көп жауатын жері Алтай тауының батыс беткейі (1500 мм-ден артық жауады).



  • Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды:

Ж
К = Б
К – ылғалдану коэффициенті
Ж – жылдық жауын-шашын мөлшері
Б – булану мөлшері
Егер: К 1- жеткілікті
К 1- ылғал жеткіліксіз, суармалы егіншілікті қажет етеді.
К = 1- жеткілікті

  • Оңтүстікте вегетациялық мерзім – 180-185 күн

  • Солтүстікте вегетациялық кезең – 130-135 күн





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет