1. Кемел адамның мүшелері, олардың салмағы және жалпы дене салмағынан алатын % үлесі
(Мамедов бойынша, 1998)
Мүшелер
|
Салмағы (грамм есебімен)
|
Жалпы дене
салмағынан алатын % үлесі
|
Бұлшық еттері
|
30 000
|
43
|
Қаңқасы
|
10 000
|
14,3
|
Май ұлпасы
|
10 000
|
14,3
|
Тері және теріасты
|
|
|
шел қабаты
|
6 100
|
8,7
|
Қан
|
5 400
|
7,7
|
Асқазан-ішектері
|
2 000
|
2,9
|
Бауыр
|
1 700
|
2,4
|
Ми
|
1 500
|
2,1
|
Өкпе (2)
|
1 000
|
0,14
|
Жүрек
|
300
|
0,24
|
Бүйрек (2)
|
250
|
0,35
|
Көкбауыр
|
150
|
0,2
|
Қуық
|
150
|
0,2
|
Ұйқы безі
|
70
|
0,1
|
Аталық без (2)
|
40
|
0,06
|
Аналық без (2)
|
10–14
|
0,016
|
Жұлын
|
30
|
0,04
|
Көз (2)
|
30
|
0,04
|
Қалқанша без
|
20
|
0,03
|
Тістер
|
20
|
0,03
|
Қуық асты безі
|
20
|
0,03
|
Басқа мүшелер (қантамырлары, шеміршектер, жүйкелер және т. б.)
|
1 220
|
1,7
|
Жалпы дене
|
70 000
|
100
|
2. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
Гормондар
|
Бөлетін бездер
|
Ағзаға әсері
|
Тироксин
|
Қалқанша безі
|
Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады
|
Паратгормон
|
Қалқаншамаңы безі
|
Кальций және фосфор алмасуын реттейді
|
Инсулин
|
Ұйқы безінің аралды бөлігі
|
Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы
қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
|
Глюкагон
|
– ” –
|
Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді.
|
Адреналин
|
Бүйрек үсті безінің милы заты
|
Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
|
Норадреналин
|
– ” –
|
Қантамырларын тарылтады.
|
Өсу гормоны (соматропты гормон)
|
Гипофиздің алдыңғы бөлігі
|
Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
|
Тиреотропты гормон
|
– ” –
|
Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннің түзілуіне әсер етеді
|
Адренокортикотропты
гормон (АКТГ)
|
– ” –
|
Бүйрек үсті бездерінің өсуін және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
|
Окцитоцин
|
(Гипоталамус
гипофиздің
артқы бөлігі)
|
Жатырдың бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
|
Вазопрессин
|
– ” –
|
Бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды
|
Тестостерон (андрогендер)
|
Аталық бездер
|
Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
|
Эстрадиол (экстрогендер)
|
Аналық бездер
|
Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді
|
3. Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері
Асқорыту сөлдері
|
Тәуліктік бөлінітін мөлшері
|
рН
|
Құрамы
|
1. Сілекей
|
50–2000 мл
|
5,6–7,6
|
Су және амилаза
|
2. Қарын сөлі
|
2,0–3,0 л
|
1,49–1,8
|
Тұз қышқылы, су, липаза, лизоцим, пепсин
|
3. Панреатин сөлі
|
600–700 мл
|
8,6–9,0
|
Су, амилаза, липаза,
фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер
|
4. Өт
|
500–1200 мл
|
5,6–8,5
|
Су, билирубин,
холестерин, май, май
қышқылы, лецитин,
холин және т. б.
|
5. Аш ішек сөлі
|
1000 мл
|
5,05–7,07
|
Су, сахараза, лактаза,
жуық энтерокиназа,
липаза, рибонуклеаза және т.б.
|
6. Тоқ ішек
сөлі
|
270–1550 мл
|
6,1–7,31
|
Су
|
4. Балалар мен жасөспірімдердің жұмсайтын тәуліктік
энергия мөлшері
Жас кезеңі
|
Жұмсайтын
тәуліктік
энергиясы,
кДж (ккал)
|
Жас кезеңі
|
Жұмсайтын тәуліктік энергиясы, кДж (ккал)
|
6 ай–1 жас
|
3 349 (800)
|
7–10 жас
|
10 048 (2 400)
|
1–1,5 жас
|
5 443 (1 300)
|
11–14 жас
|
11 932 (2 850)
|
1,5–2 жас
|
6 280 (1 500)
|
14–17 жас
(бозбалалар)
|
13 188 (3150)
|
3–4 жас
|
7 536 (1 800)
|
13–17 жас
(бойжеткендер)
|
11 514 (2 750)
|
5–6 жас
|
8 374 (2 000)
|
Жемістер мен тұқымдардың таралуы
Өздігінен:сары қараған, шытырлақ
Жел арқылы: қызғалдақ қауашағы, терек, бақбақ, үйеңкі, қайың
Құс арқылы: мойыл, долана, шетен, інжугүл
Жануарлар мен адам арқылы: шоңайна, итошаған,кәріқыз-өсімдіктер жемістерінде ілмешектер, тікенектері болады
Су арқылы: жалбыз, қоға, қамыс, субұрыш, тұңғиық, су сарғалдағы
Тірі организмдердің тіршілік деңгейлері
Молекулалық –генетикалық деңгей-тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей.
Жасушалық деңгей-тірі ағзалардың көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі-жасушадан тұрады.
Ұлпалық деңгей-тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет.
Мүшелік деңгей-көп жасушалы организмдерде шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі біркелкі ұлпалар жиналып, мүшелік деңгейді құрайды.
Организмдік деңгей-жеке организмдерге тән барлық тіршілік процестері-қоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею жүреді.
Популяциялық-түрлік деңгей-алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады, ол бірте-бірте жаңа түрдің пайда болуына септігін тигізеді.
Биогеоценоздық деңгей-зат алмасуы мен қуат алмасуы негізінде тірі ағзалар мен өлі құрамдас бөліктерді мекен ету жағдайларын біріктіре зерттейді.
Биосфералық деңгей-жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы.
Түр критерийлері (өлшем).
Морфологиялық критерий-бір түр дараларының сыртқы және ішкі белгілерінің ұқсастығы.
Генетикалық критерий-әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері түрліше болғандықтан, бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды.
Физиологиялық критерий-бір түрдің зат алмасу, көбею, тітіркену, ұқсастығын сипаттайды.
Биохимиялық критерий-әр түрдің жеке топтарында жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделетінін анықтайды.
Географиялық критерий-түрдің таралу аймағын (ареалын) анықтайды.
Экологиялық критерий-әр түрдің нақты алып жатқан орнын (мекен ортасын) анықтайды.
Этологиялық критерий-әрбір жануар түрінің өзіне тән ерекшелік мінез-құлқын анықтайды.
Қызыл кітап
Қазақстанның «Қызыл кітабының» шыққан жылдары-1978, 1981, 1991, 1996.
Тірі материяны зерттеу әдістері
Бақылау
Салыстыру
Сынақ-тәжірибе (эксперимент)
Тарихи әдіс
Модельдеу
Экология негіздері
Экология- тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым.
«Экология» терминін ғылымға алғаш рет неміс биологы 1866 жылы Э.Геккель енгізді.
Экологияның бағыттары:
Биоэкология-тірі ағзаларды, оның тіршілік ортасындағы өзгерістерін, адамның іс-әрекетімен байланыстарын зерттейді.
Аутэкология-жеке ағзалар мен популяцияларға сан алуан сыртқы орта факторларының әсерін зерттейді.
Демэкология-популяцияның орта мен популяцияның ішкі үдерістерімен тура және кері байланыстарын зерттейді.
Популяциялық экология-популяциялардың даму заңдылықтарын табиғи ортамен үйлесімдік жағдайында зерттейді.
Синэкология-популяция, бірлестіктер мен экожүйелер арасындағы қарым-қытынастарды зерттейді.
Геоэкология-жер қабығының даму заңдылықтарын, оның барлық тіршілік ырғағын біртұтас организм ретінде әлемдік деңгейде қарастырады.
Адам экологиясы- биосфера шегіндегі барлық мәселелерді және антропогендік экожүйелерді зерттеуді қамтитын кешенді ғылым.
Әлеуметтік экология-адам қауымдастығы мен табиғат арасындағы байланыстарды қарастыра отырып, адамның тіршілік ортасын салауаттандыруды зерттейді.
Экологиялық факторлар
Экологиялық факторлар-ағзаға әсер ететін (қажетті немесе теріс) қоршаған ортаның барлық жағдайлары.
Экологиялық факторлар бөлінеді:
Абиотикалық (бейбиотикалық) (жарық, температура, ылғалдық, топырақтың тұздылығы, суыдң тұздылығы, қысым, атмосфералфқ газдар, т.с.с.);
Биотикалық (түрлі топтағы тірі ағзалардың бір-бірімен тіршілік ететін ортасымен қарым-қатынасының жиынтығы);
Антропогенді (адам және оның шаруашылық әрекетінің тіршілік ортасына және тірі ағзаларға әсерінің жиынтығы).
Абиотикалық (бейбиотикалық)фактор
А) Жарық.
Барлық тірі ағзалардың негізгі энергия көзі-Күн жарығы.
Жарық сүйгіштер-фототрофтыжәне жарықты сүймейтіндер-фотобобты.
Фотопериодизм-тірі ағзалардың жарықтың ұзақ түсуіне жауап қайтару реакциясы.
Биологиялық сағат-тірі ағзалардың күн мен түннің ұзақтығына жауап қайтару реакциясы.
Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіктерді қысқа күнді және ұзақ күнді деп екіге бөледі.
Биологиялық ырғақ-ағзалар тіршілігінде жыл сайын қайталанып отыратын өзгерістер.
Ә) Ылғал.
Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары:
Ксерофиттер-ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері (шөл, шөлейт, дала).
Жапырақтарында транспирацияның азаюы, тамырларының тереңге кетуі (сексеуіл, жүзген, жусан, селеу, теріскен, қылша, күйреуік).
Суккулентер-ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтардың өсімдіктері. Олардың жапырақтары, сабақтары етженді болып жұмырланған немесе тікенектерге айналған (кактус, алоэ, агава).
Мезофиттер-жартылай ылғалды аймақтарда өседі, ксерофиттер мен гигрофиттер арасындағы аралық топ. Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді ( беде, атқонақ, інжугүл, саумалдық, қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер).
Достарыңызбен бөлісу: |