Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет107/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Ғылым докторының ғылыми дәрежесi. Жаңалықтарды ашудағы дипломның және авторлық куәлiк қағаздарының немесе ірi ғылыми еңбектердің және iс жүзiнде жүзеге асырылған нәтижелердің бар болуы. Тиiстi білім саласында ғылыми бедел.



Жетекші ғылыми қызметкер

Лауазымдық мiндеттерi. Жеке тақырыптарды және де оған қатысты тақырыптар бөлімі болып табылатын (бөлiм, кезең) әзірлемелерді зерттеуде қызметкерлер тобын ғылыми басқаруды жүзеге асырады немесе өте күрделi және жауапты жұмыстардың орындаушысы сияқты ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді өткiзедi. Зерттеу жұмыстары мен әзірлемелерді өткізу әдістерінің анағұрлым күрделі проблемалары бойынша ғылыми-техникалық шешімдер әзірлейді, оларға қажетті қаражатты таңдайды. Жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттары мен олардың орындалу әдістерін дәлелдейді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына енгізу үшін ұсыныстар енгізеді. Жұмыс бағдарламаларын құрастыруды ұйымдастырады, тапсырмаларды басқа ұйымдармен бірлесіп орындаған кезде қоса атқарушылар қызметін үйлестіреді, алынған нәтижелерді жинақтайды. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін қолдану саласын анықтайды және осы нәтижелердің практикалық іске асуын ұйымдастырады. Ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асырады және олардың біліктілігін арттыруға қатысады.

Бiлуге тиiс: білім, ғылым және техниканың тиісті саласы бойынша ғылыми проблемалар, экономикалық қызмет түрін дамыту бағыттары, жоғары тұрған және басқа да органдардың басшылық материалдары, осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктер; ұйымның жаңа әдістері, жоспарлау құралдары мен практикасы, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді (бағалау, патенттік ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми техникалық құжаттаманың шығарылымын және тағы с.с.) өткізу мен енгізу; Қазақстан Республикасының ғылым туралы, еңбек туралы заңнамасы, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Докторлық немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесiнің болуы. Ғылыми еңбектердің немесе жаңалық ашуға авторлық куәлiк қағаздарының, сондай-ақ практикада жүзеге асырылған ірі жобалар мен әзірлемелердің болуы.



Аға ғылыми қызметкер



Лауазымдық мiндеттерi. Дербес тақырыптарды және де оған қатысты тақырыптар бөлімі болып табылатын (бөлiм, кезең) әзірлемелерді зерттеуде қызметкерлер тобын ғылыми басқаруды жүзеге асырады немесе өте күрделi және жауапты жұмыстардың орындаушысы сияқты ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді өткiзедi. Зерттеу жұмыстары мен әзірлемелерді өткiзудi жоспарлайды және әдiстемелiк бағдарламаларын дайындайды. Тақырып бойынша ғылыми-техникалық мәлiметтерді жинау мен меңгеруді ұйымдастырады, тәжірибелер мен бақылаулардың нәтижелерiн талдау мен ғылыми мәлiметтердің теориялық қорытындысын өткізеді. Оның қол астында жұмыс iстейтiн қызметкерлерден алған нәтижелердiң дұрыстығын тексередi. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға қатысады. Өткiзiлген зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiн енгiзедi.

Бiлуге тиiс: өткiзiлетiн зерттеулер және әзірлемелердің тақырыбы бойынша ғылыми проблемалар, тиiстi экономикалық қызмет түрлерi бойынша басшылық ететін материалдар, осы сұрақтар бойынша отандық және шетелдік мәлiметтер; зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдiсі мен құралдары, тәжiрибелер және бақылаулар, оның iшiнде электронды-есептеуiш техниканы қолдана отырып өткiзу; тиiстi экономикалық қызмет түрiнiң экономикасы; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және тиiстi мамандығы бойынша кемiнде 10 жыл жұмыс тәжiрибесi, өнертабыстағы ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда - жұмыс стажына талап қойылмайды.


Ғылыми қызметкер

Лауазымдық мiндеттерi. Жауапты орындаушы ретiнде тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер және әзірлемелер өткiзедi немесе ғылыми жетекшiмен бiрлесiп күрделi тәжiрибелер мен бақылауларды жүзеге асырады. Алдыңғы қатарлы отандық және шетел тәжiрибесiн, бақылаулар мен тәжiрибелер нәтижелерін, ғылыми-техникалық мәлiметтерін жинайды, өңдейді, талдайды, қорытындылайды. Олардың нәтижелерiн қолдану бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің жоспары мен әдiстемелiк бағдарламаларын, практикалық ұсыныстарды құрастыруға қатысады. Тақырып немесе оның бөлiмi (кезең, тапсырма) бойынша есептер (есеп бөлiмдерi) жасайды. Зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiн енгiзуге қатысады.

Бiлуге тиiс: өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндетері, осы зерттеулер және өңдеулер туралы отандық және шетелдік мәлiметтер; зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдiстері ме құралдары, тәжiрибелер мен бақылаулар өткiзу, ақпараттар, оның iшiнде электронды-есептеуiш техниканы қолдана отырып қорытындылау мен өңдеу, Қазақстан Республикасының ғылым және еңбек туралы заңнамасының негiздерi, еңбектi ұйымдастыру; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм және мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 5 жыл, өнертабыс пен ғылыми еңбектерге авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда - жұмыс стажына талап қойылмайды.




Кіші ғылыми қызметкер

Лауазымдық мiндеттерi. Жауапты орындаушының басқаруымен бекiтiлген әдiстемелерге сәйкес тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдер, тапсырмалар) бойынша ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді жүргізеді. Тәжiрибелердiң орындалуларында қатысады, бақылау және өлшем өткiзедi, олардың сипаттамасын құрайды және қорытындылар қалыптастырады. Зерттелетiн тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды, отандық және шетелдік тәжiрибенi үйренедi. Тақырып немесе оның бөлiмi (кезең, тапсырма)бойынша есептер (есеп бөлiмдерi) жасайды. Зерттеулер мен өңдеулердiң нәтижелерiн енгiзуге қатысады.

Бiлуге тиiс: өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндетері, осы зерттеулер және әзірлемелер туралы отандық және шетелдік ақпараттар; зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлаудың және ұйымдастырудың заманауи әдiстері мен құралдары, тәжiрибелер мен бақылауларды өткiзу, ақпараттар, оның iшiнде электронды-есептеуiш техниканы қолдана отырып қорытындылау мен өңдеу; Қазақстан Республикасының ғылым және еңбек туралы заңнамасының негiздерi, еңбектi ұйымдастыру; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм және мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 3 жыл. Ғылыми дәрежесі болған, аспирантураны тамамдаған және тағылымдамадан өткен жағдайда - жұмыс стажына талап қойылмайды. Жоғары оқу орындарының кеңестерiнен (факультеттер) ұсыныс болған айрықша жағдайда кiшi ғылыми қызметкердiң қызметiне жоғары оқу орнында оқу мерзiмі уақытында жұмыс iстеу тәжiрибесін алған бiтiрушiлер (магистратура) тағайындала алады.



Аспирантура меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері. Ғылыми жұмысшылардың қолданыстағы мамандықтар номенклатурасына сәйкес ғылыми ұйымдар мен жоғары кәсіби білім беру ұйымдарында аспиранттар дайындау оқу процесін ұйымдастырады. Аспирантураға күндізгі және сырттай оқуға түсетіндерді қабылдайды және белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті құжаттарды ресімдейді, оларды қабылдау комиссиясының қарауына береді. Мамандықтар бойынша бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен аспиранттарды қабылдау жоспарын, түсу емтихандарын өткізу мен кандидаттық емтихандарды тапсыру кестесін әзірлейді, оларды ұйым басшысымен келіседі және олардың орындалуын бақылайды. Қабылдау және емтихандық комиссия мүшелерін, аспиранттар мен ізденушілерге емтиханды жүргізу уақыты мен орыны туралы хабардар етеді. Қабылдау және емтихандық комиссияның тиімді жұмысын қамамасыз етеді. Шарт негізінде оқу процесіне профессорларды, доценттерді, сонымен қатар дайындықтың тиісті профилі бойынша біліктілігі жоғары оқу тәртіптерінің мұғалімдерін тартады. Аспиранттардың оқу жоспарларын әзірлеуі мен есепке алуын ұйымдастырады, аспирантура жұмысы туралы есептер құрастырады, ғылыми кадрларға, ұйымның ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңесін дайындауға қатысты қажетті мәліметтерді ұсынады. Жүргізілген емтихандар нәтижесі бойынша сырттай және күндізгі аспирантураға алынуы, сонымен қатар оқуды жалғастыру немесе аспирантурадан шығару туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды Кандидаттық емтихандарды тапсыру үшін ізденушілерді бекіту және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертацияның дайындығы туралы құжаттарды дайындайды. Аспиранттар мен ізденушілерге олардың құқықтары мен міндеттері, диссертациялық жұмыстарды ресімдеудің қолданыстағы ережесі мен тәртібі мәселесі бойынша кеңес береді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды дайындау туралы әдістемелік материалдар; ұйым қызметінің профилі бойынша экономикалық қызмет түрлерінің даму бағыты, ұйымды жоспарлау мен оқу процесін қаржыландыру; диссертациялық жұмыстар мен рефераттарды ресімделу ережесі мен тәртібі; оқу құжаттарын есепке алу мен ресімдеу тәртібі; іскерлік қатынас этикасы; іс жүргізу негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және ғылыми немесе ғылыми-педагогикалық жұмыстардағы жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет