Биологиялық сағат-ағзалардың күн мен түннің ұзақтағына жауап қайтару реакциясы.
Экологиялық жүйелер
«Экожүйе» терминін 1935 жылы ағылшын ботанигі А.Тенсли енгізді.
Экожүйе-түрлердің тұрақты деңгейі, орасан кең аймақ көлемінде болатын кез-келген зат айналымын қамтамасыз ететін жүйе.
Биогеоценоздегеніміз-жер бетінің бір аймағындағы тірі ағзалар мен айналадағы орта арасындағы бірлестік.
Биогеоценоз –ащық табиғат жүйесі.
Барлық тірі ағзалар қоректену әдістеріне байланысты 2 топқа бөлінеді: автотрофтар және гетеротрофтар.
Автотрофтар-айналадағы ортаның бейорганикалық заттарынан күн сәулесінің қатысуымен органикалық заттарды синтездейді (өсімдіктер).
Гетеротрофтар-дайын органикалық заттармен қоректенеді (жануарлар).
Биогеоценоз негізін-продуценттер(органикалық заттарды түзушілер)-жасыл өсімдіктер құрайды.
Дайын органикалық заттарды пайдаланатындар-консументтер(жануарлар).
Өсімдік пен жануарлар қалдықтарын ыдырататын-редуценттер(микроағзалар)болады.
Қоректік байланыстар
Қоректік тізбекдегеніміз-бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі.
Жасыл өсімдіктер-бірінші, фитофагтар-екінші, жануаржегілер (зоофагтар)-үшінші қоректік деңгейді түзеді.
Қоректену тізбегінде әрбір келесі қоректену деңгейінде биомасса мөлшері орта есеппен 10 еседей кемиді. Бұл заңдылық-экологиялық пирамида ережесі деп аталады.Бұл заңдылықты американдық зоолог Ч.Элтон зерттеген. Сондықтан ол «Элтон пирамидасы» деп те аталады.