ЖҚЖ мен дамитын АШ кенеттен басталған əлсіздік, құлақта шу, ақпа термен сипатталады. Тері түсінің бозғылдығы акрацианоздың айқындылығымен, АҚ төмендеуінің, жіп тəрізді пульс, жүрек тондары кенеттен əлсіреген. Бірнеше минуттан кейін есінен тану, тырысулар болады. Жүрек – қан тамыр жетіспеушілігінен өлімге ұшырауы мүмкін.
2. Рецидивті ағымы – клиникалық жағдайы жақсарған соң бірнеше сағат немесе тəуліктен кейін қайта шоктың пайда болуымен сипатталады. Кейде қайта дамыған шок алдыңғысына қарағанда ауыр өтеді жəне емге тұрақты болады.