Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет120/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126

Ғылыми редактор

Лауазымдық міндеттері. Басылымның жоғары ғылыми және әдеби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір тақырыптық бағыттағы едәуір күрделі жұмыстарға ғылыми редакциялауын жүзеге асырады. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді басудың тақырыптық жоспарларының жобаларын жасауға, рецензенттерді іріктеуге, авторлармен баспалық шарттар және рецензенттермен еңбек келісімдерін дайындауға қатысады. Өзінің тақырыптық бағытындағы редакторларға тиісті сала бойынша отандық және шетелдік ғылыми және техникалық жетістіктер туралы консультациялар береді. Авторлардан келіп түскен қолжазбаларды және оған рецензияны қарайды, қолжазбаны тапсырылған күйінде немесе ұсынылған қателерді, толықтыруларды, қысқартуларды ескере отырып, пысықталғаннан кейін басып шығару мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды. Қолжазбаларды басудан бас тартқан жағдайда, шартта белгіленген мерзімдерде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап дайындайды. Баспаға келіп түскен қолжазбаларды редакциялап, авторға қажетті (қолжазбаның құрылымын жақсарту, терминдер таңдау, суретпен рәсімдеу және т.б.) көмек көрсетеді, ұсынатын өзгертулерін олармен келіседі. Ғылыми редакциялау процесінде басылуға дайындалып жатқан жұмыстарда ғылымның, техниканың және соңғы өндірістік жетістіктері қаншалықты көрсетілгенін, сондай-ақ авторлар рецензенттер берген ескертулер мен қолжазбаларды пысықтауға қойылған талаптар ескерілгендігін тексереді. Ұсынылған материалдардың жинақтылығын, қолжазбаның бекітілген жоспарға, бөлім атауларының мазмұнына сәйкестілігін, қанатты сөздер мен сандық деректердің дұрыстығын, есімдердің, нышандардың, ғылыми-техникалық терминдердің, өлшем бірліктерінің пайдалануы мен жазылуын, басылымның анықтамалық аппаратының рәсімделуін тексереді. Қолжазбаның қажетті әдеби редакциялануын жүзеге асырады. Қолжазбаның редакторлық паспортын жасайды, техникалық редакторға, корректорға, терушіге нұсқаулар мен түсіндірмелер береді. Авторлармен және техникалық редактормен бірлесіп суретті материалдарды қарайды, олардың басылымдағы орындарын белгілейді. Редакцияланатын жұмыстарды көркемдік және техникалық рәсімдеумен байланысты мәселелерді шешуге қатысады. Қолжазбаны шығаруға қол қояды, корректуралық баспа-таңбаларды өңдейді және жарыққа шығарар алдында сигналды нұсқаларын тексереді. Жіберілген қателердің тізімдерін жасайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, тиісті экономикалық қызмет түрінің негізгі бағыттарын айқындайтын, редакциялық-баспалық қызметке қатысты жетекшілік материалдар; осы салаға байланысты отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер; авторлармен, рецензенттермен шарттар жасау тәртібі; қолжазбаларды ғылыми редакциялау әдістері; қолжазбаларды шығаруға, корректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау тәртібі; терминдерге, белгілерге және өлшеу бірліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар; қолданыстағы шартты қысқартулар, библиографияда шет тілдерінде қолданылатын шартты қысқартулар; қазақ (орыс) тілінің грамматикасы мен стилистикасы; авторлық құқық; редакциялаудың және түзеу жұмыстарының қолданыстағы нормативтері; баспа ісінің экономикасы; полиграфиялық өндірісі технологиясының негіздері; полиграфиялық өндірісті үнемдеу және ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.




Редактор

Лауазымдық міндеттері. Басылымның жоғары ғылыми және әдеби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында редакциялық-баспа бөлімшесі шығаратын ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді, ақпараттық әрі нормативтік материалдарды редакциялауды жүзеге асырады. Авторлармен баспалық шарттар және сыртқы рецензенттермен шарттар дайындауға қатысады. Қолжазбалар мен оларға рецензияларды қарайды. Қолжазбаны тапсырылған күйінде немесе ұсынылған қателерді, толықтыруларды, қысқартуларды ескере отырып, пысықталғаннан кейін басып шығару мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды. Қолжазбаларды басудан бас тартқан жағдайда, шартта белгіленген мерзімдерде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап дайындайды. Басуға қабылданған қолжазбаларды редакциялап, авторға қажетті (қолжазбаның құрылымын жақсарту, терминдер таңдау, суретпен рәсімдеу және т.б.) көмек көрсетеді, ұсынатын өзгертулерін олармен келіседі. Редакциялау процесінде авторлардың рецензенттер берген ескертулері мен қолжазбаларды пысықтауға қойған талаптардың орындалуын, ұсынылған материалдардың жинақтылығын, қолжазба бөлімдері атауларының мазмұнына сәйкес келетіндігін, сондай-ақ жұмыстарда ғылымның, техниканың және соңғы өндірістік жетістіктері қаншалықты көрсетілгенін тексереді. Түпдеректер бойынша қанатты сөздер мен сандық деректердің дұрыстығын, есімдердің, ғылыми-техникалық терминдердің, өлшем бірліктерінің пайдалануы мен жазылуын, басылымның анықтамалық аппаратының рәсімделуін, келтірілген нышандардың белгіленген стандарттарға немесе ғылыми әрі нормативтік әдебиетте қолданылатын белгілерге сәйкестігін тексереді. Қолжазбаның қажетті әдеби редакциялануын жүзеге асырады. Қолжазбаның редакторлық паспортын жасайды, техникалық редакторға, корректорға, терушіге нұсқаулар мен түсіндірмелер береді. Сілтемелер, телқұжаттар, жұмыс мазмұнын дайындайды. Авторлармен және техникалық редактормен бірлесіп суретті материалдарды қарайды, олардың басылымдағы орындарын белгілейді және кестелер мен клишелерді уақытында жасау үшін көркемдік редакторға тапсырады. Редакцияланатын жұмыстарды көркемдік және техникалық рәсімдеумен байланысты мәселелерді шешуге қатысады. Қолжазбаны шығаруға қол қояды, корректуралық баспа-таңбаларды өңдейді және жарыққа шығарар алдында сигналды нұсқаларын тексереді. Жіберілген қателердің тізімдерін жасайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, ғылыми-әдістемелік әдебиет, ақпараттық және нормативтік материалдарды редакциялау, сандарды, формулаларды, символдарды, суреттерді редакциялық өңдеу, басылымның анықтамалық аппаратын жасаудың әдістері; осы салаға байланысты отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер; қолжазбаларды шығаруға, корректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау тәртібі; стандартты түзеу белгілері; терминдерге, белгілерге және өлшеу бірліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар; қолданыстағы шартты қысқартулар, библиографияда шет тілдерінде қолданылатын шартты қысқартулар; қазақ (орыс) тілінің грамматикасы мен стилистикасы; авторлық құқық; редакциялаудың қолданыстағы нормативтері; авторлармен баспалық шарттар, рецензенттермен шарттар жасау тәртібі; қолжазбаларды ғылыми редакциялау әдістері; баспа ісінің экономикасы; полиграфиялық өндірісі технологиясының негіздері; полиграфиялық өндірісті үнемдеу және ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет