Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Стандарттау бөлімінің меңгерушісі (бастығы)



бет108/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   126

Стандарттау бөлімінің меңгерушісі (бастығы)



Лауазымдық міндеттері. Ұйым әзірлейтін жобалардың техникалық деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында сертификаттау мен стандарттау бойынша жұмысқа ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады.

Техникалық процестің, жоспарланатын жұмыстардың түсіндірме жазбаларының және күтілетін экономикалық тиімділіктің есептерінің негізгі бағыттарынан шыға отырып, стандарттау жөніндегі перспективалық және жылдық жоспарлар жобасын құруға басшылық жасайды. Экономикалық қызмет түрінде стандарттау және техникалық бірлік бойынша жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етеді. Бұйымдарды, тетіктерді, тораптарды стандарттау мен біргейлендіруді жүзеге асырумен байланысты ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстардың жүргізілуін, жетекші отандық және шетелдік тәжірибені, сонымен қатар стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын қолдана отырып, ұйым бөлімшелерімен бірлесіп мемлекеттік стандарттар жобалары мен экономикалық қызмет түрінің нормативтік-техникалық құжаттамаларын ұйымдастырады. Стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарының орындалуын бақылайды және белгіленген тәртіпте стандарттар мен техникалық талаптардың әзірленген жобаларын бекітуге ұсынады. Мемлекеттік стандарттау мен экономикалық қызмет түрін стандарттаудың перспективалық және жылдық жоспарларына ұсыныстар, өзге ұйымдардан түсетін пікірлерге стандарттардың жобалары бойынша қорытындылар әзірлейді. Олардың дамыған ғылым мен техниканың заманауи деңгейіне, тұтынушылардың талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында қолданыстағы стандарттар мен техникалық талаптардың жүйелі тексерісін қамтамасыз етеді және ескірген стандарттар мен техникалық талаптардан бас тарту немесе қайта қарау ұсыныстарын әзірлейді. Жобалау кезінде стандарттар мен техникалық талаптарда белгіленген талаптар мен нормалардың қолданылуын, сонымен қатар техникалық құжаттамамен әзірленетін норманы бақылаудың міндетті түрде жүзеге асырылуын бақылайды. Стандарттар немесе қолданыстағы стандарттарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар, техникалық талаптар мен басқа да өнімнің сапасын белгілейтін нормалар түріндегі, өндіріске енгізуге жататын аяқталған ғылыми-зерттеу және жобалық әзірлемелерді басқарады. Ұйым бөлімшелерінің арасында туындайтын стандарттау жөніндегі даулы мәселелерді шешеді. Стандарттауды және тәжірибемен алмасуды жариялауды, көрмелер жүргізуге қатысуды, стандарттау мәселелері жөніндегі семинарларды ұйымдастырады. Органдарға әзірленген нормативтік-техникалық құжаттамалар бойынша ғылыми-техникалық ақпараттың ақпараттық материалдарын ұсынады. Стандарттау жөніндегі орындалған жұмыстар туралы есептерді құрастыруды қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерін басқарады.



Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, экономикалық қызметтің сәйкес түрінің негізгі даму бағыттарын анықтайтын басшылық материалдар, ұйымның профилі мен мамандануы; барлық санаттағы стандарттарды әзірлеу, ресімдеу, бекіту, шығару және енгізу туралы басшылық және әдістемелік материалдар; ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстарды жүргізудің тәсілдері; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау мен қаржыландыру тәртібі мен тәсілі; стандарттар мен техникалық талаптарды енгізудің экономикалық тиімділігі есебінің әдістемесі; өнім сапасын аттестациялаудың бірыңғай жүйесі; стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі; өндіріс технологиясын құрылымдау мен әзірлеудің негізі; стандарттау саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе; ұйымды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі; орындалған жұмыстар бойынша ғылыми-техникалық ресімдеу тәртібі; экономика, еңбекті ұйымдастыру мен өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамалары; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары және стандарттау жөніндегі жұмыстарда жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда – стандарттау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.


Ғылыми-техникалық ақпарат бөлімінің меңгерушісі (бастығы)



Лауазымдық міндеттері. Зерттеулер мен әзірлеулердің орындалуына ықпал ету мен олардың тиімділігін арттыру мақсатында ұйымның басшылары мен мамандарының ғылымның, техниканың және озық өндірістік тәжірибенің отандық және шетелдік жетістіктері туралы ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады. Ұйым бөлімшелерінің тақырыпшаларына сәйкес ақпараттық жұмысты жүргізу жоспарын әзірлейді. Ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да әлеуметтік әдебиетті, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстар, нормативтік-техникалық құжаттамалар, патенттік материалдар мен конференция материалдары, мәжілістер, семинарлар және т.т. бойынша есептерді қоса ақпараттық және құжаттық материалдарды, зерттеу негізінде ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу мен жүйелеуді ұйымдастырады. Басқа бөлімшелермен бірлесіп ұйым қызметінің негізгі бағыттарын дамыту жағдайы мен тенденциясының тақырыптық шолуларын дайындауды және отандық және шетелдік тәжірибедегі ұқсас жұмыстар нәтижесімен зерттеу және жобалық шешімдер нәтижелерін салыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді. Тақырыптық жоспарды отандық және шет елдік материалдармен жинақтаудың негізінде, сонымен қатар ұйым жұмысының профиліне сәйкес қордың анықтамалық-ақпараттық қорын жүйелі толтыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Ақпараттық материалдардың қолдануды бақылауды жүзеге асырады, басылымға рефераттық, библиографиялық және ұйым жұмысының тақырыптық бағыттары бойынша ғылым мен техниканың жай-күйі мен келешектегі дамуы туралы шолу ақпаратын дайындауды, сонымен қатар ғылыми еңбектер мен басылым үшін бағыттарды дайындауды басқарады. Бөлімшелер өтінімдері бойынша аудармалардың қолданыстағы үйлестіру тәртібін сақтай отырып, шетелдік әдебиеттер мен ғылыми-техникалық құжаттама аудармаларын орындауды қамтамасыз етеді. Семинарлар, лекцияларды жүргізу, ғылыми-техникалық киноларды көрсету, сонымен қатар жекелеген ғылыми-техникалық проблемалар бойынша көрме, стенд арқылы ғылым мен техниканың, өндірістік озық тәжірибенің отандық және шетелдік жетістіктерін жариялауды ұйымдастыруға қатысады. Белгіленген тәртіпте жоғары тұрған органдарға ғылыми-техникалық ақпараттың ақпараттық материалдарын дайындау мен беруді қамтамасыз етеді. Жекелеген ғалымдар мен мамандардың, ұйымдардың анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетілулерін, сонымен қатар экономикалық қызмет түрлері арасында ақпараттық материалдармен алмасу тәртібіне сәйкес қажетті ғылыми-техникалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: экономикалық қызметтің сәйкес түрінің негізгі даму бағыттарын анықтайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, ғылыми-техникалық ақпарат органдары қызметіне қатысты мемлекеттік органдардың шешімдері; ұйымда ақпараттық жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлау; ұйымның тақырыптық бағыттары бойынша отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жағдайы мен келешегі; ақпаратты іздестіру, өңдеу және сақтаудың техникалық құралдары; анықтамалық-ақпараттық қор; патент жүргізу мен лицензиялаудың негізі; баспаға ақпараттық материалдарды дайындаудың тәртібі және редакциялық-баспа жұмыстарының негізі; аудармаларды үйлестірудің қолданыстағы тәртібі; экономика, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, басқару; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және ғылыми-техникалық ақпарат бойынша жұмыстардағы жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда – ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет