Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет14/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   126

Кеңсе меңгерушісі



Лауазымдық міндеттері. Кеңсенің жұмысын ұйымдастырады. Келетін және жөнелтілетін хат-хабардың уақытылы өңделуін, оның тиісті жеткізілуін қамтамасыз етеді. Құжаттардың орындалу мерзімдеріне және олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады. Ағымдағы іс жүргізу құжаттарын, соның ішінде істерді құрастыру және оларды сақтауға тапсыру бойынша басшылықтың бұйрықтарын және өкімдерін тіркеу, есебін жүргізу, сақталуы және тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кәсіпорында, мекемеде, ұйымда іс жүргізу бойынша нұсқаулықтарды даярлайды және олардың енгізілуін ұйымдастырады. Іс жүргізу қызметінің қызметкерлерін қажетті нұсқаулық және анықтама материалдарымен, құралдармен, жабдықпен, ұйымдық техникамен, басшылық жұмыстың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды. Бөлімшелердегі іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылықты, істердің дұрыс құрастырылуына, сақталуына және мұрағатқа уақытылы тапсырылуына бақылауды, құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуы туралы анықтамаларды даярлауды жүзеге асырады. Қызметтік құжаттардың басылуын және көшірмелерін түсіруді қамтамасыз етеді. Басшылықтың шақыруымен өткізілетін мәжілістерді даярлайды және олардың техникалық қамсыздандыруын, іссапар құжаттарын ресімдеуді, іссапарға келген қызметкерлерді тіркеуді ұйымдастырады. Кеңсе қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысты заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер; іс жүргізу жүйесі; ұйымдық-өкімдік құжаттама бірегей жүйесінің стандарттары; ұйымның құрылымы; іс жүргізуді ұйымдастыру; құжат айналымының сызбалары; істердің номенклатурасы, тұрақты және уақытша сақталатын істердің тізбесі, белгіленген есептілікті даярлау тәртібін; істерді мұрағатқа тапсыру мерзімдері және тәртібі; ұйымдық техника мен басшылық еңбектің басқа да техникалық құралдары; экономика, өндірісті, еңбекті және басшылықты ұйымдастыру негіздері; еңбек туралы заңнама негіздері; ішкі еңбек тәртібі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және іс қағаздарын жүргізу бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.


Көшіру-көбейту бюросының меңгерушісі

Лауазымдық міндеттері. Көшіру және көбейту жұмысының уақытылы және сапалы орындалуын, соның ішінде ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелері үшін техникалық құжаттаманы микрофильмациясын қамтамасыз етеді. Техникалық және қызметтік құжаттаманы көшіру, көбейту үшін қабылдауды, бөлімшелерден материалдардың келіп түсуінің есебін ұйымдастырады. Материалдар шығынын және тапсырыс берушіге дайын өнімді беруді анықтайды. Көшіру және көбейту жұмыстардың орындалу кестесін құрастырады. Орындаушылар арасында жұмысты олардың мамандығы мен біліктілігіне сәйкес бөледі және қызметкерлерге нұсқау береді. Бюроның жабдыққа, материалға қажеттілігін анықтайды және оларды алу үшін өтінім беруді қамтамасыз етеді. Көшіру және көбейту жұмыстарының орындалу мерзімі мен сапасына, сонымен қатар тапсырыс берушіге тапсырылатын материалдың жинағына бақылауды жүзеге асырады. Көшіру және көбейту жұмыстарының орындалу техникасы бойынша нұсқауларды, ережелерді және өзге де нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады. Бюро қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша, материалдар шығындарын азайту мақсатында жұмыстың алдынғы қатарлы тәсілдері мен әдістерін енгізу, жабдықты пайдалануды жақсарту және еңбек өнімділігін арттыру бойынша шараларды қабылдайды. Жұмысқа қабылданған құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Жұмыс орындарының, жабдықтың жағдайын және оның уақытылы жөндеуден өтуін, жабдықты пайдалану және еңбекті қорғау ережесінің көшіру және көбейту жұмыстары кезінде сақталуын бақылайды. Көшіру және көбейту жұмыстарын орындау кезінде ақауды туғызатын себептерді зерттейді және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.


Білуге тиіс: көшіру және көбейту жұмыстарын орындауға қатысты Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер; көшіру және көбейту жұмыстарын орындаудың әдістері мен құралдары; көшіру және көбейту жабдығының конструкциясы, жұмыс қағидасы, монтаждау және пайдалану ережесі; көшіру және көбейту жұмыстарын орындау кезінде қолданылатын материалдардың түрлері; олардың қасиеттері мен техникалық сипаттамасы; техникалық құжаттаманы рәсімдеу бойынша стандарттар, инструкциялар және басқа да басқарушы құжаттар; көшіру және көбейту жұмыстарын орындаудың нормалары мен бағасы; көшіру және көбейту жұмыстарын орындаудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі ережесі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша (арнайы орта, орта кәсiптік) орта техникалық және кәсіптік бiлiмі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және іс қағаздарын жүргізу бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.


Ғылыми-техникалық кітапхананың меңгерушісі



Лауазымдық міндеттері. Ұйым бөлімшелерін, ғылыми-техникалық кітапхана оқырмандарын экономикалық және басқа да әдебиетпен, сонымен қатар отандық және шетелдік ғылымның, техниканың және алдынғы қатарлы өндірістік тәжірибенің жетістіктері туралы библиографиялық материалдармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кітапхананы кітаптар баспасының және мерзімді жазылу басылымдары каталогының тақырыптық жоспарын зерттеу негізінде және ұйым жұмысының бағытын, оның даму келешегін және ұйым қызметкерлерінің ғылыми-техникалық кітапханада қажеттілігін және экономикалық ақпаратты есепке ала отырып жинақтау жоспарын әзірлейді. Кітапхана қорының есебі, жинақталуы, мезгілді түгендеуді жүргізу бойынша жұмысты басқарады. Ұйым қызметкерлерінің әдебиетке сұранысын уақытылы қанағаттандыру, ақпараттық жұмыстың жеделдігін арттыру үшін жағдайларды жасау бойынша шараларды қабылдайды, кітапханалық қызмет көрсетуге уақытылы компьютерлік және көшіру-көбейту техникасының енгізілуіне ықпал жасайды. Оқырмандарға кітапханалық абонемент бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, басқа кітапханалармен байланысты жүзеге асырады. Жаңа әдебиет түсімінің тізімін құрастыруды және оларды ұйым бөлімшелеріне таратуды ұйымдастырады. Ғылыми-ақпараттық, ғылыми-әдістемелік және библиографиялық жұмыстардың жүргізілуіне, кітапханаға келіп түсетін әдебиетті техникалық және ғылыми өңдеуге, уақытылы ақпараттық-іздеу жүйелерін қолдануға арналған жүйелік және алфавиттік каталогтарды құрастыруға басшылық етеді. Абонементте және оқу залында ұйым қызметкерлерінің қызмет көрсетуін ұйымдастырады. Ұйым бөлімшелерінің басшыларымен және мамандарымен олардың қызмет аясына қатысты мәселелер бойынша тұрақты байланысты қолдайды. Келіп түсетін өтінім бойынша библиографиялық анықтамаларды құрастыруды қамтамасыз етеді. Ғылыми, техникалық және алдынғы қатарлы өндірістік техниканың өзекті мәселелері бойынша тақырыптық көрмені, оқырмандар конференциясын, көрнекті насихатты, стендті, сөрелерді рәсімдеуді ұйымдастыруға қатысады. Кітапхана қорының сақталуын, кітапхана жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша және белгіленген есепті дайындау бойынша статистикалық есептің жүргізілуін қамтамасыз етеді. Кітапхана қызметкерлеріне басшылық жасайды.

Білуге тиіс: ақпараттық және кітапханалық жұмысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік материалдар; қызмет бағыты, саласы және ұйым құрылымының ерекшеліктері; кітапханалық қорды жинақтау, сақтау, іздеу, беру және есеп жүргізу ережелері; кітапханалық қызмет көрсетуде қолданылатын заманға сәйкес ақпараттық-іздеу жүйелері; қабылданған ақпараттық біліктілік жүйесі және каталогтарды құрастыру ережелері; кітапханааралық абонементтің бірыңғай жалпы мемлекеттік жүйесі; ұйымның қызметіне қатысты технология, құрастыру, еңбек және басқару мәселелері бойынша библиографиялық анықтамалықтар; оқырмандар кітапханалық қор бірлігін жоғалтқан кезде өтемақы беру тәртібін; кітапхана жұмысы туралы есепті құрастыру тәртібі; еңбекті ұйымдастыру негіздері мен ішкі еңбек тәртібінің ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 1 жыл немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiм және кітапхана жұмысында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет