Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Жобаның бас ландшафтысының сәулетшісі



бет115/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126

Жобаның бас ландшафтысының сәулетшісі



Лауазымдық міндеттері. Ландшафтық архитектура объектілерін жобалау үрдісіне жетекшілік етеді, олардың құрылысы мен пайдалануға беру кезінде авторлық қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Жоба алдында табиғи-климаттық және инженерлік-құрылыс жағдайларын зерттеу және бағалау, іздену жұмыстарынан, қала құрылысының жағдайын, сонымен қатар жобаланатын объектінің аумағында ландшафтық талдау жүргізу жұмыстарынан тұратын кешенді жетекшілікке алады. Ландшафтық архитектураның, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдана отырып, сонымен қатар алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибелерді талдап, қорытындылай келе жобалық-сметалық құжаттар мен жобалық шешімдердің сапасын мен үнемділігін қамтамасыз етеді. Тапсырыс берушілерге ғылыми-техникалық өнімді жасау (беру) келісімшартына отыру үшін мәліметтерді дайындайды, сонымен бірге келісім бағасын дәлелдейді және келісімшартқа отырады. Қала құрылысының, табиғи, экологиялық және эстетикалық жағдайларды, сонымен қатар ландшафтық архитектураның жобаланатын объектісі территориясының функционалдық міндетін ескере отырып құрылыс алаңын (трассасын) таңдау кезінде комиссия жұмысына қатысады. Нақты қала мен елді мекендердің территориясын дамытудың бас жоспарларын құруға ат салысады. Ландшафтық архитектура объектісінің жобалық-сметалық құжатын жасауды ұйымдастырады. Ландшафтық архитектураның жеке объектілері бойынша ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық және технологиялық жұмыстарын кешендік жоспарлық-графиктік түрде атқаруды ұйымдастыруға қатысады. Жобаны әзірлеушілердің саны мен құрамы жөніндегі ұсынысты дайындайды, олардың арасында жоба бөлімі бойынша тапсырмаларды, атқарылатын жұмыстың көлемі мен құнын үлестіреді. Өздері тапсыратын жұмысты атқаратын мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдармен келісімшартқа отырады, оларға тапсырмалар беріп, қажет мәліметтерді береді. Ландшафтық архитектураның объектісін жобалау үрдісіне қатысатын барлық қызметкерлердің жұмысты орындауын қадағалайды. Ландшафтық жобалау жұмысын жүргізу барысында қолданылатын әзірленген жобалық-сметалық құжаттың мемлекеттік стандарттарға, нормаларға, ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Қабылданатын архитектуралық және ландшафтық-жобалық шешімдердің техникалық деңгейін бақылайды, патенттік тазалықты және жасалатын жоба алғаш қолданылатын технологиялық процестердің, конструкциялардың, материалдардың патентке ие болуын қамтамасыз етеді. Әзірленген жобаны сараптаманың жоғарғы ұйымдары мен органдары алдында қорғауды өткізеді. Жобалық-сметалық құжатты талқылауға және оны тапсырыс берушілер мен мердігерлік ұйымдар арасында бекітуге қатысады. Ландшафтық архитектура объектісін жобалау процесінде пайда болатын жобалық-сметалық құжатты түзету, сонымен бірге бекітілген сметаның шығынын есепке алу жөніндегі мәселелерді шешеді. Жұмыс құжатына жаңа нормативтік құжаттармен байланысты өзгерістер енгенде, сонымен қатар ландшафтық архитектураның құны, құрылыс мерзімі мен пайдалануға беру кезеңі өзгерген кезде жоба ұйымының жетекшісі мен тапсырыс берушіге ұсыныс дайындайды. Заңдық күші бар нормалардан, ережелерден, нұсқаулықтардан неліктен бас тартқаны жөнінде осыларды бекіткен мемлекеттік бақылау мен басқада ұйымдарға дәлелдеп, келісім жүргізеді. Оның құзыретіне енетін қала құрылысына, елді мекендердің жағдайын жасау, көгалдандыру және ландшафтық жобалауға байланысты мәселелер жөнінде кеңес береді. Ландшафтық архитектура объектісін жобалау, салу және пайдалануға берумен байланысты мемлекеттік стандарт, техникалық шарт пен басқа да нормативтік құжаттар үшін пікірлер мен қорытындыларды, сонымен бірге осы сала бойынша ұтымды ұсыныстарды дайындайды. Ландшафтық архитектура жобасын сараптауға қатысады, ландшафтық жобалау мен құрылыс саласы бойынша ғылыми мақалаларды дайындауға, өнертабысқа өтініштер береді. Авторлық құқықтың сақталуын қадағалайды.

Білуге тиіс: қала құрылысын, архитектураны, орман және бау-бақша шаруашылығын дамытуға бағытталған заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілер; Қала құрылысының кадастрын жүргізу туралы ереже және қала құрылысы қызметінің объектілерінің мониторингісі; экологиялық заңнамалар; қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы нормативтік құжаттар мен әдістемелік материалдар; тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі заңдылықтар; ландшафтық жобалау және инженерлік-геологиялық ізденістерді ұйымдастыру, жоспарлау және экономика; ландшафтық архитектура объектісін жобалау, салу және пайдалануға беру әдіснамасы мен технологиясы; ландшафтық архитектураның жобаланатын объектісіне қойылатын техникалық, экологиялық, эстетикалық, әлеуметтік-экономикалық талаптар; ландшафтық архитектура мен құрылысқа байланысты құрылыс нормалары мен ережелері (ҚН және Е); ландшафтық архитектура мен бау-бақша өнерінің тарихы мен теориясы; декортативтік бақшаның, дендрологияның, ботаниканың, топырақтанудың негіздері; ландшафтық архитектура нысанын салу және пайдалануға берудің, ландшафтық-архитектуралық жобалаудың алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибелері, стандарттау, сертификаттау және патенттеу негіздері; жобалау-сметалық және басқа да техникалық құжаттарды жасау мен ресімдеу жөніндегі стандарттар, техникалық шарттар, басқада нормативтік құжаттар; есептеу жұмыстарын орындайтын және жобалайтын заманауи техникалық құралдар; ғылыми-техникалық өнімді жасауға (беруге) байланысты келісім шарттарды бекіту мен орындау тәртіптері; ландшафтық және құрылыс материалдарының түрлері мен қасиеттері, конструкциялары; авторлық құқық; еңбекті ұйымдастырудың негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негізі; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ландшафтық жобалау немесе осы сала бойынша ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс, ал өте ірі және күрделі объектілерді жобалау кезінде - жұмыс стажы кемінде 8 жыл болуы тиіс.


Конструкторлық бөлімнің меңгерушісі



Лауазымдық міндеттері. Бөлімде жүргізілетін жобалық-конструкторлық жұмысқа жетекшілік етеді. Әзірлемелердің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мерзімді және жобаның құнын азайту, жобалаудың прогрессивтік әдістерін қолдана отырып, техникалық құжаттардың көлемін қысқарту, типтік және үнемді жобаларды қайта қолдану, стандартталған және бірыңғайлы бөлшектер мен тармақтарды, есептеуіш техникаларды, конструкторлық құжаттарды көшіру және көбейтудің алдыңғы қатарлы тәсілдерін қолдану жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Жобалық-конструкторлық жұмыстардың келешек және жылдық жоспарын жасауды ұйымдастырады, олардың орындалуын қадағалайды. Әзірленетін жобаның экономикалық негіздемелік техникасы бойынша жұмысты басқарады. Басқа бөлімшелермен бірге жобалау жөніндегі жұмыстардың көлемін, жобалық-конструкторлық жұмысты сапалы және дер кезінде атқаруға қажет бастапқы құжаттардың тізімін және басқа да мәліметтерді анықтайды. Жобалаудың техникалық тапсырмаларын дайындайды, тапсырыс берушілермен келіседі, бекітуге ұсынады және ұйым басшысы, жоғары органдар мен тапсырыс берушінің алдына жасақталған эскиздік, техникалық және жұмыс жобаларын бекітуге ұсынады және қорғайды. Жаңа техникалық шешімдерді іздеу жөнінде зерттеу жұмыстарын және конструкцияның таңдап алынған параметрін дәлелдеу үшін оларды тәжірибелік сынақтан өткізуді басқарады. Сапа мен сенімділікті, конструкцияның жоғары деңгейлі стандарты мен бірыңғайлылығын, патенттік тазалықтың, әзірленетін жобада еңбекті ұйымдастырудың талаптары мен нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде конструкторлық құжатты жасауды басқарады, сараптамалық және бекітетін мекемелердің шешімдеріне сәйкес өзгертулер мен толықтыруларды уақытында енгізуді қамтамасыз етеді. Зерттеу және жобалық-конструкторлық жұмыстардың даму бағытын анықтау бойынша ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, жасақталатын конструкцияға қабырғалық және өндірістік сынақтар жүргізеді, сериялық өндіріске дайындайды. Контрагенттік жұмысты атқару үшін бөтен ұйымдармен келісімшарт жасауға және олармен келісімге келу үшін материалдарды дайындауды басқарады. Өнертабысқа және жаңалықтар ашуға ұсыныстарды дайындайды. Отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін зерттеп, қорытындылап, оларды жобалау кезінде қолданады. Қызметкерлердің ұтымды ойларын, шеберлігін, шығармашылық ынтасын дамытуға, бөлім қызметкерлерінің ғылыми деңгейі мен біліктілігін арттыруға ат салысады. Басқа ұйымдардан келіп түскен ғылыми-техникалық құжаттарға, өте күрделі ұтымды ұсыныстар мен жаңалыққа, сонымен қатар стандарттар мен техникалық шарттар жобасына пікірлер мен қорытынды береді. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: жүргізілетін әзірлеменің бағытына және тақырыбына қатысты жетекшілік және нормативтік материалдар; жобалық және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау; жобалау мен конструкциялау әдістері, әзірленетін конструкцияға қойылатын техникалық талаптар, оларды монтаждау мен техникалық пайдалану шарттары, оларды өндіру технологиясы; конструкторлық құжат жүйесін және техникалық құжатты әзірлеу мен ресімдеу жөніндегі жетекшілік материалдар; техникалық-экономикалық негізді құру тәртібі және жобалау-конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін есептеу тәртібі; жобалау-конструкторлық әзірлемелерге еңбекті ұйымдастыру талаптары; техникалық эстетика мен көркемдік конструкциясының негіздері; есептеуіш жұмыстарын жобалау және орындаудың, конструкторлық құжаттарды көбейту және көшірудің заманауи техникалық құралдары; ұқсас бұйымдарды конструкциялаудың алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибесі; стандарттау және сертификациялау негіздері; патент жүргізудің негіздері; экономика, еңбекті, өндірісті ұйымдастыру және басқару; авторлық құқық; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары

Біліктілікке қойылатын талаптар. Мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және конструкторлық жұмыста, оның ішінде басшылық қызметте жұмыс стажы кемінде 8 жыл болуы тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет