Хамефиттер (грекше «chamai»-жер бетінде)-өркендері жер бетіне төселіп өсетін көп жылдық өсімдіктер.
Гемикриптофиттер(грекше «hеmi»-жартылай)-жер бетіндегі өркендері қыста үсіп қалатын, ал пиязшықтары сақталатын өсімдіктер.
Криптофиттер(грекше «kruptos»-жасырын) немесе геофиттер (грекше «ge»-Жер)-топырақтың терең қабатында тамыр түйнектері, пиязшықтары, тамырсабақтары сақталып қалатын көп жылдық өсімдіктер (шалқан, аңдыз, ашкөк).
Терофиттер(грекше «theros»-жаз)-жер асты, жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын бір жылдық өсімдіктер (эфемерлер).
Тітіркенгіштік және қозғалыс.
Таксис-өсімдіктер мен жануарлардың тітіркенгіштіктердің әрекетіне жауап қайтаратын қозғалыс.
Хемотаксис-ағзаның химиялық заттар (тұздар, қышқылдар,т.б) әрекеті.
Термотаксис-ағзаның қоршаған ортаның өзгерісіне жауабы.
Фототаксис-ағзаның жарық деңгейіне жауабы.
Тропизм-бұл өсімдіктердің немесе олардың мүшелерінің тітіркенідргішке бағыттала қозғалуы.
Гелиотропизм-өсімдіктің күнге қарай бағытталып жоғары қарай өсуі.
Геотропизм-тамырлардың жер ортасына қарай төмен бағытталуы.
Безгек масасы мен қалақай көбелектері-ересек күйінде, орамжапырақ көбелегі-қуыршақ сатысында, жібек көбелегі-жұмыртқа сатысында қыстап шығады.
Фотопериодизм.___Биологиялық_ырғақ'>Биологиялық ырғақтың себептері. Фотопериодизм.
Биологиялық ырғақ-әрбір түрде эволюция барысында өсу, даму, көбею, ұрпағына қамқорлық жасау, тіршілігінде қолайсыз жағдайларға алдын ала бейімделуіне сәйкес белгілі бір жылдық жүйелілік.
Биологиялық ырғақ-тәуліктік (мұхиттардың тасуы мен қайтуы), айлық, жылдық болып бөлінеді.
Фотопериодизм-ағзалардың күн сәулесінің ұзақ түсуіне қайтаратын жауап реакциясы. Фотопериодизмнің ерекшелігіне қарай қысқа күнді және ұзақ күнді ағзалар деп екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |