80.Факультативті және облигатты ісік алды аурулары. Қауіп факторлары Жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы.
Ісік алды немесе рак алды аурулар деп қатерлі түзілістірге алып келетін тіндердің туа немесе жүре пайда болған өзгерістерін айтады. Рак алды ауруларға көптеген ағздағы жағдайлар жатады: қабынулық, дисгормоналды, дистрофиялық себепті тіндердің арнамалы емес өзгерістері, қатерсіз, ісіктер, даму ақаулары, жастық өзгерістер. Жасушаның барлық өзгерістері және солардан пайда болатын құрылымдар ізашар клеткалардың дифференцировкасының бұзылуымен байланысты.
Облигатты рак алды ауру, негізінен генетикалық немесе туа біткен факторлар әсерінен пайда болып, ерте немесе кеш рак ауруына айналады.
Факультативті рак алды ауру, қатерлі түзіліске салыстырмалы түрде сирек айналады. Факультативті рак алды ауру жиі тұқымқуалаушылық және туа пайда болған тіндердің өзгерістерімен байланысты емес. Факультативті рак алды жағдай ұзақ болғанына байланысты, қатерлі ісік даму ықтималдығы жоғары болады.
Терінінің облигатты рак алды аурулары
Пигментті ксеродерма – ДНҚ репарациясының ақауы нәтижесінде дамитын тұқымқуалаушылық фотодерматоз. Пигментті ксеродерма ерте балалық жаста пайда болып және күн сәулесінің алғашқы әсерінде көрініс береді. Бет терісі қызыл және ісіңкі болады. Біраз уақыттан соң эритема толығымен бетке және дененің ашық жерлеріне таралған дөңгелек пигментацияланған дақтарға ауысады. Осы уақытта тері құрғап, эластикалығын жоғалтады. Әрі қарай теріде ақшыл түсті атрофия ошақтары пайда болады. Біртіндеп нәзік, атрофияланған теріде жаралар, гиперкератоздар және сүйелдер туындайды. Пигментті ксеродерманың малигнизациясының профилактикасы: терінің ашық жерлеріне қамтитын, күннен сақтаушы жақпа майлар
Боуэн ауруы, сұрғылт-қанды қабықпен қапталған, көбінесе жекелеген, сирек топталған тегіс, дұрысы емес немесе дөңгелек пішінді зақымдалу ошақтарының баяу дамуымен сипатталады. Өзіне тән ерекешелігі –зақымдалу ошағының шеткеріден біркелкі емес өсуі, оның алуан түрлілігі эрозия аймақтарының алмасып келуімен, беткей атрофиямен, гиперкератоз ошақтары және аймақ шеттерінің сәл көтеріңкілуіне байланысты. Аурудың 2 формасы: біріншісі инсоляцияға ұшыраған ашық аймақтарда пайда болады, екіншісі – терінің жабық жерлерінде дамиды. Бір белігінің айқын басым болуына байланысты ауруды экзематәрізді, гиперкератозды және сүйелдік формаларын ажыратады. Ошақтар жиі денеде, қолдарда, шатаралық және сыртқы жыныс мүшелер аймағында орналасады. Емі: теріде кішкене ошақтарда –криодеструкция, проспидия хлорилпен (30%) жағынды апликациясы. Тері қатпарларындағы кшікене ошақтарды жиі хирургиялық жолмен немесе көмірқышқылды лазерь көмегімен жояды.
Педжет ауруы апокринді тер бездері бар кез-келген тері аймағында дамуы мүмкін (қолтықта, шап қатпарында, шатаралықта, вудьвада, ердің жыныс мүшелерінде және т.б.). Жиі сүт безінің емізік аймағында дамиды. Неғұрлым жиі егде және қарттық жаста. Педжет ауруының барлық формасында жалпақ клеткалы ракка айналуы мен инвазивті өсу қаупі жоғары. Зақымдалу ошағы негізінде қыртысты қабықпен мацерирленген бетімен, тегіс емес кескінге ие болып келеді. Жалпақ клеткалы ракқа айналуы. Емі жалпақ клеткалы ракқа сәйкес. Бәрінен жиі – комбинирленген терапия – цитостатикалық препараттар (блеомицин, проспидия хроиді) және сәулелік терапиямен кең хирургиялық тілу. Бастапқы сатыларда проспидия хориді және демеколцинмен жағынды апликация, сонымен қатар лазерлік терапия немесе криодеструкция.
Кейра эритроплазиясы жиі ер адамның жыныс мүшелерінің басында, сирек үрпіде орналасады. Негізінен піштірілмеген ер адамдар ауырады. Кейра ауруында зақымдалу ошақтарының шеттері айқын, ашық-қызыл немесе айқын қызғылт-күрең түсті, жылтыр немесе бархатты беткейлі болып келеді. Жалпақ клеткалы ракқа трансформациясы. Емі патологиялық процесстің орналасуына, оның көлеміне, инфильтрация айқындылығына және өрнектер болуына байланысты. Үрпінің зақымдалуында – піштіру. Жыныс мүшесінің басындағы кішкене көлемді ошақтарда – жергілікті анестезиямен криодеструкция. Күнделікті 3 апта бойы проспид хлориді жағындысымен апликация әсері береді.
Дюбрей меланозы(лентиго, ескі лентиго, Хатчинсон меланотикалық сепкілі) – орта және егде жастағы адамдар терісіндегі өзіндік пигментация аймақтары. Лентиго невус сияқты іштің төменгі бөлігінде, бөксе аймағында, табанда секілді дененің әр түріл аймағында емес, ол дененің ашық жерлерінде – бет, мойын, қол басында орналасады.Бас пен мойында пайда болатын лентиго үлкен ауданға ие (2-3 см диаметрде) және түсі айқын емес. Дене мен қол аяқта дамитын лентиго, кішілеу көлеммен (0,5-1,5см) және айқындау қаралау түспен ерекшеленеді. Лентигоның ерекеше белгілеріне түсінің біркелкі еместігі (пигментациясы) және шетінің тегіс болмауы (географиялық карта типі бойынша) жатады. Меланомаға айналуы.
Профилактика. Тері меланомасы және рақ даму қаупі жоғары тұлғаларды анықтау қажет. Қауіп тобына ұсынады: Күнде болуды шектеу, күннен қорғайтын жақпалар, пигментті дақтардың жарақатын болдырмау, зақымға бейім(киім қажауы, аяқ киім) невустар жою, тобық, табан және тырнақтағы невустарды мұқият бақылау, кәсіби қауіпті жою, рак алды ауруларды уақытында емдеу.
Терінің факультативті рак алды аурулары
Факультативті рак алды ауру ағзаның ішкі және сыртқы жағымсыз факторлардың сәйкес келуінде ракқа өтіп кетуі мүмкін. Факультативті рак алды ауруына жатады:
Қарттық (күндік, актиниялық) кератоз
Терініңмүйізгегі
Кератоакантома
Қарттық (себорейлі) кератома
Кеш сәулелік жаралар
Трофикалық жаралар
Мышьяк тәрізді кератоз
Тыртықтар
Туберкулез, жүйелі қызыл жегі, сифилис кезінлегі терінің зақымдалуы
Қарттық (күндік, актиниялық) кератозжиі 50 жастан асқан ер адамдарда терінің ашық жерлерінде кездеседі. Өзгерістер қабыршақтанған сары-қоңыр түсті қабыршақтардың жинағы, дөңгелек пішінді, диаметрі 1 см артық емес болып көрінеді. Қабыршақтар терімен жабысқасын, оларды жою қиынлау, ауырсынумен. Қатерлі жалпақ клеткалы ракқа ауысуы туралы зақымдалу ошағында қышыну, ауырсыну, ифильтрация, өрнек және қан кетудің пайда болуы ақпарат береді.
Терінің мүйізгегі терілік кератоздың бір варианты ретінде қарастырылады. Жарақатқа жиі ұшырайтын тері орнында жиі дамиды. Тығыз цилндр немесе конус тәрізді, терінің бетіне шығып тұратын, сары-қоңыр немесе сұрғылт түсті, астындағы терімен тығыз байланысқан түзіліс. 4-5 см дейін ұзындықта болуы мүмкін, баяу өсуімен сипатталады. Малигнизация кезінде терігің мүйізгегі негізі аймағында қызару, тығыздалу және ауырсу пайда болады.
Қарттық (себорейлі) кератома – бұл егде және қарттық жастағы адамдарда жиі кездесетін эпителиальды ісік. Терінің жабық жерлерінде орналасады. Зақымдану ошақтары көптеген, баяу өседі, 1-2см диаметрге жетеді. Қарттық кератома тегіс немесе бұдырлы, овальды немесе дөңгелек пішінді, айқын шеттері бар, қоңыр немесе сұрғылт-қара түсті табақша. Табақшаның беті деңіл алынатын май қыртысымен, қапталған, ұсақ бұдырлы, себебі мүйзгек кисталары бар(бітелген түк фолликулалары). Қарттық кератоманың малигнизациясы сирек болады. Малигнизация үшін бетінде эрозияның пайда болуы және негізінің тығыздалуы тән.
Достарыңызбен бөлісу: |