Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет111/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   126

Жетекші экономист



Лауазымдық міндеттері. Жауапты атқарушы немесе тақырып (тапсырма) жетекшісінің басшылығымен ғылыми зерттеулерді жүргізеді немесе бекітілген әдістемелік және жұмыс бағдарламаларына сәйкес әзірлемелерді орындайды. Жұмыстың перспективалық және жылдық жоспарын, зерттеу жүргізудің әдістемелік және жұмыс бағдарламаларын құруға, сонымен қатар олардың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларға ат салысады. Жоспарлық жұмысты немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін ғылыми ақпараттарды немесе басқа да қажет материалдарды жинауды ұйымдастырады. Өткізіліп отырған зерттеу немесе орындалып жатқан әзірлемелердің тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды өңдейді. Қойылған міндеттер шеңберінде мақсатқа лайықты, оңтайлы шешімдерді таңдап алады. Статистикалық және басқада материалдарды тақырып бойынша жалпы және оны бөлімдер немесе тапсырмалар бойынша қорытады, деректерді өңдеу арқылы шешім қабылдайды. Жүргізіліп жатқан зерттеудің тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттерді оқиды, отандық және шетелдік тәжірибені қорыта отырып, үлгі жасайды. Жүргізіліп отырған зерттеудің, сынақтың материалдық және еңбек шығынын анықтау үшін есептеулерді жүргізеді, смета құрайды, өтініштер мен әртүрлі ұсыныстарды, анықтамаларды әзірлейді, мерзімдік есеп береді, ғылыми зерттеудің, жаңа техника мен технологияны енгізудің, еңбекті ұйымдастыру шараларының экономикалық тиімділігін анықтайды. Зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға, аяқталған жұмыстардың немесе жеке кезеңдердің нәтижесін талқылауға, оларды практикаға енгізу шараларына, сонымен қатар мақалаларды дайындауға ат салысады. Зерттеу жұмыстарын бірге жүргізуге қатысушыларды, экономистерді, техниктерді басқарады.

Білуге тиіс: тиісті экономикалық қызметтің, ғылым мен техниканың даму бағытын анықтайтын жетекші материалдар; зерттеуді, әзірлемелерді жүргізу тәсілдері, тәжірибенің бір ізге түсірілуі; осы сала бойынша отандық және шетелдік жетістіктер; осы салаға байланысты отандық және шетелдік әдебиеттер; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау және ұйымдастыру; зерттеудің экономикалық-математикалық тәсілдері және ақпаратты өңдеу әдістері; ғылыми зерттеулердің, жаңа техника мен технологияны ойлап шығарудың, енгізудің экономикалық тиімділігін анықтау әдістері, ғылыми-техникалық құжатты рәсімдеу тәртіптері; басқару жұмысын технологиялық жабдықтау құралдары; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Инженер
Лауазымдық міндеттері. Жетекші (аға) инженердің, жауапты орындаушының немесе тақырып (тапсырма) жетекшісінің басшылығымен ғылыми зерттеу жүргізуге немесе техникалық әзірлемелер орындауға қатысады. Жұмыстың жеке кезеңдерін өткізуге жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді. Тақырып (тапсырма) бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеуді жүзеге асырады. Әртүрлі тағайындауда кинематикалық, электрлік, монтаждық және басқа кестелерді жобалайды, қажетті параметрлер мен көлемді есептейді. Жобалайтын бұйым құрылғылары мен әрекет ету принциптерін, нысандарды, сондай-ақ қабылданған техникалық шешімдердің негіздемесін сипаттайды. Сынау және бақылау, жабдықтау құралдарын, зертханалық макеттерді жобалайды, оларды дайындауды бақылайды. Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізу кезінде тәжірибелік үлгілердің, жобаланушы бұйымдардың, жабдықтарды орнату мен жөндеудің стендтік және өндірістік сынағына қатысады. Күрделі және нақты аппаратураларды икемдеу мен реттеуді орындайды, оның жағдайы мен дұрыс қолданылуын бақылауды жүзеге асырады. Жабдықтардың жұмысын қарайды, күрделі тәжірибе мен өлшеуді өткізеді, өткізілген тәжірибе бойынша жазба жүргізеді, қажетті есептеулерді орындайды, нәтижелерді талдайды және қорытындылайды, олар бойынша техникалық есептерді жасайды және жедел мәліметтер жасайды. Материалдарға, жабдықтарға және т.б. жоспарлар, сметалар, өтініштер жасау үшін бастапқы деректерді дайындайды. Жобалау және жұмыс техникалық құжаттамасын әзірлейді, аяқталған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды ресімдейді. Сынақтарды дайындау, монтаждау, икемдеу және жобаланған бұйымдарды, нысандарды пайдалануға тапсыру кезінде техникалық көмек көрсету мен авторлық бақылауды жүзеге асыруда әзірленген техникалық шешімдер мен жобаларды енгізуге қатысады. Зерттеулер мен әзірленген техникалық шешімдер нәтижелерін енгізу тәжірибесін қорытындылайды. Зерттеулер немесе әзірлемелер мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғылым мен техника жетістіктерінің арнайы әдебиеті мен басқа да ғылыми-техникалық ақпаратын меңгереді. Ақпараттық шолулар, сондай-ақ рецензиялар, пікірлер және техникалық құжаттамаға шешімдер дайындайды. Ғылыми жұмыстардың, семинарлар жұмыстарының, конференциялардың, ғылыми-техникалық қоғамның сараптамаларына қатысады. Орындалған жұмыстар жөнінде ғылыми-техникалық есептер бөлімдерін құрастырады. Жарияланымдар дайындауға, өнертабыстар мен жаңалықтар ашуға өтініштер жасауға қатысады.

Білуге тиіс: зерттеулердің, жобалау мен тәжірибелік жұмыс жүргізудің әдістері; зерттеулер мен әзірлемелер бойынша арнайы ғылыми-техникалық және патенттік әдебиет; рефераттар мен анықтамалық-ақпараттық шығарылымдар, сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпараттың басқа да көздерін дұрыс қолдану тәртібі; тиісті экономикалық қызмет түрінің өндіріс технологиясы; жұмыстың тағайындалуы, құрамы, конструкциясы, принципі, монтаждың жағдайы, жобаланған бұйымдардың, нысандардың техникалық пайдаланылуы, ұйым бөлімшелерінің жабдықтары, оларды пайдалану ерекшеліктері, стандарттар, техникалық жағдайлар мен техникалық құжаттамаларды әзірлеу мен ресімдеу бойынша басшылыққа алатын басқа да материалдар; техникалық есептер мен есептеу жұмыстарын орындау әдістері мен құралдары; тиісті білім саласындағы отандық және шетелдік ғылым жетістіктері; жобалау кезінде жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар; экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру мен өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет