Анықтамалық материалдармен терминдер 2019-2020 оқу жылы Анықтамалық материалдар Биология ғылымының негізгі салалары


Кемел адамның мүшелері, олардың салмағы және жалпы дене салмағынан алатын % үлесі



бет27/33
Дата12.10.2022
өлшемі118,9 Kb.
#152768
түріАнықтамалық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
Биологиядан анык термин
9 лекция, 7 сынып. №7. Әлеуметтік география (1)
1. Кемел адамның мүшелері, олардың салмағы және жалпы дене салмағынан алатын % үлесі
(Мамедов бойынша, 1998)

Мүшелер

Салмағы (грамм есебімен)

Жалпы дене
салмағынан алатын % үлесі

Бұлшық еттері

30 000

43

Қаңқасы

10 000

14,3

Май ұлпасы

10 000

14,3

Тері және теріасты



шел қабаты

6 100

8,7

Қан

5 400

7,7

Асқазан-ішектері

2 000

2,9

Бауыр

1 700

2,4

Ми

1 500

2,1

Өкпе (2)

1 000

0,14

Жүрек

300

0,24

Бүйрек (2)

250

0,35

Көкбауыр

150

0,2

Қуық

150

0,2

Ұйқы безі

70

0,1

Аталық без (2)

40

0,06

Аналық без (2)

10–14

0,016

Жұлын

30

0,04

Көз (2)

30

0,04

Қалқанша без

20

0,03

Тістер

20

0,03

Қуық асты безі

20

0,03

Басқа мүшелер (қантамырлары, шеміршектер, жүйкелер және т. б.)

1 220

1,7

Жалпы дене

70 000

100

2. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

Гормондар

Бөлетін бездер

Ағзаға әсері

Тироксин

Қалқанша безі

Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады

Паратгормон

Қалқаншамаңы безі

Кальций және фосфор алмасуын реттейді

Инсулин

Ұйқы безінің аралды бөлігі

Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы
қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді

Глюкагон

– ” –

Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді.

Адреналин

Бүйрек үсті безінің милы заты

Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді

Норадреналин

 – ” –

Қантамырларын тарылтады.

Өсу гормоны (соматропты гормон)

Гипофиздің алдыңғы бөлігі

Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді

Тиреотропты гормон

 – ” –

Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннің түзілуіне әсер етеді

Адренокортикотропты
гормон (АКТГ)

– ” –

Бүйрек үсті бездерінің өсуін және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді

Окцитоцин

(Гипоталамус
гипофиздің
артқы бөлігі)

Жатырдың бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді

Вазопрессин

 – ” –

Бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды

Тестостерон (андрогендер)

Аталық бездер

Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді

Эстрадиол (экстрогендер)

Аналық бездер

Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

3. Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері

Асқорыту сөлдері

Тәуліктік бөлінітін мөлшері

рН

Құрамы

1. Сілекей

50–2000 мл

5,6–7,6

Су және амилаза

2. Қарын сөлі

2,0–3,0 л

1,49–1,8

Тұз қышқылы, су, липаза, лизоцим, пепсин

3. Панреатин сөлі

600–700 мл

8,6–9,0

Су, амилаза, липаза,
фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер

4. Өт

500–1200 мл

5,6–8,5

Су, билирубин,
холестерин, май, май
қышқылы, лецитин,
холин және т. б.

5. Аш ішек сөлі

1000 мл

5,05–7,07

Су, сахараза, лактаза,
жуық энтерокиназа,
липаза, рибонуклеаза және т.б.

6. Тоқ ішек
сөлі

270–1550 мл

6,1–7,31

Су

4. Балалар мен жасөспірімдердің жұмсайтын тәуліктік
энергия мөлшері

Жас кезеңі

Жұмсайтын
тәуліктік
энергиясы,
кДж (ккал)

Жас кезеңі

Жұмсайтын тәуліктік энергиясы, кДж (ккал)

6 ай–1 жас

3 349 (800)

7–10 жас

10 048 (2 400)

1–1,5 жас

5 443 (1 300)

11–14 жас

11 932 (2 850)

1,5–2 жас

6 280 (1 500)

14–17 жас
(бозбалалар)

13 188 (3150)

3–4 жас

7 536 (1 800)

13–17 жас
(бойжеткендер)

11 514 (2 750)

5–6 жас

8 374 (2 000)

Жемістер мен тұқымдардың таралуы


Өздігінен:сары қараған, шытырлақ
Жел арқылы: қызғалдақ қауашағы, терек, бақбақ, үйеңкі, қайың
Құс арқылы: мойыл, долана, шетен, інжугүл
Жануарлар мен адам арқылы: шоңайна, итошаған,кәріқыз-өсімдіктер жемістерінде ілмешектер, тікенектері болады
Су арқылы: жалбыз, қоға, қамыс, субұрыш, тұңғиық, су сарғалдағы


Тірі организмдердің тіршілік деңгейлері

  1. Молекулалық –генетикалық деңгей-тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей.

  2. Жасушалық деңгей-тірі ағзалардың көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі-жасушадан тұрады.

  3. Ұлпалық деңгей-тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет.

  4. Мүшелік деңгей-көп жасушалы организмдерде шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі біркелкі ұлпалар жиналып, мүшелік деңгейді құрайды.

  5. Организмдік деңгей-жеке организмдерге тән барлық тіршілік процестері-қоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею жүреді.

  6. Популяциялық-түрлік деңгей-алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады, ол бірте-бірте жаңа түрдің пайда болуына септігін тигізеді.

  7. Биогеоценоздық деңгей-зат алмасуы мен қуат алмасуы негізінде тірі ағзалар мен өлі құрамдас бөліктерді мекен ету жағдайларын біріктіре зерттейді.

  8. Биосфералық деңгей-жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы.



Түр критерийлері (өлшем).

  1. Морфологиялық критерий-бір түр дараларының сыртқы және ішкі белгілерінің ұқсастығы.

  2. Генетикалық критерий-әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері түрліше болғандықтан, бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды.

  3. Физиологиялық критерий-бір түрдің зат алмасу, көбею, тітіркену, ұқсастығын сипаттайды.

  4. Биохимиялық критерий-әр түрдің жеке топтарында жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделетінін анықтайды.

  5. Географиялық критерий-түрдің таралу аймағын (ареалын) анықтайды.

  6. Экологиялық критерий-әр түрдің нақты алып жатқан орнын (мекен ортасын) анықтайды.

  7. Этологиялық критерий-әрбір жануар түрінің өзіне тән ерекшелік мінез-құлқын анықтайды.

Қызыл кітап
Қазақстанның «Қызыл кітабының» шыққан жылдары-1978, 1981, 1991, 1996.


Тірі материяны зерттеу әдістері

  1. Бақылау

  2. Салыстыру

  3. Сынақ-тәжірибе (эксперимент)

  4. Тарихи әдіс

  5. Модельдеу

Экология негіздері
Экология- тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым.
«Экология» терминін ғылымға алғаш рет неміс биологы 1866 жылы Э.Геккель енгізді.
Экологияның бағыттары:

  1. Биоэкология-тірі ағзаларды, оның тіршілік ортасындағы өзгерістерін, адамның іс-әрекетімен байланыстарын зерттейді.

  2. Аутэкология-жеке ағзалар мен популяцияларға сан алуан сыртқы орта факторларының әсерін зерттейді.

  3. Демэкология-популяцияның орта мен популяцияның ішкі үдерістерімен тура және кері байланыстарын зерттейді.

  4. Популяциялық экология-популяциялардың даму заңдылықтарын табиғи ортамен үйлесімдік жағдайында зерттейді.

  5. Синэкология-популяция, бірлестіктер мен экожүйелер арасындағы қарым-қытынастарды зерттейді.

  6. Геоэкология-жер қабығының даму заңдылықтарын, оның барлық тіршілік ырғағын біртұтас организм ретінде әлемдік деңгейде қарастырады.

  7. Адам экологиясы- биосфера шегіндегі барлық мәселелерді және антропогендік экожүйелерді зерттеуді қамтитын кешенді ғылым.

  8. Әлеуметтік экология-адам қауымдастығы мен табиғат арасындағы байланыстарды қарастыра отырып, адамның тіршілік ортасын салауаттандыруды зерттейді.



Экологиялық факторлар
Экологиялық факторлар-ағзаға әсер ететін (қажетті немесе теріс) қоршаған ортаның барлық жағдайлары.
Экологиялық факторлар бөлінеді:

  • Абиотикалық (бейбиотикалық) (жарық, температура, ылғалдық, топырақтың тұздылығы, суыдң тұздылығы, қысым, атмосфералфқ газдар, т.с.с.);

  • Биотикалық (түрлі топтағы тірі ағзалардың бір-бірімен тіршілік ететін ортасымен қарым-қатынасының жиынтығы);

  • Антропогенді (адам және оның шаруашылық әрекетінің тіршілік ортасына және тірі ағзаларға әсерінің жиынтығы).




  1. Абиотикалық (бейбиотикалық)фактор

А) Жарық.

  • Барлық тірі ағзалардың негізгі энергия көзі-Күн жарығы.

  • Жарық сүйгіштер-фототрофтыжәне жарықты сүймейтіндер-фотобобты.

  • Фотопериодизм-тірі ағзалардың жарықтың ұзақ түсуіне жауап қайтару реакциясы.

  • Биологиялық сағат-тірі ағзалардың күн мен түннің ұзақтығына жауап қайтару реакциясы.

  • Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіктерді қысқа күнді және ұзақ күнді деп екіге бөледі.

  • Биологиялық ырғақ-ағзалар тіршілігінде жыл сайын қайталанып отыратын өзгерістер.

Ә) Ылғал.
Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары:

  1. Ксерофиттер-ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері (шөл, шөлейт, дала).

Жапырақтарында транспирацияның азаюы, тамырларының тереңге кетуі (сексеуіл, жүзген, жусан, селеу, теріскен, қылша, күйреуік).

  1. Суккулентер-ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтардың өсімдіктері. Олардың жапырақтары, сабақтары етженді болып жұмырланған немесе тікенектерге айналған (кактус, алоэ, агава).

  2. Мезофиттер-жартылай ылғалды аймақтарда өседі, ксерофиттер мен гигрофиттер арасындағы аралық топ. Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді ( беде, атқонақ, інжугүл, саумалдық, қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер).



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет