Шоктың I дəрежесі:
Компенсирленген, вазоконстрикция басым: жалпы жағдайы ауыр бозғыл, ерні жəне саусақ тырнақтары көгерген, беткей тыныс, гипотермия белгілері болады.
ОЖЖ жағынан симптоматикалар: əлсіздік, баяу реакция, қарашықтың тарылуы.
Кардиоваскулярлы өзгерістер: артериалдық қысым аздап төмендеген немесе қалыпты, баяу пульс.
Шоктың II дəрежесі:
Субкомпенсирленген вазодилатация басым: жалпы жағдайы өте ауыр, цианоз өте айқын, тынысы жиілеген, беткей, гипотермия, қатты шөлдеу, олигоанурия. Церебралды синдром: есінің жеңіл бұрмалануы, қарашық кеңейген, жарыққа реакциясы баяулаған.
Кардиоваскулярлы синдром: жүрек үндері тұйықталған, гипотония, тахикардия, экстрасистолия, толымсыз пульс, перифериялық веналардың тереңдеуі.
Қанда метаболикалық ацидоз, гипокалиемия, гипоксия.
Достарыңызбен бөлісу: |