Педосфера-Жердің топырақ қабаты.
Гидросфера-Жердің су қабаты.
Атмосфера-Жердің ауа қабаты.
Биосфера- Жердің тіршілік қабаты.
Ноосфера- Жердің саналы қабаты (адам).
Гидросфера
Жер бетінің 70,1% теңіздер мен мұхиттар алып жатыр, оның бәрін қосып Дүниежүзілік мұхит деп атайды. Мұхиттың ең терең жері –Мариан қазаншұңқыры.
Атмосфера
Атмосфера қабаты Жер ғаламшарының 100 км биіктікке дейінгі аралығында орналасқан. Атмосфераның жер бетіне жақан төменгі қабаты-тропосфера (грекше «tropos»-бұрылыс) деп аталады.Тропосфера орта есеппен 15 км биіктікке дейінгі аймақты қамтиды.
Тропосферадан 100 км биіктікке дейінгі қабат-стратосфера (латынша «stratum»-қабат) деп аталады.
Атмосфера қабатының 20-50 км биіктігінде тірі организмдердің тіршілігін Күннің ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерінен қорғайтын озон қабаты бар.
Ионосфера-стратосферадан жоғары орналасқан қабат, онда сирек газдар басым.
Топырақ биомассасы
Топырақтану ғылымының негізін салған ғалым-В.В.Докучаев.
Топырақтың құнарлығы оның құрамындағы қарашіріккебайланысты.
Аэробионттар-ауаға ұшып шығатындар (құстар, жәндіктер, жарқанаттар).
Организм-иесінің сыртында (экзопаразиттер) немесе ішінде (эндопаразитер) тіршілік ететін және соның есебінен қоректенетін организмдер-паразиттердеп аталады.
Топырақ эрозиясы- топырақтың беткі құнарлы бөлігінің су, жел және агротехниканың әсерінен бұзылуы.
Гидробионттар (грекше «hudor»-су, «bion»-тіршілік) -суда тіршілік ететін организмдер.
Планктондар(грекше «planktos»-кезеген)-судың беткі қабатында су ағысымен қалқып жүретін организмдер.
Планктондарға-бір жасушалы балдырлар, қарапайым жануарлар, медузалар, кейбір ұлулар, шаянтектестер жатады.
|