Анықтамалық материалдармен терминдер 2019-2020 оқу жылы Анықтамалық материалдар Биология ғылымының негізгі салалары



бет33/33
Дата12.10.2022
өлшемі118,9 Kb.
#152768
түріАнықтамалық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Биологиядан анык термин

Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар:

    1. Сандық пирамида-ағзалардың жеке сандық көрсеткішін айқындайды.

    2. Биомасса пирамидасы-белгілі мен көлем мен уақыттағы жалпы құрғақ салмақты анықтайды

    3. Энергиялық пирамида-энергия ағынының қуатын немесе «өнімділікті» анықтайды.



Шыршалы орманда өсімдіктер сатылы болып өседі:
I.Ең биік өскен-шырша ағаштары;
II. Көлеңкеге төзімді-итмұрын қарақат, үшқат бұталары
III.Шөптесін өсімдіктер
IV. Мүк



  • Жабық тұқымдылар (гүлді өсімдіктер)-250 000 түр ГҮЛ ТҰҚЫМДАСТАРЫ




ҚОС ЖАРНАҚТЫ ӨСІМДІКТЕР КЛАСЫ 75%



Тұқымдас

Өсімдік түрлері , маңызы

Гүл формуласы

Жемісі

1

Раушангүл
Д/ж 3000
ҚР 35
Көпшілігі жеміс ағаштары

Ағаш: шие, алма, алмұрт, өрік, алхоры, шабдалы, мойыл, шетен, долана
Бұта: раушан, таңқурай, итмұрын
Шөптесін: қойбүлдірген, шыршай, байғұт,
түзу сабақты қазтабан, теңгежапырақ





5К5АЖ1


Итмұрын- *Т(5)К5АЖ



Сүйекті-шырынды-мойыл, шие
Құрама тұқымша- қойбүлдірген
Құрама сүйекті (көпсүйекті)- таңқурай
Көп жаңғақшалы- итмұрын

2

Бұршақ
Д/ж 12 000
ҚР 650
Тамырында селбесіп,топырақты азотты тыңайытқышпен байытатын түйнек бактериясы бар

Сәндік: ақ қараған, сары қараған
Тағамдық:асбұршақ, үрмебұршақ, жасымық, жержаңғақ, нұт -ақуызға бай, соя-май алынады
Мал азықтық: сары бөрібұршақ, ақбас түйежоңышқа, беде, сиыржоңышқа
Дәрілік: жалаң қызыл мия-жөтелге қарсы, кассия(сана)-іш босататын дәрі
Улысы-тентекмия

Гүлшоғыры-шашақгүл, бедеде-шоқбарбасгүл

Т(5) К3+(2) А(9)+1Ж1


Немесе
Т(5)К1,2+(2)А(9)+1Ж1
ең ірі күлтесі-желкен,
бірікпеген бүйіріндегі 2 күлте-ескек,
біріккен 2 күлте-қайықша
Аталық пен аналық-қайықша ішінде орналасқан

Бұршаққап

3

Алқа
(кіріккенкүлтелілер)
Д/ж 2 900
ҚР 23

Тағамдық: баклажан, қызан, болгар бұрышы, картоп
Дәрілік: сасық/қара меңдуана, итжидек
Сәндік: жұпар иісті темекі, шырайгүл (петуния), қызылқұлақ (физалис)

(5)К(5)А5Ж1

Жидек, қауашақ

4

Күрделігүлділер
Гүлшоғыры-себетгүл
Д/ж 20 000
ҚР 700



Май алынады:күнбағыс, мақсыр
Дәрілік: дермене (эндемик), түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл, өгейшөп
Малазықтық: жералмұрт (топинамбур)
Сәндік: қашқаргүл, бақытгүл, нарғызгүл
Арамшөп: ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікен



0 К(5) А(5) Ж(2)
(Бақбақ гүлі)
Дәрілік түймедағының:
А) түтікшелі гүлі-
0 К(5) А(5) Ж(2)
В) жалған тілше гүлдер-
0 К(0+3) А0 Ж(2)
Күнбағыс себетінің шетіндегі жалған тілше гүлі-
0 К(3) А0 Ж0

Айдарлы/айдарсыз тұқымша-ұшпа жемісті

5

Құлқайыргүлділер
Д/ж 1 000
ҚР 18



Арқан есіп, кап тоқиды-бұйдакендір
Дәрілік: жалбызтікен-қақырық түсіргіш
Мақта-жылу сүйетін қысқа мерзімді өсімдік
Сәндік: айдарша (штокроза), қытай раушаны

Мақта гүлі-
3+(5)К5А((∞)
3-тостағаншаның сыртын қаптайтын бірікпеген жапырақша



Қауашақ
Көсек-ашылмай қалған, шала ашылған қауашақ
Мақта тұқымы-24-26% май
Щит-мақтаның ұрық шашатын тұқымы

6

Шаршыгүлділер
(крестгүлділер-орамжапырақгүлділер)
Гүлшоғыры-шашақ
Д/ж 3 000

Көкөніс:Орамжапырақ, шомыр, шалғам, тарна Татымды: қыша (горчица), ақжелкек
Майлы: рапс, арыш
Дәрілік: ақбасқурай
Арамшөп: қышабас, жұмыршақ



Жабайы шомыр- 2+2К4А2+4Ж(2)
аталығының 4-ұзын, 2-қысқа



Бұршаққын, бұршаққынша

7

Ерінгүлділер
Д/ж 3 500
Сабағы 4 қырлы, жапырақтары қарама-қарсы, күлтесі қос ерінді тәрізді бірігіп кеткен

Парфюмериялық: гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, мысық көкбасшөп
Дәрілік: жалбыз, сәлбен (шалфей)- «тіршілік шөбі»-ойық жараны емдеу, гүлдерінен өрілген шеңбер адам жасын ұзартып, жасартады, тұқымынан алынған тұнба бала көтеруге себепші болады.

(5)С(2+5)А4Ж(2)



Сүйекті жеміс, бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша

8

Асқабақ
бақша өсімдіктері
Д/ж 900
ҚР 9

Бақшалық: асқабақ, қарбыз, қауын, қияр
Жабайы: итжүзім-халықтық медицинада тамырын іш босатуға пайдаланады

5К(5)А(2)+(2)1 н/е5 Ж(3)
Асқабақ-даражынысты, бірүйлі:
А) Аталық (♂) гүл-
(5)К(5)А(2)+ (2)+1Ж0-ұзын гүлсағақтарда болады
В) Аналық (♀) гүл-*Т(5)К(5)А0Ж(3)-қысқа гүлсағақтарда болады

Қабақ

9

Алабота
Д/ж 1500
ҚР 218

Арамшөп: ақ алабота-өртеп, күлінен сақар алып, сабын жасауға пайдаланған
Отын: көкпек, баялыш, ақ сексеуіл
Дәрілік: итсигек (бұйырғын)-анабазин алынады, оны қышыма, малдың тері ауруларына қарсы және а/ш зиянкестеріне қарсы дәрі ретінде қолд.
Көкөністік:қызылша(қант қ.-23% қант), шпинат

Гүлдері-түссіз, гүлшоғыры-масақ, сыпыртқыгүл
Ақ алабота- 4А4Ж1
Бақша шпинаты-екі үйлі
Аналық гүл-К0А0Ж(1)
Аталық гүл- К4А4Ж0



Жаңғақша

10

Көкнәр
Д/ж 700
ҚР 44



ҚР Қызыл кітабында:жіңішке көкнәр
Дәрілік: ұйықтататын көкнәр (апиын),сүйелшөп
Сәндік: жалаңсабақ/жіңішке айдаршөп



Жабайы көкнәр-*Т2К2+2А∞Ж∞
Гүлі ашылғанда тостағаншасы дереу түсіп қалады

Қауашақ

ДАРА ЖАРНАҚТЫ ӨСІМДІКТЕР КЛАСЫ 25%



Тұқымдас

Өсімдік түрлері , маңызы

Гүл формуласы

Жемісі

1
Л
А
Л
А

Лалагүл
Д/ж 4 000 (1 300)
ҚР 57
Тамыры-сабансабақ, пиязшық
Жапырағы-қандауыр/таспа пішінді

Дәрілік: лапыз, тамырдәрі, қырлышөп
Сәндік: секпілгүл, сүмбілшаш, қызғалдақ
Бөлме өсімдігі-кірпішөп (аспарагус)
Техникалық: шырыш

Гүлшоғыры-шашақ
Қазжуа-*Гс3+3А3+3Ж(3)
Гс-гүлсерік



Қауашақ н/е жидек

2
Г
Ү
Л

Пияз
Д/ж 650
ҚР 110



Тұмауға қарсы дәрі: пияз, сарымсақ-ерекше ұшпа зат-фитонцидтер бөледі
Сарымсақ-а/ш өсімдіктер зиянкестеріне қарсы пайд.
А)Күздік сарымсақ-сабақтанады, қысқа қарай егіледі
Б)Жаздық сарымсақ-сабақтанбайды, көктемде егіледі

Гүлшоғыры-жай шатырша
Басты пияз*Гс3+3А3+3Ж(3)



Қауашақ

3
Қ
А
Т
А

Інжугүл
ҚР Қызыл кітабында-май інжугүлі



Інжугүл-тамырсабақты, улы, тұқымын құстар таратады.
Інжугүлдің:
а) дәрі үшін жапырақтары-жүрек жұмысын жақсартады
ә) парфюмерияға-гүлі пайдаланады

Гүлдері-қоңырау пішінді
*Гс(3+3)А3+3Ж(3)



Жидек

4
Р
Ы

Құртқашаштар
Д/ж 1 800
ҚР 35

Сәндік: құртқашаш-«жыланқияқ», баршынгүл, запран

*Гс6А3Ж1
Гс-гүлсерік,оның 3-төмен салбырап, 3-тік тұрады

Үш ұялы үлкен қауашақ

5

Астық
Д/ж 10 000
ҚР 418
Сабағы-сабансабақ, Жапырағы-қынапты, Буын түбінде түзуші ұлпадан тұратын қыстырма бойы бар

Тағамдық: бидай, тары,күріш, жүгері, қант қамысы
Малазықтық: сұлы,қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, арпабас
Құрылыс материалы: бамбук, алып сүрек-қамыс
Құмай (сорго)-азықтық, малазықтық, техникалық өсімдік

Гж2А3Ж(3)
Гж-гүлжарнақ
Гүлшоғыры:
күрделі масақ-бидай; сыпыртқыгүл-тары, сұлы
собық-жүгерінің аналық гүлі
Күріш- Гс2А3+3Ж(3)

Дәнек
Екпе күріш дәнегінде-9-12%нәруыз, 65-70%
көмірсу, 4-6%май болады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет