Анықтамасы


Отбасын жоспарлау бойынша кеңес берудің негізгі принциптері



бет23/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак
Химия. №1 дәріс, Туберкулез органов дыхания у взрослых
70.Отбасын жоспарлау бойынша кеңес берудің негізгі принциптері.
Отбасын жоспарлау дегеніміз-ДДҰ анықтамасына сәйкес біруақытта бірнеше мәселелерді шешуге арналған шаралар жиынтығы болып табылады.Олар:
Қаламаған жүктіліктің алдын алу,тек қалаған баланы дүниеге әкелу,жүктіліктің интервалын бақылау,баланың дүниеге келу уақытын жоспарлау ата-анасының жасына сәйкес ,отбасыдағы бала санын анықтау.
Осы мәселелерді шешу үшін отбасын және некені жоспарлауға арналған медико-генетикалық консультацияға бару керек.
Маңызды болып контрацепция болып табылады,яғни ол қаламаған жүктіліктің алдын алуға көмектеседі және жасанды түсік жасататын әйелдер өлімінінің алдын алады.Жасанды түсік жасау әйел ағзасына өте ауыр асқынуларға алып келеді:қабыну аурулары,жатырдан тыс жүктілік,менструалды циклдың бұзылысы .Сонымен қатар бала көтере алмауға да алып келеді және жүктілік кезіндегі ,босану кезіндегі акушерлік асқынуларға алып келеді.Ал контрацепцияны қолдану қаламаған жүктіліктің алдын алады,сонымен қатар жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алады.
Контрацептивтік заттар төмендегі талаптарға сәйкес болуы керек:
-жоғары контрацептивтік эффективтілігі
-әйел ағзасына және ер адамға патологиялық әсері болмау керек;
-келесі ұрпаққа тератогенді әсері болмауы керек;
-қолданғанда қарапайым болуы қажет;
-бағасы қымбат емес,сонымен қатар конфиденциалды болу керек.


71.Контрацепция әдістері. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.
Контрацепция (лат. «contraceptio» -шектеу) жүктілікті механикалық(презерватив,мойындық қалпақтар),химиялық(қынаптық шариктер,грамицидинді паста), және басқа әдістер арқылы алдын алу.Кейбір әдістер (жиі презерватив )ВИЧ және басқа венерологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Контрацепция әдістері:контрацепция әдісінің эффективтілігін бағалау үшін Перля индексі қолданылады. Бұл индекс 1жыл ішінде контрацепция қолдана отырып ,100 әйелдің ішінен қаншасы жүкті болғанын көрсетеді.
Табиғи контрацепция әдістері:
1.Температуралық әдіс. Базальды температураны өлшеу және графикке енгізу.
2.Цервикальды әдіс.(Биллинг әдісі) Қынаптық бөліндінің өзгерісін бақылау.
3.Күнтізбелік әдіс. Әйелдің фертильді кезеңін анықтау және бұл кезеңде жыныстық қатынаста болмауы.
4.Арнайы тест көмегімен гормондар дейгейін өлшеу. Таңғы зәрде ЛГ және ФСГ концентрациясын өлшеу.
5. Үзілген жыныстық акт. Ер адамның эякуляция басталмас бұрын жыныс мүшесінің басын қынаптан алып тастайды.
6. Лактационды аменоррея әдісі. Бала туылғаннан 6 айға дейін емшекпен қоректендіру кезінде эффективті.
Барьерлік әдіс:
Барьерлік(механикалық)әдістің мақсаты аналық клетканың сперматозоидпен кездесуін болдырмаудың алдын алу.
Ер адам үшін:
Презерватив . Жіңішке резинадан тұратын қап( жиі латекс)Жыныс мүшесіне киіледі,эякуляциядан кейн сперма соның ішінде қалады.
Әйел адам үшін :
Әйел презервативі ( Фемидом) Қынапқа салынатын полиуретаннан немесе латекстен тұратын түтік.
Диафрагма. Сперматозоидтың жатырға енуінен қорғайды.
Жатырлық қақпақша . Латекстен немесе силиконнан жасалған қалпақша жатыр мойнын жауып тұрады.
Гормоналдық контрацепция.
Гормоналдық препараттар құрамына байланысты әртүрлі әсер етеді. Комбинирленген оральді контрацептивтер (КОК) овуляцины төмендетеді,цервикальды кілегейді қоюлатады,нәтижесінде жатыр мойны сперматозоидтарды өткізбейді,сонымен қатар жатырдың кілегей қабатын өзгертеді нәтижесінде ұрықтанған жұмыртқа клеткасы жабыса алмайды.
Мини –пили әсер етуі(құрамында аз мөлшерде тек прогестин бар) овуляцияны төмендетпейді тек цервикальды кілегейге әсер етеді және ұрықтанған жұмыртқа клеткасының жатырға бекуіне кедергі келтіреді.
1. Комбинирленген оральді контрацептивтер. Құрамында эстроген және прогестин бар.
2. Мини-пили. Құрамында тек прогестин бар.
3. Гормональды инъекция. Бұлшықетішілік инъекция әрбір 3 ай сайын жүргізіледі.Құрамында прогестин бар.
4. Норплант. Теріге имплантат қойылады,құрамында левоноргестрел
5. Гормональды сақина.НоваРинг .Майысқыш контрацептикалық сақина;Құрамында аз мөлшерде эстроген және прогестерон бар.
6. Гормональды пластырь Евра.Жіңішке пластырь;гормондарды ағзаға қан арқылы береді.
7. Гормональды жатырішілік спираль (Мирена) Құрамында левоногестрел.
8. Посткоитальды контрацепция. Контрацептикалық шара қорғалмаған жыныстық қатынастан соң жүргізіледі.
Гормональды контрацепция кемшіліктері:
1.Венерологиялық аурулардан қорғамайды.
2.Контрацептивті ұзақ қолдану кандидоз,веналардың тромбозын,инфаркт,инсульт , сонымен қатар онкологиялық аурулар (сүт безі рагі,жатыр мойнының аденокарциномасын ,бауыр рагін) тудыру мүмкін.
3.Таблетканы қабылдау ұзақ және міндетті түрде өз уақытында болуы қажет,сондықтан аса мұқияттылықты қажет етеді.
4.Әрбір ұмытылған таблетка жүктілік қаупін тұғызады.
5.Кейбір жағдайда жағымсыз әсер туғызуы мүмкін: жүрек айну,бас айналу,құсу,бас ауруы,сүт бездерінің ұлғаюы,салмақ қосу.
КОК қабылдаудың салыстырмалы қарсы көрсеткіштері:
1. Орта дәрежелі АГ. Веналардың варикозды кеңеюі.Психикалық аурулар,эпилепсия
2. Сүт безінің рагі.(5жыл бойыеш белгісіз)
3. Жоспарлы хирургиялық араласу (операциядан 4 апта бұрын)
4. Серповидті жасушалық анемия.
5. Жедел мононуклеоз
6. Жасы 35 тен асқан тәулігіне 15 артық шылым шексе
КОК қабылдаудың абсолютті қарсы көрсеткіштері:
1.жүрек –қантамыр жүйесінің ауыр аурулары
2.тромбофлебит
3. АГ ауыр дәрежесі
4. Бауырдың ауыр аурулары
5.сүт безінің қатерлі ісігі
6.вагинальді қан кету
7.айқын гиперлипопротеинемия
8.қант диабеті ретинопатиямен
9.жүктілік
10.емізу кезінде




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет