Диагностика
Диагностика критерилері
Шоктың жедел қатерлі ағымында шағымдары болмайды. Кенеттен естің жоғалуымен басталып, жүректің тоқтауы жəне клиникалық өлім болады.
Шок симптомдарының сипаттамасы (типті):
- тері жабындысының түсі өзгереді (тері қызаруы немесе бозғылдық, цианоз);
- əр түрлі экзантемалар;
- қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі;
- суық тер;
- түшкіру, жөтел, қышу сезімі;
- жас ағу;
- құсу;
- аяқ-қолдың клоникалық тырысулары ( кейде тырысулық құлау);
- қозғалыс бұзылыстары;
- «өлімнен қорқу»;
- еріксіз зəр, нəжіс, газ бөлінуі.
Объективті клиникалық зерттеуде анықталады:
- жиі жіп тəрізді пульс ( перифериялық қан тамырларда);
- тахикардия (сирек брадикардия, аритмия);
- жүрек тондері тұйықталған;
- артериалдық қысым тез төмендейді ( ауыр жағдайда төмен қысым анықталмайды).
- жеңіл жағдай кезінде салыстырмалы түрде АҚ төмендемейді, төменгі критикалық деңгей 90-80 мм.рт.ст. Алғашқы минуттарда кейде АҚ аздап төмендеуі мүмкін;
- тыныс бұзылысы (ентігу, қиындаған сырылды тыныс, ауыздан көбік ағу);
- қарашық кеңейген жəне жарыққа реакция жоқ.
АШ ағымының гемодинамикалық вариантында жүрек-қан тамыр бұзылыстарыны симптомдары байқалады:
- жүрек тұсындағы қатты ауыру сезімі;
- ырғақ бұзылуы;
- əлсіз пульс;
- АҚ төмендеу;
- жүрек тондары тұйықталған;
- перифериялық қан тамырлар спазмы (тері бозғылдығы) немесе кеңейген (гиперемия, ісінулер).
Басқа клиникалық симптомдар көрінісі аз көрінеді.
Асфиксиялық вариантында басты орын ЖТЖ, ол көмей ісінумен, бронхтардың спазмымен, бронхтардың шырышты қабатының ісінуімен немесе өкпе ісінумен байланысты болып табылады. Ересектерде респираторлы дистресс – синдромы айқын гипоксияның дамуымен жүреді.
АШ-тың церебральды варианты сирек оқшауланып анықталады, ОЖЖ жағынан бұзылыстармен сипатталады: қозғыштық, есінен тану, жедел ісіну жəне ми ісігі, эпилептикалық статус, тыныс жəне жүрек тоқтауы.
АШ-тың абдоминальды вариантында бірінші орынға «жедел іш» симптомы: іштің барлық аймағында немесе құрсақ үсті аймақта ауыру сезімі, құсу, үлкен дəретке шақырулар, жиі диагностикалық қателіктермен өтеді. Осы вариантында жиі операция жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |