Анықтамасы


Етеккір циклінің бұзылысы. Этиологиясы, жіктелісі



бет22/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак

69.Етеккір циклінің бұзылысы. Этиологиясы, жіктелісі.
Етеккір циклы – репродуктивті жүйе қызметінің циклдық өзгерістерімен сипатталатын әйел организмінде өтетін күрделі биологиялық процесс.
Этиологиясы:етеккір бұзылысының себептері:
1.Психикалық қатты сілкіністер.Психикалық және жүйкелік аурулар.
2.Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы – аштыққа шалдығу, авитаминоз.
3.Тұқым қуалаушылық және климаттық факторлар.
4.Профессионалды зияндылық, жыныстық жетілу кезіндегі қатты физикалық жұмыс атқару.
5.Індетті аурулар:нейроинфекциялар (тұмау,паротит,туберкулез, ревматизм).
6.Соматикалық аурулар (жүрек-қан тамыр аурулары, қан түзілу жүйесінің аурулар, бауыр аурулары).
7.Қалқанша безі мен бүйрек үсті безінің қызметтерінің бұзылысы.
8.Жыныстық жетілу мен менопауза кезінде жасқа байланысты гипоталамо-гипофизарлы жүйенің қайта дамуының бұзылыстары.
Классификациясы:
1.Аменорея – етеккірдің 6 ай бойы жоқ болуы.Аменорея түрлері:
-физиологиялық (жыныстық жетілуге дейінгі кезең,жүктілік кезінде,лактация кезінде және менопауза кезіндегі аменорея) және патологиялық (әртүрлі функционалды және органикалық аурулардан пайда болған аменорея)
- біріншілік- (етеккірдің 15-16 жасқа дейін бірде бір рет келмеуі) және екіншілік- (егер етеккір бір рет келіп, сосын келмесе)
- нағыз – (фегулярлы жүйеде циклдық өзгерістердің жоқ болуы) және жалған (гипоталамус – гипофиз – аналық без – жатырда және бүкіл организмде циклдық өзгерістер өтеді,бірақ механикалық тосқауылға байланысты етеккір болмайды ).
2.Гипоменструальды синдром – етеккір циклы бар,бірақ олар бұзылған.
А)етеккір кезіндегі қан мөлшерінің өзгеруі:
- гиперменорея (меноррагия) – қан мөлшерінің ұлғаюы;
-гипоменорея- қан мөлшерінің азаюы;
Б)етеккір ұзақтығының өзгеруі:
- полименорея – етеккірдің ұзақтығы 6-7 күннен асатын болса;
- спаниоменорея – ұзақтығының 1-2 күннен аспауы.
В)етеккір циклының ұзақтығының өзгеруі:
- проименорея- етеккір циклының ұзақтығы 21 күннен қысқаруы;
- олигоменорея – етеккір циклының 35 күннен асып 3- 5 ай келмеуі;
3.Дисфункциональды жатырдан қан кету- жүктілікке, жыныс мүшелерінің органикалық немесе қабыну ауруларына, жалпы организмнің жүйкелік,гемостаз немесе бауыр ауруларына байланысты емес, гипоталамо- гипофизарлы – аналық без жүйесіндегі функциональды өзгерістерге байланысты жыныстық гормондардың ретті секрециясының өзгеруімен сипатталатын қан кету.
4.Дисменорея- етеккірдің ауырып келуі, жалпы жағдайының өзгерулері байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет